Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Баланың ақыл – ой дамуындағы ойынның алатын орны.
Баланың ақыл – ой дамуындағы ойынның алатын орны.

Тақырыбы: Баланың ақыл – ой дамуындағы ойынның алатын орны.

 

“Ойынсыз толық ой-өрісінің дамуы жоқ және болуы мүмкін емес. Ойын – бұл өте үлкен жарық тезе, сол арқылы балаланың рухани дүниесіне түсініктердің енуі. Ойынсыз толық ақыл  –ой дамуының болуы мүмкін емес. Ойын –бұл үлкен жарық терезе, сол арқылы баланың мәдени әлеміне ұғымдар мен түсініктер легі енеді. Ойын – еңбексүйгіштік пен ынталылықты жағатын сәуле. ”

        В.А. Сухомлинский.

 Мектепке дейінгі жаста кішкентай баланың өмірінде ойын маңызды орын алады. Балаларда ойын қажеттілігі мектептегі бірінші жылдары да сақталады және маңызды орын алады. Ойында шынайы өмір көріністері, уақытпен, аумақтан көрсетілмейді. Балалар – бүгінгі мен келешекті құрушылар. Ойынның кереметтілігі осында. Әр қоғам дамуының кезеңіне балалар халықпен бірге өмір сүреді. Бірақ та қоршаған орта балаға басқаша көрінеді, үлкендерге қарағанда. Бала – «Жаңашыл», ол үшін бәрі жаңалыққа толы.  

Ойында балаға үлкендерге бұрыннан таныс жайларды жаңалық ретінде көрсетеді. Балалар ойында ойнаудан басқа өзгеше ойларды ойламайды.

“Ойын, бұл өсіп келе жатқан бала ағзасының қажеттілігі.О      йында баланың физикалық күші дамиды, қолы қатаяды, көзі өткір, жинақылық, тапқырлық, қасиеттері дамиды»-, деп танымал кеңес педагогі Н.К.Крупская жазған. Ол сонымен қатар ойын кезінде әсерлермен, көріністердің кеңею, балалардың өмірге енуі, ойынның шындықпен, өмірмен байланысын көрсетті.

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін ойын маңызды орын алады: ойын олар үшін – сабақ, ойын олар үшін – еңбек, ойын олар үшін – тәрбиелеудің қатал түрі. Ойын мектеп жасына дейінгі балалар үшін – қоршаған ортаны танудың тәсілі.

Мектептегі балалардың ойынға деген қажеттілігі мен ойынауға деген тілектерін белгілі бір білім тапсырмаларын шешу мақсатына қарай бағыттау керек. Ойын егерде толық педаогогикалық үрдіске қосылатын болса, онда ол тәрбиелеу құралы болып табылады. Ойын арқылы, ойынды балалар өмірінде ұйымдастыра отыра тәрбиеші бала тұлғасының жан –жақты дамуына әсер етеді: сезіміне, танымына, еркіне және тәртібіне толықтай.

Ойын барысында бала жаңа білім, білік, дағдыны меңгереді. Қабылдау, назар, ес, ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналаған ойындар толықтай мектепке дейінгі жастағы баланың ақыл  ой-өрісінің дамуына бағытталған. Ақыл ой-өрісін тәрбиелеу және интеллекті дамытуда математика ерекше орын алады. Қазіргі таңда, компьютер кезеңінде  «Әр адам математик бола алмайды» деген ұғым, көзқарас ескірді.  

Бүгін, ал келешекте тіптен математика әр түрлі мамандық иелерінің көп бөлігіне қажет болады. Математикада балаларды ерте жастан оқыту үрдісінде  ойлауын дамыту үшін  үлкен мүмкіндіктер еңгізілген.