Сенім телефоны
8 (7182)608115
Мекенжайы: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Балаларда қандай ойыншықтар керек?
Балаларда қандай ойыншықтар керек?

Балаларға қандай ойыншықтар керек?

Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық  әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.

Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады.

Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды.

Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға

болады.

Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.

Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс,  көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.

Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін  ойыншықтар.

Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.

Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.

Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.

1-2 жастағы   балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.

3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрлі болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке –ана, қыз–ана т.б.

5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға аусады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бала өзін мектепке дайындайды.

Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала  жалығуы   мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз,  баланың қызығушылып қайта оянды.

Мақаланы даярлаған: Н.Е.Бакланова