Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Қоштасқанда бала қатты жылайды
Қоштасқанда бала қатты жылайды

Қоштасқанда бала қатты жылайды

Сіз жаңа тұрып жатсыз, ал балаңыз балабақшаға бармаймын деп бастайды. Сіз үйден шығуға дайынсыз, ал балаңыз жерде домалап, шыңғырып жылап жатыр. Не істеулеріңізді білмейсіз, шыдамыңыз таусылды. Жылап жатқан баланы көтеріп алып, балабақшаға жүгіріп келесіз. Баланы әрен шешіндіресіз бала әлі де жылап, сізден айырылмайды. Тәрбиеші әрен дегенде баланы сізден айырып алып топқа кіргізеді. Сіз балабақшаның есігін жауып, өтіп жатып, балам әлі де жылап жатқан шығар деп, терезеге қарайсыз. Не көресіз? Балаңыз жастарын сүртіп түк болмаған сияқты басқа балалармен ойнап кетті.

Проблеманың мәні.

Осындай баланың  балабақшаға бейімделу сценариі жиі кездеседі. Кейбір балаларға білмейтін жерге келіп қоштасуы өте ауыр болады. Оған сіздің көмегіңіз өте қажет!

Шешу жолдары.

Осындай баланы анасы емес әкесі, не басқа жақын адам әкелуі дұрыс. Мүмкін сонда қоштасу балаға ауыр тимейді. Әкесінің айтқанын бала басқаша қабылдайды.

Егерде сізден басқа баланы балабақшаға апаратын ешкім болмаса, онда балабақшаға дейін жолды қызықты қылу керек, міндетті түрде үйге келгенде балаңызды мадақтаңыз. Күні қалай өткенін асықпай сұрастырып әңгімелесіңіз, қалай сағынғаныңызды айтыңыз, балабақшадағы тәртібі үшін мақтаңыз.

Тағы бір кеңес.

Балабақшаға баратын жолмен демалыс күндерінде де қыдырып жүру қажет. Бірақта жүргенде тек қана жақсы көңілді эмоцияңызды көрсетіңіз. Өз өзіңізге сенімді болыңыз. Егерде, балабақшаға жақындаған сайын баланың жылағанынан қорықсаңыз, сіздің қорыққаныңыз балаға да беріледі. Өзіңіз үшін нақты шешіп алуыңыз керек: балабақша сіздерге керек пе? Егерде керек деп шешесеңіз, онда өз өзіңізге сенімді болып, шешіміңіздің дұрыстығында еш күмәніңіз болмасын.

Мақаланы даярлаған балабақша басшысы: О.А. Рысай