Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Табиғат ананы аялайық!
Табиғат ананы аялайық!

Табиғат ананы аялайық!

Адамдардың өздері өмір сүретін қоршаған ортаға неліктен  немқұрайлы қарайтынына жиі толғанам. Қазіргі өмір ағымында  бұл жайлы ойлануға уақыт жоқ дерміз, дегенмен табиғатқа деген немқұрайлы көзқарас жақсылыққа әкелмейді. Болашақ ұрпаққа бізден кейін не қалмақ? Экологтар дабыл қағуда!

Гүлдері құлпырған алаң, сарқыраған мөлдір бұлақ, өзен, көлдер, тізілген ақ қайыңдар табиғаттың нағыз ғажайыптары деп түсіндірем мен.Неткен керемет!Өзімнің тәрбиеленушілеріммен әрдайым осы жайлы сөйлесемін.2014 жылы олар 1-сыныпқа қадам басады.Мектепке қандай біліммен барады.Біздің сабақтарымыз бен саяхаттарымыздан не алады?

Қоршаған ортамен танысу, экология сабақтары – менің ең сүйікті тақырыптарым болып табылады. Бұл сабақтардың мақсаты –ең алдымен балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, бейнелеу арқылы қоршаған орта сұлулығын аша білу, тіршілік иелеріне деген қамқорлық сезімін тәрбиелеу, бақылау нәтижелерін сараптау,табиғат заңдылықтары мен табиғаттағы өзара байланыс жайлы  өздігінше қорытынды жасауға үйрету.

Ең бастысы, аталмыш мақсаттар сюжетті-рөлдік, дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады.Өз тәжірибеме сүйенсем, осындай қызықты ойындар арқылы балалардың бойында қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік, жанашырлық сезімдері қалыптасады.

Тәрбиеленушілерімнің өлең шумақтарымен берілген тапсырманы тез әрі тереңінен меңгеретіндерін ескере отырып, өзімнің «поэтикалық» мүмкіндіктерімді пайдаланып, материалды өлең түрінде түсіндіруге тырысамын.

Өсімдіктер туралы сабақта:

Құлпырады қызыл гүлдер

Сен оны бірақ жұлма.

Алақанда солып қалар

Қара дағы, содан ойлан!

Сөздерімнің тәрбиеленушілеріме  жетіп, олардың назарын аудартатынын көремін. Адам баласы құлпырған әсем гүлді жұлғанда жер бетінен жойылып бара жатқан өсімдікті құртқанын түсінбесе керек, онсыз да 25 мыңға жуық өсімдіктер сирек кездесетін немесе мүлдем жойылу қауіп-қатерінде тұр. Сіз жинаған гүл шоқтары да үйіңіздегі құмыраға жетпей солып қалар, ендеше, орман мен дала сұлулығын жоюдың  қажеті неде?

Өлең шумақтарынан кейін балалар әрдайым өткізген жаз мезгіліндегі әсерлерімен бөліседі. Орманға, тоғайға, саябаққа шыққан саяхаттарын, түстер мен хош иістің, дыбыстардың алуан түрлігіне толы демалыстарды еске алады.Қалың шөптің арасында жасырылып өрмекші, көбелек, шегіртке, ұлу сияқты тіршілік иелерін бақылауға болады.Тек бақылауға ғана, бөгет жасауға емес!

Сабақ барысында алған білімдерін бекіту мақсатында сабақ танымдық ойынға көшеді.Табиғатта барлығы бір-бірімен байланысты, жәндіктер жоғалса құстар да болмайды.Табиғаттың берер байлығы мол.

Табиғат аясында алау жандырғанда ағаштар мен бұталар зиян шегетінін балалар өте жақсы біледі. Одан да жапырақтары сылдырлап, біздерді қуанта берсін. Алауды тұтату үшін құрғаған орман жаңғақтары мен кепкен шыбықтар жеткілікті. Міндетті түрде отты сөндіріп кетуді ұмытпау керек.

Ағаштарды сен кеспе,

Бұталарды сындырма,

Демалуға келерсің,

Көлеңкені іздерсің.

Өзен, көл, бұлақ – өмірдің қайнар көзі. Сусыз тіршілік жоқ. Су қоймаларын ластамау керек

Нұр шуағын төккен күн

Сылдырлап аққан бұлақтар

Бұлбұл құстар сайраған

Осының біл қадірін!

Табиғат-анамызға, нұрын төккен күнге, ну орманға бізге сыйлаған жылулық, қуаныш, қонақжайлық үшін мың алғыс айтыңдар, сонда ғана сіздің және балаңыздың жүрегінде табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі пайда болады.Өйткені, табиғатты сүю және оны қорғау – біздің ортақ ісіміз.