Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
6-7 жастағы балалардағы психологиялық күйзеліс
6-7 жастағы балалардағы психологиялық күйзеліс

6-7 жастағы балалардағы психологиялық күйзеліс

Мектеп жасындағы балалар әр нәрсеге тез әуестенеді  және соңы не боларын ойламайды. Бала шалшық суға секіргісі келсе, секіре салады, өйткені оған көңілді,су –су болатынын ойламайды.Бірақ 6-7 жасқа қарай бала жасаған ісінің соңы не боларын ойлана бастайды,бірақ әрқашан сол шалшық суға секіруге деген қызығушылығы алдында өзін –өзі ұстай алмайды. Ал жазалаудан қашу үшін ол анасының қасынан байқатпай өте шығады. 

Мектеп жасындағы балалардың есі ұзақ емес. Ол өз қуанышын, қайғысын, мәселелерін тез ұмытады. Бірақ оқушы жасында өткен оқиғалар есінде қалады. Ол  өзінің және достарының әрекетін еске түсіреді, талқылайды, ойланады, талдайды, салыстырады. Осындай жолмен ол өзіне тұлға ретінде қарауды қалыптастырады. Мысалға, бала бұрын өзін топқа қабылдамайтын балалармен ойнағысы келсе, ал енді олар шақырғанда – ол келіспейді. Неге? Себебі ол өткен өкпелерін еске түсіріп, намысы оянды.

Кіші мектеп жасында бала өзіндік «Мен» қасиетін  көрсете бастайды, балада өзіне тұлға ретінде қарауға және айналасындағыларға назар аудару қалыптаса бастайды. Ол жағдайды талдай бастайды. 7 жаста балалар есейеді, үлкендерге еліктей бастайды. Балаларда ойынға деген қызығушылық бәсендейді, олар ойыннан тыс шынайылықтың зерттеушілері болғысы, өмірді ішінен емес сыртынан танығысы келеді.  Дәл осы сәттте балаға ақыл беретін адамдар қажет, яғни баланың күшін іске бағыттайтын ата –аналар: мектеп тапсырмаларын меңгеруге көмектесу, биге, тоқуға үйрету, қызықты спорт үйірмесін ұсыну. Балалар өз жұмысының жемісін көруге тиіс, ол ең алдымен баланы қанағаттандыру керек, ата –аналарын емес.

6-7 жастағы балалардағы күйзеліс, сондай –ақ олардың барлық істі қарама –қайшы жасауын кезінде  көрінеді: күнделікті орындалатын үй жұмыстарын, қарапайым аяқ киімін тазалау немесе ата –аналары балалар бөлмесін жина дегенге ызамен қабылдайды. Осындай жағдайда балаларды үгіттеу,мәжбүрлеу қажет емес, өз бетіне жіберңіз. 

Бала өмірді ата –анасының көмегінсіз танығысы келеді. Ол өзінің таңдау жасауға құқы бар екенін, қателесіп, қателерін өзі түзетуге тиіс екенін түсінуі тиіс. Шынайы өмірді тану тәжірибе жинаудан тұрады. Ата – аналардың басты міндеті – баланы қолдау.