Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: ул. Радищева,2
608115, 608100, 605888
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Вторник, четверг - с 15.00-18.00 часов.
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
«Сақ патшайымы Томирис» сахналық көрініс
«Сақ патшайымы Томирис»  сахналық көрініс

«Сақ патшайымы Томирис»

сахналық көрініс

 

Павлодар қаласының №29 сәбилер бақшасы

Қазақ тілі мұғалімдері: Алимканова Гульназ Бауыржановна

Акбоглина Актоты Ерганатовна

 

1-көрініс: Сақ ордасы. Төрде Томирис, Зарлық қария.

Томирис: Сақтардың бір ел болғанын аңсаймын. Бірақ бақталастар кедергі болып тұр. Қалай ел боламыз, қалай бірігеміз, Зарлық қария?

Зарлық қария: Ел үшін отқа түсіп жүрсің патшайым. Білемін, барлық ойың сақтарды біріктіріп, ел ету. Шыдайық патшайым. Шаршамайық, ел болу мақсатымыздан танбайық.

Сақшы кіреді: Патшайым, Рүстем батыр келді.

Томирис: Кірсін!

Рүстем кіреді: Армысың, падишам!

Томирис: Төрлет, Рүстем батыр. Қай жерлерге бардың, айта отыр.

Рүстем: Мен көп елді араладым. Бірақ патшайым осы елдер бір патшаны жеңе алмады.

Томирис: Не болды түсінбедім. Кеңірек айтшы Рүстем.

Рүстем: Парсы елінде Кир деген патша бар, әскері өте көп. Осы Кир патша енді бізге соғыс ашпақшы.

Томирис: Келсін Кир. Біз дайынбыз.

2-көрініс: Парсы ордасы. Төрде Кир патшасы. Кир қасында елшісі Мардан.

Кир: Мардан елщі болып жүргеніңе көп болды. Енді сен сақтардың еліне елші болып барасың.

Мардан: Томирис ханымның еліне барайын, әскерін байқайын. Сәлеміңізді жеткізейін.

Кир: Алтын-күмісті мол етіп ал, ал бара бер!

Мардан: Әміріңізге құлдық.

 

3-көрініс: Сақ ордасы. Томирис. Зарлық қария. Сыпатай ұлы, Рүстем, Мардан

Сақшы : Падишам елші келді.

Томирис: Ал сөйлей бер елші.

Мардан: Мен Кир жіберген елшімін. Кир патшам сізге бағынсын дейді.

Сыпатай: Мына елші не дейді?

Томирис: Отыр, ұлым Сыпатай. Елшіге тиісуге болмайды. Кир соғысатын жерін айтсын.

Мардан: Ендеше соғысамыз. Кир сақтардың түбіне жетеді.

4-көрініс. Сақ ордасы. Томирис. Монолог:

Кир патша менің жалғыз ұлымды өлтіріп, мені сындырмақ болған екен. Ұлымның қаза тапқаны жаныма батады. Бірақ елімнің тәуелсіздігі бәрінен де жоғары. Атқа қонамыз, сақтар азаттығы үшін күреске шығамыз.

5-көрініс. Шайқас алаңы. Томирис өз жауынгерлерімен, Кир өз жауынгерлерімен қарама-қарсы тұрады.

6-көрініс. Шайқастан үзінді көрсетіледі.

Автор: Жалғыз ұлынан айырылған Томирис мұндай қазаға көз жасымен емес, кек қайтару арқылы жауап беруге бел байлады. Томирис қулыққа көшеді. Кирді тау шатқалына алып келеді. Сол жерде қатты шайқас болып 200 мың парсы әскерін Кир патшамен бірге жойып жібереді. Томирис патша сақтарды парсы жаулап алуынан сақтады. Осылайша сақтар тәуелсіздігін сақтап қалды.

7-көрініс. Сақ ордасы. Томирис. Зарлық қария.

Томирис: Қауіпті жаудың бетін қайтардық. Еліміздің азаттығын сақтап қалдық. солай емес пе, Зарлық қария.

Зарлық қария: Иә, патшайым.

Ел бірлігі мықты болса,

Ешқандай жау ала алмас.

Таптаймын деп келген жау

Табанына салмас.

Соңы.