Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Психологиялық тәжірибе
Психологиялық тәжірибе

Психологиялық практикум

Туған балам менің

5-6 жастағы баланың қызығушылығы мен міндеттері көбейеді. Ол көбінесе біреуден көмек сұрайды, немесе өзі көмек көрсетеді. Біреуден көмек сұрар кезде бала өзіне сенімді, өзін ерікті де орынды ұстауға бейімді болу үшін, ең алдымен осы жағдайлар туралы әңгіме құру қажет. Баршаға мәлімді айтыңыз: «Басқалармен өзіңді қалай ұстасаң, олар да саған солай қарайды». Баланы әр түрлі жағдайда қарым-қатынасты қалай ұстағаны жөн, кез келген жағдайда өзін дұрыс ұсьауы үшін, бірнеше жағдайларды мысалға келтіріп, оған шешім іздетіп, жауап құруына мүмкіндіа беру:

a)      Өз өтінішін, сұранымын;

b)      Өз жауабы, оны сұраған болса;

c)      Өз тәртібінің сызбасы

Мысал жағдайлар:

·         Нанға бару

·         Жаңа қызық ойыншықпен ойнау

·         Кіріп қонаққа шақыру

·         Күшікпен суретке түсу

·         Қызық кітапты алып оқу

·         Жолдан өту

·         Велосипедте ойнау

·         Өлең айту, кітап, өлең оқу.

Сатылай осы жағдайларға қосыла кедергілер құрып, оны шешуге нұсқалар беру. Қосымша сұранымнан басқа, әдепті сөздер мен жағымды дауыс ырғағын көрсету.

Балаңыз бүгінгі таңда қанадай

Қарым-қатынасқа дайындық

·         Балаңыздың жақсы араласатын таныс балалары көп пе?

·         Балаңыздың жаңа танысуларға ынтасы бар ма?

·         Балаңыз, өзінен үлкен адаммен тіл табыса ала ма?

·         Жаңа ұжымға тез сіңіп кете ме?

·         Кез-келген бала ұжымдарының ойын сайыстарына қатыса ма, үйдің алдындағы ұжымда ше?

·         Өз достары мен таныстарының үйінде сыйлы қонақ па?

·         Өзінің достарымен ойындарды ұйымдастырала ма?

·         Балаңызды ренжітсе, ол көпке дейін ренжулі бала ма?

·         Керек кезде өз-өзіне тұра ала ма?

Қорытынды, ұсыныстар

«Иә» жауабы көп болса, онда сіздің балаңыз қарым-қатынасшыл, ол мектеп ұжымына тез сіңіп кетеді. Балаңыздың бойындағы осы жақсы қасиеттерді дамыта беріңіз.

Ал керісінше «жоқ» жауабы көп болса, онда сізге ойлану қажет. Балаңызды басқа балалармен таныстырыңыз, балалары бар отбасыларға жиі қонаққа барыңыз.

Балаңыздың көрген, оқығандарын мазмұндап айтып беруін қолдаңыз. Ойын ұйымдастыру үшін, керекті ойыншықтары болсын. Кез-келген жағдайға байланысты көшкен болсаңыз, балаңыз жаңа үйдің балаларына тез сіңе алмайды, ол үшін қызықты ойындар ұйымдастырыңыз, басқа баланың дәл сіздің балаңызға назарын аударатындай ойластырыңыз. Мысалы, ешкімде жоқ, ит сатып алыңыз (міндетті түрде қымбат емес), серуенге шығыңыз, дос балаларын ұйымдастырып, шаңғы серуеніне шығыңыз.