Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: ул. Радищева,2
608115, 608100, 605888
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник, четверг - с 15.00-18.00 часов.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Музыкалық тәрбие
Музыкалық тәрбие

Музыкалық тәрбие

Музыкалық тәрбиенің балабақшадағы маңызын бағалау қиынға түседі. Ол мектепке дейінгі жастағы балаларды эстетикалық тәрбиелеудің негізгі бөлшегі болып табылады.Ерте жастан бастап балаларға музыка өте ерекше сезіммен әсер етеді. Ол писхологиялық қолайлы жағдайдың  маңызды элементі болып табылады.Оған қоса, музыка сабағы балаларың шығармашылық қабілетін, артистік өнері мен қиялын дамытуға ықпал етеді. Осыған қарамастан, көбі музыкалық тәрбиенің бала интеллектісіне әсерін бағаламайды. Музыкалық эелементерді жиынтықта (әуен, ырғақ, сүймелдеу және т.б) тыңдау, тани және әуенге қоса білу біліктілігі – өте қиын интеллектуалдық тапсырма.

Музыкалық тәрбие бойынша сабақтар балабақшада ең кіші топтардан бастап дайындық тобына дейін жүргізіледі.Балабақшадағы музыкалық тәрбиенің негізгі жолы музыкаға қол жеткізудің балаларға арналған тиімді формасы ретінде ән айту арқылы жатыр. Әндер жиынтығын дұрыс таңдау музыкалық жетекшінің басты міндеттері болып табылады.

Сондай –ақ балабақшадағы музыкалық тәрбие қимылдар арқылы сәтті іске асырылады. Ырғақ элементері икемділікті ғана жоғарлатпай, материалды жақсы игеруге мүмкіндік береді.

Адам өмірінде үнемі музыканың қатысуы өте маңызды екенін  психологтар дәлелдеген. Музыка ырғағымен оңай жұмыс істелінеді, ойлану оңай,ол белгілі бір нәрсеге бағытталуға көмектеседі, ол адаммен қуанышта да, қайғы да бірге болады.

Жалпы айтқанда музыка баланың қызметінде керемет дүние болып саналады.Ыңғайлы таңдалған әуен балаға белгілі бір күйге келуіне көмек береді:музыка ырғағымен физикалық жаттығу жасауға, сурет салуға, жапсыруға болады.Музыка бала қызметінің тиімділігін арттыруға қабілетті. Тіпті арнайы музыкалық білімі жоқ болса да, ата –аналар баланың күнделікті өмірін ұйымдастыру барысында музыканы сенімді серік ете алады.

Баланың музыкаға деген махаббатын талап етуге болмайды, ол тек бала өмірінде серік болсын. Баланы музыкалық қойылымдарға апарыңыз, музыкалық фильмдер мен мультфильмдер көріңіздер («Жаңа үлгідегі қасқыр және жеті лақ», «Көрмедегі картинкалар», «Шерткіш», « Петя және қасқыр»).Балаға міндетті түрде классикалық музыканы жақсы көру керек деп иландыруға немесе басқа бағыттардағы музыканың құндылықтарын төмендетуге және бір –біріне қарама –қарсы қоюға болмайды. Балаға әр жағдайға арналған: сауық құру , сөйлесу, демалу, ойлану, мұңаю, қуану үшін өз музыкасы бар екенін түсіндіріңіз ( ең жақсысы үлгі ретінде көрсету).Балаларды әндерді есте сақтауға және айтуға үйретіңіз, белгілі әуендерді танығаны үшін мақтаныз, баламен бірге ән салыңыз.Сонымен қатар ән және классикалық музыка арқылы баланы сезімдерді ажырата алуға үйретуге  болады,ол оған өз сезімдері мен қобалжуларын  тануға көмектеседі.

Оны қалай жасауға болады? Баламен бірге кез келген музыкалық үзіндіні тыңданыз, сол туралы әңгімелесіңіз. Бала қандай әуенді тыңдады: мұңды немесе көңілді, тез немесе баяу, қатты немесе тыныш.

Барлық балалар музыкалық ойыншықтарды жақсы көреді, өйткені өздері олардың көмегімен музыка шығара алады.Құрметті ата –аналар, біраз шыдамдылық танытып, балаларға еркіндік беріңіз.Музыкалық көмек беру арқасында бала белгілі бір затпен қалай дұрыс байланыс жасауға болатынын түсіне бастайды.

Кез келген физикалық жаттығуларға келсек,оларды ды музыка ырғағымен орындау көңілдірек және қызығырақ.Музыка немесе әуен ырғағында саусақ жаттығуларын орындаған өте жақсы.Әуен балаға қимылдарды есте сақтауға және ретімен орындауға, белгілі бір ырғақты ұстануға мүмкіндік береді.

Осы жоғары айтылғандар бойынша шығарылатын қорытынды – музыка баланың жан – жақты дамуына өте қажет.