Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Агрессивті бала
Агрессивті бала

Агрессивті бала

Қатыгез, агрессивті, төбелесқор және сотқар бала – ата –ананың үлкен уайымы, балалар ұжымының қолайлы болуының қауіпі,  алаң «қатері», дегенменде ол  бақытсыз жан, өйткені оны ешкім түсінбейді, аямайды және аяламайды.  Бала агрессивтілігі – ішкі эмоционалдық жайсыздық белгісі, жағымсыз уайым кешені, психологиялық қорғаныстың барабар емес түрлерінің бірі.

Ондай балалар  итеру, ұру, сындыру, шымшудың кез – келген мүмкіндігін пайдаланады. Олардың тәртібі арандатқыштық сипатта болады.  Өздеріне агрессивті қатынасты тудыру үшін , олар аналарын, тәрбиешілерді, қатарластарын ашуландыруға тырысады. Үлкендер ашуланғанша, ал қатарластары төбелеске ұмтылмайынша, олар  тоқтамайды, ашуландыруға тырысады.  Мысалға, ондай қылықты бала, анасын салмақты қалыптан шығарып, шапалақ жемейінше, қасақана асықпай киінеді, қол жуудан бас тартады, ойыншықтарын жинамайды. Сонан соң ол жылайды, бірақ анасынын аялауынан кейін салмақтылық танытады.  Өзіне назар аудартудың қызық амалы емес пе ? Алайда бұл баланың іште жиналған   психоэмоционалдық шиеленісті шығарудың жалғыз тетігі болып табылады.   

Біздің қазіргі өмірімізде өкінішке қарай қатігездікті, шарасыздықты, қолайсыз уайымдарды болдыратын жағдайлар көп болып отыр. Балалар өз айналасындағы адамдардың көңіл – күйін  айқын танып біледі. Сондықтан да ата – аналар  баланың көзінше келеңсіз жағдайларды талқылау, апат және кісі өлімі жөнінде фильм көріп, басқалардың іс – әрекетіне өшпенділік таныту қажет емес. Жоғарыда айтылған көңіл толмау, наразылық балаға көрсететін жақсы үлгі емес және өскенде бумеранг болып балаңыздың орындауында болып қалуы ықтимал екенін ұмытпайық.  Үлкендер балаларының өз әрекеттерін қайталауына, қарсылық көрсету позициясында және өзін қоршаған адамдар мен жағдайларды қабылдамайтынына таң қалмау керек.  Егерде сіз, сіздің балаңыз қатігездікке бейім, мазақтағыш, төбелесқор және жануарларға аяушылықпен қарамаса, алдымен сіз өзіңізге төмендегідей сауалдар қойыңыз:

-         Бұл қай кезде басталды?

-         Агрессивтікті қалай танытады?

-         Қандай жағдайларда агрессивті болады?

-         Агрессивтіктің себебі не?

-         Бала тәртібінде не өзгерді?

-         Балаға не қажет?

-         Сіз оған қалай көмектесе аласыз?

Агрессивтіктің себебі үнемі сыртқы болып келеді: отбасылық қолайсыздық, қалағаны болмау, қалау мен мүмкіншілік арасындағы айырмашылық. Сондықтан да бала агрессиясының себебін білу үшін, ішкі отбасы жағдайына сараптама жасаудан бастау керек.  Бұл мәселені шешудің бастапқы қадамы болып табылады.

Балаңыздан агрессивтік тәртіп нышанын аңғарсаңыз, баламен  төмендегі ойындарды ойнаңыз. Бұл ойынды отбасы ішінде немесе туыстар (аға, әпке) немесе балаңыздың достары қатысуымен де ойнауға болады.

Ең бастысы – өзіңіз ойында шынайылық танытыңыз, беріліп ойнау керек, сол уақытта бала  сіздің шынайлығыңызды бағалайды және сезеді.

"Шаңды шығару"

(4 жастан бастап)

Әр қатынасушыға «шаң жастық» беріледі. Ол оны қолымен соғу арқылы шаңнан тазартуы керек.

"ТЫНЫШТЫҚ  ЖӘНЕ «РҰҚСАТ» САҒАТЫ"

(4 жастан бастап)

Сіз шаршаған кезде демалғыңыз келетін сағаттарда  үйде тыныштық сағаты болатынын баламен келісіп алу. Осы сағатта бала тыныш ойнап, сурет салып немесе құрастыруы керек. Бірақ сіздерде «рұқсат» сағаты болады, ол уақытта балаға жүгіруге, айғайлауға, секіруге, ата – ана құралдарын алуға және оларға қалауынша асылуға рұқсат етіледі. 

Ескертпе:"Сағаттарды" кезектестіруге, әр түрлі күні өткізуге болады, ол отбасы үшін әдетті нәрсе болуы керек.

"ҚҰЛАП БАРА ЖАТҚАН МҰНАРА"

(5 жастан бастап)

Жастықтан биік мұнара жасалады. Әр қатынасушы мұнараны шабуыл жасап  жеңіп алып, төмендегідей жеңіс сөздерін айту керек:

 "А-а-а", "Алақай!" және т.б. Мұнараның қабырғасын бұзбай биіктікке шыққан ойыншы жеңімпаз атанады.  

Ескертпе:

· Әр ойыншы өзі жеңіп шығатындай мұнараны биік қылып істей алады.

· Әр шабуылдан кейін «жанкүйерлер» « Жарайсың!» , «Тамаша!», «Жеңіс!»  және т.б. қолдау және таңдану сөздерін айтып отырады.