Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту.
Б. Момышұлы
Қазақ тілі сәби кезінен
«Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде»
Н.Назарбаев
Осы қорытынды мемлекеттік мәртебеге ие болған қазақ тілінің жақындағы болашағын айқындайтын, тілдің қоғамдық өміріміздегі барлық облыстарда кеңінен қолданылуына ие бола алмаған және ағымдағы жағдайын көрсетеді.
Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Алайда, Қазақстанда мемлекеттік тілді ендіру және дамыту сұрағы әлі күнге дейін толық шешілген жоқ. Дәлірек айтсақ, бұл уақыт жағдайы. Егер ХХ ғасырдың басында атақты ақын Абай Құнанбайұлы орыс тілін оқуды насихаттаса, енді қазір қазақ тілін оқитын кезек келді.
Қазақстан Республикасындағы оқыту және мектеп алды мемлекеттік стандарт балаларды үш жастан бастап қазақ тілін оқытуды қарастырады. Мұндай бастаманың мақсатқа лайықтылығы – келесі деңгейлерге қарағанда әрі жеңіл әрі жылдам дағдыланады, бала дамуының осы кезеңінде тану процессінің қалыптасуы негізделеді. Тілді жетік меңгеруге психологиялық ерекшеліктер өз әсерін тигізеді, бұл мектеп алды балаларға қатысты: жоғарғы қабылдау мүшесі мен белсенді зейін.
Мектепке дейінгі жастағы балалардың үлкен потенциалдық мүмкіндіктері - мектепалды даярлықта тілге деген қоғам талаптарының өсуі, сонымен бірге балаларды қазақ тіліне оқытуда әдістемелік бағдарлама материалдарының және әдістемелік қамтамасыздықтың жоқтығы.
Балабақша балаларын мемлекеттік тілге үйретудің мақсаты – баланы қарапайым қазақ тілінде қатынас жасауға үйрету, қазақ халқы мәдениетінің қайнары болып табылады.
Тілді ерте зерделей бастаған тіпті жақсы. Бала бақшадан бастаған өте жөн. Балаларға қазақ тілін оқытуда біздің бақшамыздың тәрбиешілері және педогогтардың еңбектері зор. Бала бақшаның орыс тілінде оқытылатын және тәрбиеленетін, жаңа ғана сөйлеу тілі қалыптасып келе жатқаны бақыланатын кішкентай бүлдіршіндердің қазақ тілінде жаңа сөздерді айтуы айналадағыларды қуантады. Өйткені, қазақ тілін үйренудегі бастапқы дағдылардың қалыптасуы бала бақшадан басталады.
Сөйлеу мүмкіндіктерін есепке алып, әр сабаққа лайықты сөйлеу үлгілерін құрастырамыз және жаңа ойын жағдаяттарын құру мен күнделікті тілдік қатынас жағдаяттарын құрастыру арқылы белсенді сөздікке енгіземіз.
Ауыз екі сөйлеудің фонетикалық, лексикалық және грамматикалық жағында біз шағын түрдегі фольклор материалдарын пайдаланамыз: өлеңдер, жаңылтпаштар, жұмбақатар. Арнайы өнделген артикуляциялық жаттығулар арқылы дұрыс айтуларын орнату үшін курс бойы пропедевтикалық жұмыс жүргізіледі.
