Телефон доверия
8(7182)205814
Адрес: г. Павлодар ул. Теплова д, 46
8(7182)205814
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда с 9.00 до 18.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
Консультация логопеда
Консультация логопеда

               Қазіргі таңда білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды шектеуге жол бермеу туралы ой жалпыға бірдей танылған. Қазақстан Республикасының Білім беру саясаты әлемдік үрдістерге сәйкес дами отырып, басым міндеттердің бірі ретінде білім берудің әртүрлі деңгейдегі әрбір баланың зияткерлік дамуын, психофизиологиялық және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балалар үшін білім беру қызметтерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету міндетін алға тартып отыр. 2011 жылдан бастап Республикада барлық тұлғалардың сапалы білім алу құқығы мен жеке айырмашылықтарын тануға негізделген инклюзивті білім беру тұжырымдамасы дәйекті түрде іске асырылуда. "Ерекше білім беру қажеттіліктері" білім беру жүйесінің бір бөлігіне айналып, әр баланың бірегейлігін, оның қажеттіліктерді іске асыру құқықтарын түсінуін, қоғамның оқу үшін қажетті жағдайлар жасау жауапкершілігін растайтын жаңа идеологияны көрсетіп отыр.

Ол балалардың ерекше білім беру қажеттіліктерін түсінудің заманауи тәсілдерін, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында ерекше білім беру  және әдістемелік негіздерін ғылыми негіздеу мен ашудан тұрады.

РПМПК деректері бойынша 2020 жылғы 01-қаңтарға елімізде мектеп жасына дейінгі ерекше білім беру қажеттіліктері бар 49 мыңнан астам бала тіркелген, олардың 18-мыңнан астамы жалпы білім беретін балабақшаларға біріктірілген (37%). Соңғы бес жылда бұл көрсеткіш 6% - ға өсті, бұл   мектеп жасына дейінгі интеграцияланған балалар санының өскенін көрсетеді. Алайда, жергілікті жерлерде психологиялық-педагогикалық қолдау алатын соңғылардың үлесі 5% - ға азайды. Бұл жағдай мектепке дейінгі білім берудегі инклюзивті процестер жеткілікті қарқынды дамымағанын көрсетеді.

Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу-педагогтар мен мамандардың жүйелі ұйымдастырылған қызметі, оның барысында баланың мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне сәйкес табысты оқуы мен дамуы үшін әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық жағдайлар жасалған.

Білім алуға арналған арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістерін және өзге де құралдарды, тіршілік ету ортасын, сондай-ақ медициналық әлеуметтік және өзге де қызметтерді қамтитын жағдайлар, ерекше білім беру қажеттіліктері бар  балалардың жалпы білім беретін  бағдарламаларын меңгеруі мүмкін емес. Арнайы кабинет-ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен топтық және жеке сабақтарды   өткізуі үшін жабдықталады.

 Мүмкіндігі шектеулі балалардың ақаулық типтеріне сәйкес арнаулы білім беру бағытындағы оқу бағдарламалары мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшіліктерін есепке ала отырып әзірлентін оқытудың жеке бағдарламасы.Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, оларға арнайы жағдай қалыптастыру негізі жатыр. Бала – біздің болашағымыз. Балаларға бәріміз жауаптымыз.