Қаңтар
Қаңтар
Лебі мұздай ызғарлы,
Алып келді қыс қарды.
Қысқы түндер ұзарды,
Ұзақ тіндер қысқарды.
Аяз сүйіп қарсы алған,
Жердің аппақ тұлғасы.
Басталады қаңтардаң,
Қыс айының ортасы..
Ә.Дүйсенбиев.
Айдың белгілері.
· Қаңтар – жыл басы, қыс ортасы.
· Былтыр қаңтар жылы болса, шілде ыстық және құрғақ болады.
· Қаңтарда наурыз болса – наурызда қаңтарды күт.
· Қаңтарда дыбыс алысқа тараса – аяз қатты болады.
· Қарға оңға қарап шақырса – жылы, солға – суық болады.
· Қаңтар құрғақ болса, егін жақсы болады.
· Күнді айнала ореол болса, боран болады.
Мақаланы даярлаған методист: А.Г.Терешкина
