Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балаларға қандай ойыншықтар қажет?
Балаларға қандай ойыншықтар қажет?

Балаларға қандай ойыншықтар қажет?

            Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес№ олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді. Ойыншықтардың міндетті түрде қымбат және бай қуыршақ, машина болуы қажет емес. Кейбіреуде анасынан қалған қонжық, перделерден тігілген киімдері көп қуыршақ болуы мүмкін. Көптеген сансыз ойыншықтар ішінен тек қана бала өзіне қажеттісін таңдап ала алады. Бұл таңдау үлкендердің достар мен сүйіктілерін таңдау сияқты, ішкі эмоция қозғауыштарымен шарттасады.

            Әр баланың сырласатын, ұрсатын, жаза қолданатын, аяп, аймалайтын ойыншығы болуы керек. Ондай ойыншық ата-ана бір жерге кеткенде, жарық сөніп ұйықтау кезіндегі қараңғыдан қорқу сияқты жалғыздық қорқынышын ойыншық – досы жеңуге көмектеседі. Кейде ол ойыншықтарға ызаланады, жазалайды, сындырып көрінбейтін бұрыштарға тығып тастайды, бірақ ренжіген кездерінде естеріне алып, жөндейді, өшіріліп қалған көзін, ернен қайтадан жаңартады, жаңа киімдер, құлағын, құйрығын тігеді.

            Ал робот – трансформерге, «Денди» ойыншығына бала қатынасы соншалықты болады деуге сену қиын. Кішкентай ұлдар мен қыздар жандарына жақын Барби, қонжық, мысық, қоянды өздеріне дос ретінде қабылдайды, өйткені олар адамдарға жақын және түсінікті.

Дегенмен, баланың таным, ойлау қабілеті, өрісі дамуы үшін, үлкендерге еліктеу, ертегі оқиғаларын қайталау үшін өзіндік ойыншықтар жиынтығы болуы керек.

Өмірге байланысты ойыншықтар.

            Қуыршақтар отбасы (жануарлар отбасы болуыда мүмкін), қуыршақ үйі, ыдыс-аяқ, жиһаз, машиналар, қайық, касса, таразы, медициналық және шаштарас құралдары, сағат, кір жуу машинасы, шторлар, теледидар, бор және тақта, есеп, музыкалық құралдар, темір жолдар, телефон және т.б.

            Ашуды шығаруға көмектесетін ойыншықтар. Солдаттар, қарулар, доптар, үрленетін ойыншықтар, секіртпелер, кегли, сонымен қатар лақтыратын дротиктер және т.б.

            Шығармашылық қиялды және өзін танытуды дамыту ойыншықтары.

            Текше, матрешка, пирамида, конструкторлар, әліпбилер, үстел ойындары, кеспе суреттер мен открыткалар, бояулар, пластилиндер, мозайка, қол еңбегі жинағы, жіптер, мата қиындылары, желім, аппликация қағаздары және т.б.

            Ойыншық сатып аларда мына тәртіпті қолданыңыз: ойыншықтарды жинау емес, таңдау керек.

            Үлкендердің елестетуіндегі ойыншықтар балалар пікірі бойынша ештеңеге жарамсыз. Автоматты және жартылай автоматты жиналған эмоционалдық талабын қанағаттандырмайды. Балаға мінезге тән өңдейтін, жөндейтін ойыншықтар қажет. Ол үшін автоматты ойыншықтар жарамсыз.

            «Өмір бойы ойыншық ойнау мүмкін емес» дейтін нақыл бар. Бұл шындық, бірақ үлкендер де кейде күлкілі сувенирлер сыйға алғанда да мәз болатынына келісетін шығарсыздар. Өз балаларыңызға тек қана туған күдерінде және жаңа жылда ғана емес, сонымен қатар жақсы көңіл күйде болғанда да шаттық сыйлаңыздар!