Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АТА – АНАНЫҢ РӨЛІ
БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АТА – АНАНЫҢ РӨЛІ

БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУДАҒЫ АТА – АНАНЫҢ РӨЛІ

- Қарай көр, көршінің қызы Аружан ап-анық сөйлеп, тура сайрап тұр өзі, тіпті тоқтата да алмайсың! Ал біздікі ше, екеуі жасты болса да, аузына су жұтқандай түк айтпайды!

Ата – аналардан өз балалары туралы жиі естілетін әңгіме. Ал «аузына су толтырып алу» қайдан шығады? Бала тілінің уақтылы даму қалай көмектесе аламыз? Неге көңіл аударған жөн?

        «Ауызға су толтыру» артикулярлық аппараттың құрылымының бұзылу нәтижесінен   болуы мүмкін: тістің дамуының ауыткуы, үстіңгі жақ тістерінің астыңғы жақ тісерімен сәйкес орналаспауынан және т.б. Бұндай жайтты болдырмау үшін ауыз қуысы жүйесінің дұрыс дамуына мән беріп, тіс дәрігері кеңесіне уақытылы жүгініп отырған жөн. Сондай – ақ дыбыстарды дұрыс айтпау, артикулярлық аппараттың бұлшық ет тонусының дұрыс дамымауы салдарынан болуы мүмкін. Бұл кезде логопед – оқытушының және психоневрологтың кеңесіне жүгінген абзал.

         Бала тілі еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан ересектер өз сөйлеу мәнеріне көңіл бөлгені өте маңызды, сөйлегенде асықпай, дыбыстар мен сөздерді анық және дұрыс айтқан жөн.

         Ата – аналар көңіл бөлетін тағы бір мәселе, баламен сөйлескенде сөздерді бұрмалап, күнделікті қолданатын сөздер орнына түрлі дыбыс жиынтықтарын қолдануға болмайды. («бибика», «ляля», «ням-ням» т.б.) Бұл жайт бала тілінің уақтылы, сөздіктің дамуына кедергі жасайды.

Балаға үйде кітап, ертегі (әңгіме) оқығанда, суреттер қарағанда, мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруін, ертегі (әңгіме) мазмұнын айтып беруін, суретте не бейнеленгенін баяндап беруін талап етіңіз. Егер бала қателесір жатса, оны түзетуге асықпаңыз, бала ойын әбден тыңдап алған соң, қате жерлерін түзетуге болады.

Жанұяда бала үлкендермен әңгімелескенде тек жаңа нәрселерді біліп қана қаймай, өз сөздік қорын байытып,  сөйлемдерді дұрыс құрастырып, өз ойын ашық айта алатын жағдай туғызу керек. 

Мақаланы даярлаған логопед: С.А.Дуденко