Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балабақшадағы Мейірімділік сабақтары
Балабақшадағы Мейірімділік сабақтары

Балабақшадағы Мейірімділік сабақтары

Мектепке дейінгі білім беру мекемесінің педагогы өз тәрбиеленушілеріне ең бастысы қоршағандарға деген дұрыс қарым-қатынас пен ықыласын сіңіру қажет.Тәрбеші баланы шыдамды әрі көмекке дайын болуды үйретеді. Басқаша айтқанда, мейірімділіктің алғашқы сабақтарын меңгертеді.Адамның бойындағы дәл осы қасиет әр заманда жоғары бағаланды.Әсіресе, қазіргі таңда адам баласына қажет қасиет.

Ойланыңыз, сіздің балаңыз мінсіз. Бірнеше музыкалық аспапта ойнайды, өлең жазады, спортта жетістікке жеткен, алайда балаңызға қайырымдылық пен жанашырлық ұғымдары жат. Демек, бала тәрбиесінде тыс қалған дүниелер баршылық.

Негізі «мейірімділік» ұғымы әр қилы. Мейірімділіктің мәнісі – басқаның қайғысына ортақ болу, біреуге жан ашу. Жаңа заман балаларында бұл қасиет бар ма деп бір рет болсын ойландыңыз ба? Бар, бірақ көбінде емес. Мүмкін балақайлардың әр түрлі отбасыларда тәрбиеленетіндіктен болар, өйткені әр үйдің сыры басқа. Баланың барынша мейірімді болуы ең алдымен отбасыға тікелей байланысты. Отбасы мүшелері өздері жүрекжарды болу қажет.Бұл мәселе мектепке дейінгі жаста балабақша мен отбасының тығыз байланысы арқылы да шешімін таба алады.

Менің тобымның жұмысы осы бағалы қасиетті тәрбиелеуге мақсатталған. Тәрбиелеу процесін құрғанда әр педагог өз тәжірибесін барынша қолданып, сабақтарына жаңалық енгізуге тырысады.Біздің балабақшада өз жұмысын әріптестерімен бөлісетін жақсы тәжірибеміз бар. Бұл біздің ортақ жұмысымыз – мейірімді бала тәрбиелеуге көмектеседі.

Балада өзгеге ортақтасу қабілетін тәрбиелеу оңай іс емес.Бұл педагогтың ұзақ әрі тынбас еңбегін талап етеді.Бұл бағыттағы жұмыс түрі балабақшаағы барлық білім беру мерзімі периодында жалғасады.Тәрбиеші әрдайым тәрбиеленушіні басқа баланың жан дүниесіне үңілтіп, «өзгелерді ренжітпе», «біреу жыласа, оны жұбат» дегендей өзгеге назар аудартады.Біздер де бала күнімізде бұл сөздерді жиі еститінбіз.Бұл ережелер біздің тәрбиеміздің негізіне айналды, сондықтан балаларымызға да осыны үйретуіміз керек.

Танып білуге қызығушылық сөнбес үшін бала тәрбиесіндегі ойын сәті аса маңызды.Осыны ескере отыра, педагогтар қауымы әңгіме жүргізіп, ақындардың жақсылық пен жамандық жайлы өлеңдерімен таныстырамыз. Танымдық сабақтарда «Жамандықты жақсылықпен жең», «Жақсы істер жасауды үйрен», «Жолдасыңды құрметте» т.б. арқылы адамгершілік қасиеттерді бекітеміз.Тәжірибе көрсеткендей, жақсы нәтиже алу үшін осындай сабақтар жиі әрі сапалы өткізілу керек.

Мейірімді бала тәрбиелеудегі педагогтың бірінші әрі негізгі ережесі: бала мінезінде қалыптасқан не қалыптаса бастаған  жақсыға сүйене отыра, аталмыш қасиетті тек мейірімділікпен тәрбиелеу.

Балаларға арналған әдемі суреттерге толы кітаптарды оқып, ондағы кейіпкердің мінезі мен іс-әрекетіне баланың назарын аударту, бұл жайлы баланың пікірін тыңдау – бірден-бір көмек. Баланың қандай ой түйіп, қандай қорытынды жасағанын білу өте маңызды.Тәжірибеге сүйенсек, мұндай сабақтар тұлғаның маңызды қасиетін қалыптастыруға ықпал етеді.Өсіп келе жатқан баланың бойында адамгершілік қасиетерді қалыптастыру тек балабақша қызметкерлерінің міндеті деген кейбір ата-аналардың ойы дұрыс емес. Бұл күрделі процесс – педагогтар мен отбасы мүшелерінің біріккен жұмысы. Тек бірлесіп айтарлықтай нәтижеге жетуге болады.