Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
+7 (718)2 60-84-45
Мекенжайы: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Өрт қауіпсіздік ережелері
  1. Өрттің ауқымы кішкентай болса, крандағы сумен, болмаса қалың дымқыл матамен өшіруге тырысыңыз;
  2. Өрт ауқымды болса, 101 нөміріне хабарласып, өрт шыққан мекен-жайды, ненің қалай жанып жатқанын айтыңыз. Өзіңіздің атыңыз бен нөміріңізді де беріңіз. Ол өрт сөндірушілерді күтіп алып, өрт ошағына жедел апаруға керек.  “Менен де басқалар хабарласқан шығар” деп отыруға болмайды;
  3. Ғимараттағы барлық тоқ көздерін ажыратып, газ құбырларын жабыңыз;
  4. Егер өрт көп қаббатты ғимараттың төменгі қабатында шықса, ғимараттың жоғарғы қабатына немесе төбесіне шығып, көмек күту керек;
  5. Далаға шығу жолдарында от болмаса, тез арада ғимаратты тастап шығыңыз;
  6. Өрт шыққан аумақтан өту үшін синтетикалық киімдерді шешіп, орнына жүн немесе мақтадан тігілген киім кию керек. Киімдерді сулап, басыңызға ішік, жейде, орамал сынды қалың дымқыл жамылғы жабыңыз. Дәл осылай мұрныңыз бен ауызыңызды да жабу керек. Ол түтіннен уланып қалудың алдын алады;
  7. Есіктерді қатты жабыңыз. Себебі от оттегі келіп, жел соққан сайын өрши түседі;
  8. Түтіннің арасынан еңкейіп, тізерлеп немесе бүк түсіп өту керек;