Отбасылық тәрбие – бала денсаулығын қалыптастырудың негізі.
Дұрыс тәрбиелеу – бала денсаулығын қалыптастыруды құрайтын маңыздылардың бірі. Баланың физикалық денсаулығымен қоса, дұрыс тамақтану және санитарно – гигиеналық дағдыларды ұстану, отбасындағы психологиялық қарым – қатынас өте маңызды: ата –аналар мен балалар бір – біріне ықпал етеді.
Осы қарым – қатынас арқылыбізді адам ететін құндылықтардың берілуі іске асады: уайымдау, сүю, өзін және басқа адамды түсіну, өзінің қияңқы импульстерін бақылай алу және өзіне, қоршаған ортаға зиян келтірмеу, қойылған мақсаттарға жету және өзінің және өзгенің өмірін құрметтеу.
Осы рухани құндылықтар үлкендер мен балалар өміріндегі жағдайларды бірге уайымдау, оның мағынасын түсіну, ең алдымен отбасы жағдайында көрінуі мүмкін. Рухани жылылық және ата – аналардың ақ көңілділігі, сондай –ақ олардың бір қалыпты бақылауы балаларға жағымды ықпал етеді.
Отбасы тәрбиесімен айналысатын мамандар отбасы тәрбиесінің бірнеше түрін анықтайды, оларды қолдану жағымсыз салдарға жиі әкеліп соқпайды:
- Эмоциональды жиіркену(балалық шағында ата – ана махаббатынан айырылған аналарда, егер баланы қаламаған болса, ата – аналардың ішімдікке бейім болғанда);
- Гипоопека(эмоциональды жиіркенумен байланысты болуы мүмкін) Ананың өштесуі ашық немесе жасырын (ана уақытынан емшектен айырады, өте ерте жұмысқа шығады немесе басқа). Гипоопека нұсқасы - перфекционизм,балаға үнемі сен ол емессін деп айту(мысалға, қыз балаға – егер сен ұл болсаң, басқаша болар еді). Бала өзің кінәлі сезіне бастайды.
- Гипопротекция– бұл тәрбиенің кемшілігі, оның ішінде жасырын. Баланы тамақтандыруды, жуындыруды, киіндіруді ұмытып кетеді. Балада өзінің бұрышы, кітаптары, ойыншықтары және т.б. жоқ болуы.
- Гиперопека–ата – аналардың шектен тыс қамқоры, әсіресе әке жағынан.
- Отбасындағы қайшылықты тәрбие. Бұлбалада қулық, айлакерліктің дамуына әкеліп соғады. «Тәрбие үлгілерінің ауысуы» термині бар.
- Балаға деген қатал қатынас.
