Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде меңгерту
Қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде меңгерту

Қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде меңгерту

 

Уақыт тез өте шығады. Біздің бүгінгі сәбилер –ертеңгі ел иесі. Сондықтан да кішкентай Қазақстан Республикасының азаматтарын бүгіннен тәрбиелу қажет.Барлық қоғамда азаматтылықпен патриоттық сезімді тәрбиелеудегі негізгі фактор болып өз елінің тіліне деген терең құрметі болып табылады. Тілді бала қалай ерте меңгере бастаса, соншалықты тез игереді.Бүгінгі күнде ешкімге мемлекеттік тілді білу керектігі жөнінде үгіттеудің қажеті жоқ. Қоғамның жағашыл даму кезеңінде мемлекеттік тілді үйрету мектепке дейінгі білім берудің өзекті мәселесі болып табылады.

Балабқшада екі тілділікті оқыту, баланың тілдік қатынас құралы ретінде қазақ тілін және орыс тілін тәжірибе түрінде білуі болып табылады.  Тілді меңгеру – оңай іс емес, бірақ та бірнеше тілді меңгерген адам, бір тілді меңгерген адамға қарағанда рухани бай болып келеді.

Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ тілін меңгерудің басты міндеттері: ойын арқылы өзіне айтылған сөздерді түсіну, қоршағандармен тілдік қатынасқа түсу, қарапайым тілдік құралдар арқылы өз ойлары мен әсерлерімен бөлісу; қазақ тілінің ерекше дыбыстарының айтылуын қалыптастыру.

Мектепке дейінгі жастағы балаларды қазақ тіліне оқытуда ойынның алатын рөлі ерекше. Негізінде, ойнау және ойын арқылы қоршаған ортаны тану – осы жастағы балаларға қалыпты жағдай. Осы жаста балаларда көркемдік – образды ойлау жоғары қалыптасқан. Сондықтан тек қана айту ғана емес, көрсету де маңызды. Сол үшін әр түрлі көрнекі материалдар пайдаланған дұрыс (картинкалар, ойыншықтар, текшелер, лото, кітаптар). Қазақ тілін меңгерту бойынша ойындар балалардың таным қабілеттерін дамытады, ұйымдастыру қызметі кезіне қалыптасқан сөздерді есте сақтауға, білімдерін бекітуге көмектеседі.

Алғашқы қазақ тілі сабақтарында балалар сөздерді айта алуға үйренеді. Келесі сабақтарда «Дұрыс па, бұрыспа?», «Қатеңді тап?» секілді ойынлар арқылы сөздерді еске түсіріп, бекітеді.

Өткен материалдарды міндетті түрде қайталау жұмыстары жүргізіледі. Балалармен өткен материалдарды бекіту мақсатында диалог, сұрақтар, ойын түрінде формасында сабақтар жүргізу тиімді.

Балалармен тілін дамыту мақсатында жиі жұмыс жүргізу қажет. Олардың қазақ тілін меңгеруіне қолдау жасау, сөздерді айту, сөйлемдерді құру, сұрақтарға жауап берулеріне назар аудару қажет. Қазақ тілінде әр түрлі тақырыптарға байланысты ойын түрлері қолданылады. Жиі қолданылатын ойын түрлері «Дұрыс ата», «Тыңда, қайтала», «Кім көп сөз айтады?» , «Аудармашылар» т.б.  

                Қазақ тілін мектепке дейінгі мекемелерде меңгерту балалардың бала кезден бастап тілге деген құрметін, қызығушылығын арттыруға ықпал етеді.