Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (718)2 60-84-45
Адрес: Павлов көшесі 82/1 тел.608492, 608445
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдірудегі саусақ ойын – жаттығуларының маңызы
Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдірудегі саусақ ойын – жаттығуларының маңызы

Ұсақ моториканы дамыту арқылы сөйлеу тілін жетілдірудегі саусақ ойын – жаттығуларының маңызы

Ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын ерте сәбилік шақтан бастаған дұрыс. Омыраудағы баланың өзіне саусақтағы бас миымен байланысқан  активті нүктелеріне әсер ете отырып массаж жасау керек.  Ерте жаста және  мектепке дейінгі кіші жаста қарапайым жаттығуларды жасауда өлеңмен, тақпақпен ұйқастырылған жаттығуларды пайдалану ұсынылады. Сонымен қатар өзіне -өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыру: тиегін өзі салып, өзі ағыту, бауын байлау, т.б. Ал ересек топтағы балалар үшін ұсақ моториканы дамыту және қолдың икемділігін арттыруға арналған жаттығулар мектепке дайындықтың яғни, жазу, сызуға үйренудің маңыздысы болып саналады.

Ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ұсақ моторикаға әсер ете және оны белсендіре отырып, көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтар мен балалар психологының мақсаты- ата – аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек.Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Бұрын ата – аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?

Бүгінгі күнде балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады,өйткені балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді.Бау байлауды үйрету ата- анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата- аналарға, олармен қоса олардың балаларына көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Тіпті баланың сөйлеу тілі қалыпты болған жағдайда бұл қолын басқаруы қалыпты деген сөз емес. Егер 4 - 5 жастағы балада бау байлау қиындық келтірсе, ал, ермексаздан тек шар мен ұзынша жабыстырылса, және 6 жаста тиек тігу- орындалмас және қауіпті іс болса, онда сіздің балаңыз кінәлі емес.

Өкінішке орай көп ата- ана қолдың икемі мен ұсақ моториканың даму деңгейінің төмендігін тек мектепке барарда ғана байқайды. Бұл балаға өте ауыр жүк. Жаңа хабарларды қабылдаумен қатар, икемге келмейтін саусақтарымен қарандашпен жазып үйренуі керек.

Кішкентай ғана сәбидің қалайтыны қозғалу, қозғалыс- әлемді танудың мүмкіндігі. Яғни, бала қозғалысының дәл және нақты болса, оның әлемді ақылмен тануы да терең бола түспек.  Егер сіз бірінші сынып оқушысында жазуда қиындық болмасын десеңіз немесе 3 жастағы баланың тілінің дамуында ақау болмасын десеңіз дамыту ойын – жаттығуларын бала туылған соң екі айдан кейін бастаңыз. Ұсақ моториканы дамыту әдістемесі мұндай жағдайда өте тиімді. Омыраудағы баланың саусақтарын уқалауға болады, жас жарымдағы баламен саусақ ойындарын бастауға болады.

«Саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру»

Көркем әдебиет арқылы балаларға саусақ театры арқылы балалардың тілін, қызығушылығын арттыру және эстетикалық тәрбие берудің әдістерін анықтау және оларды үрдісті ұйымдастыру әрекетіне еңгізу

Баланың көркем әдебиетпен таныстығы халық шығармашылығының ең кішкене түрлері –тақпақ, өлең, халық ертегілерінен басталады. Асқан адамгершілік, барынша дәл рухани бағыттылық, өткір, мысқыл, тілінің көркемдігі шағын көлемдегі фольклорлық шығарманың ерекшеліктері. Бұдан кейін сәбиге авторы бар ертегілер, өлеңдер, әңгімелер оқылады.

Ертегілер дүниесіне сапар шегу балалардың қиялдау, елестету, тіпті өздері ойдан шығару қабілетін дамытады. әдебиеттің ең озық үлгілерінің адамгершілік рухында тәрбие алған балалар өздері шығарған ертегілер мен әңгімелерінде өздерін әділетті көрсетіп, әлсіздер мен жәбірлегендерді қорғап жауыздарды жазалауға тырысады.Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді.Бүгінгі таңда театр тақырыбы өзекті тақырыптардың бірі. Себебі қазір адамдар театрға барғаннан гөрі ,үйде отырып, уақыттарын теледидар мен интернетке арнайды.

Мектепке дейінгі балатәрбиесінде,саусақ  театрының алатын орны ерекше.Ежелгі мәдени-етті сақтап қалудың бір жолы,балабақшадағы саусақ театры.

Мысалы: Балабақшаға театр келеді немесе балалар қазір театрға барамыз дегенді естісе, балалар қуыршақ театрын  көргенше  тағатсыздана күтеді. Қуыршақтардың қолынан келмейтін нәрсе жоқ.. Олар таңғажайыптардың бәрін жасайды,балалардың   көңілдерін көтереді, оқытады, тәрбиелейді.

Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптасты-  руда, үлкен роль атқарады. Балала әртістермен  бірге күліп, біресе жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ ;

-Тілін дамытады. Себебі балалардың қолдарының, саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамыуына  жауапты бөлігіне әсер етеді.

Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі  ең жеңілі,қол жетімдісі. Онымен бір жастағы баланы да ойнатуға болады, саусақ қуыршағымен ойнатудың өзі баланы сөйлеуге итермелемейме?!

-Есте сақтау қабілетін дамытады. Бала өз бетімен кейіпкердің ролінде ойнауға тырысады.

-Эмоционалдық дамуына әсер етеді.Саусақ қуыршағы бөбекті мәдениетке сүйсінуге үйретеді. Кейіпкерлерге еліктеп, өзін-өзі дұрыс ұстай білуге, өз ойын ашық айтуға үйренеді.

-Кішкентай балалар (2-4 жастағы) үшін ертегі кейіпкерлері,өмірдегі достарындай болып кетеді.

Тәрбиешіге ыңғайлысы көп актердің керегі жоқ ,екі қолдағы он саусақ  он актердің жұмысын орындайды.Саусақ қуыршақтары туралы сөз болса еріксіз сезімге бой алдырасың, өмірге жаңа келген сәбидің де алақанын ең алғаш қысатыны,ананың саусағы емеспе?! Бұл тек шартты рефлекс емес, баланың анасына деген  сенімі болса керек.Қуыршақ театры – бір жастан асқан бөбектердің дамуына қажетті ойыншық .Басқа театрдан ерекшелігі, мұнда шүперекпен жасалған қуыршақты саусағына кигізіп,сөйлету арқылы, баланы спектаклге тартуға болады.Қуыршақ театры бөбекті тыңдай білуіне,қимыл қозғалысын жетілдіруіне,ашылуына септігін тигізеді. Тұйық баланың өзіде мұндайда белсенділік танытуы әбден мүмкін, ал өзі белсенді балаларға өздерін тағы бір көрсетуге мүмкіндік туады.

«Үш  аю»

Саусақ  театрының сахнасына Маша қыз шығады:Сәлеметсіңдер ме балалар, менің есімім Маша. Балалар сендерге қонақтар келе жатыр! Сендер ол қонақтарды жақсы білесіңдер. Мен сендерге қонақтар келе жатқанын айтуға келген едім. Жарайды, мен асығыс едім, сау болыңдар.

Қонақтар кіреді.

Тәрбиеші: Ерте, ерте, ертеде үш аю өмір сүріпті: үлкен аю, орташа аю, кішкентай аю. Ең үлкен аю әкесі, орташа аю анасы, кішкентай аю баласы екен.

Олар орманда жидектер теріп жиді екен, әрқайсысының ыдыстары, төсектері, орындықтары бар. Ең үлкен аюдың заты үлкен, орташа аюдың заты орташа, кішкентай аюдың заты кішкентай болады.

Балалар айтыңдаршы бұл ертегі қалай аталады?

Балалар ертегіні мұқият тыңдайды, ол ертегі «Үш аю»

деп аталатындығын айтады.

Қортынды:

—         Балалар бізге қонаққа кімдер келді?

—         Аюдың ыдыстарының көлемі бірдей ме?

—         Олар қандай аңдар?

—         Қайда өмір сүреді?

Саусақ қуыршақтары, театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі.

Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.

Ас ішер алдында қолдануға болады.

Мына суретте тамақ ішкен кезде саусақ қуыршағы арқылы: (тақпақ айтуға болады).

Тамақ ішер кез келді

Сөйлемейміз, күлмейміз.

Астан басқа өзгені,

Көзімізге ілмейміз. (Астарың дәмді болсын).

 Балалар ұйықтар алдында қолдануға болады.Саусақ қуыршақтарымен әуен арқылы баланың маңдайына, қасының маңына  массаж жасау арқылы ұйықтатуға болады.

Балаларға саусақ театрының қуыршағы арқылы ертегі айтып беру  арқылы ұйықтатуға болады.

Баланы дұрыс тамақтандыру: 5 кеңес
 

 

             Дұрыс тамақтану — баланың өсуі мен жан­жақты дамуындағы маңызы

Дұрыс тамақтану — баланың өсуі мен жан­жақты дамуына әсер ететін негізгі факторлардың бірі. Сондықтан аналар сәбилерінің тамақтанулары мен тағамдарға байланысты сұрақтарға баса назар аударады. 

Баланы кішкентай кезінде дұрыстап тамақтандырудың пайдасы немесе зияны өсе келе білінеді. Сәби кезде қоректенген тағамдардың себебінен баланың кейінгі жастағы тағамға деген қызығушылығы қалыптасады. Тамақтану дағдысы да маңызды деп саналады. 

Баласы ішкен астан зиян көрмес үшін ата-­аналардың мұқият болуларын қажет ететін жағдайлар болады. Соларға қатысты бес кеңес туралы айтамыз. 

Бұл бес кеңес Израильдегі «Шнайдер» балалар ауруханасында қызмет ететін Лилах Пелег Вайс есімді балалар диетологының жас аналарға берген кеңесі болып табылады. 
1) Тамақтандыру режимі 

Балаңызға алғаш рет жаңа тамақ (кез­келген азық-­түлік) бергенде уақыт режимін сақтаңыз. Бірде емізіп болып қосымша жеміс-­жидек беріп, келесі күні жеміс­-жидек беріп болғаннан соң емізбеңіз. Дұрысы: жаңа жемістің немесе көкөністің кішкентай ғана үзігін беріп, артынан емізіңіз немесе соған ұқсас қоспалармен тамақтандырыңыз. Кейінгі күндері де осылай істеңіз. 

Бала әр түрлі тағамдарды әр түрлі уақытта жеп, уақыттық режимге бағынбаса, асқазаны үнемі бірнәрсе қажет етіп, өзі бірнәрсені шайнағысы келіп тұрады. Ал олай болу — бала денсаулығына зиян. Бала тамақтанудың уақытын білу керек, соған дағдылану керек. 

2) Азық түрін таңдау 

Балаңызға беретін тағамдардың тағамдық құндылықтары мен құрамына көңіл бөліңіз. Құрамында қант көп болса, транс­майлар (маргаринде, жартылай фабрикаттар мен фаст­ фудта болады) мен қаныққан майлары (бөлме температурасында қатты немесе жартылай қатты күйде болатын майлар) бар тағамдар құнарлы азық болмайды. Олардың орнына құрамында ақуызы, күрделі көмірсутектері (ботқа, макарон, нан) мен қанықпаған майлары бар азық түрлерін және көкөністер мен жеміс-жидектерді пайдаланыңыз. Бірақ құрамында қанты көп болып келетін жеміс-­жидектерден бас тартқаныңыз дұрыс. Мысалы, жүзімнің құрамында қант өте көп. Сол себептен де оны балаңызға жегізбеңіз. 

3) Тәтті тағамдар 

Балалардың тәттілерді көп жеулеріне болмайды. Дегенмен мөлшерін біліп барып беруге болады. Кішкентай баланың бір күнде жейтін тәттілерінің тағамдық құндылығы 100 ккал (килокалория) мөлшерінен аспау керек. Балаңыздың бойында тәтті тағамдарға деген тәуелділік пайда болмас үшін мамандар аптасына 1­2 күн тәттілерді жемеуге кеңес береді. 

Тәттілердің түрлері көп. Бірақ балалар үшін қандай тәттілер пайдалырақ? 

Толыққанды ұннан (бидайды тұтастай уатып, қабыршағын алмаған ұн;қара бидай ұны деп те атайды) жасалып, сұйық шоколадпен сырттай қапталған жапалақтар (хлопья), ванилін дәмді және шоколад дәмді сүт өнімдері, сондай­-ақ, халуа пайдалырақ. 

Балаларға түскі астан соң тәтті тағамдарды беруге болады. Тәттілерді тамаққа қосымша ретінде беруге болады. Олар еш уақытта негізгі тағамды алмастырмау керек. 

4) Тамақтану ұзақтығы 

Бала қашан тамақтанып болатынын өзі шешеді. Егер басқа біреудің айтқанымен тамақтануын аяқтаса немесе ары қарай жалғастырса, ол өзінің тойған-­тоймағандығын өздігінен анықтап біле алмайды. Оны асықтыруға немесе тағы да тамақ жеуге мәжбүрлеуге болмайды. Ал бала ұрсып, қорқытып-­үркітіп жегізген ас ас болмайды. Көптеген ата-аналардың осы тұста өрескел қателіктерге бой алдыратындығы жасырын емес. Балалары бір қасық ас артығымен ішпесе, аштан қалатындай, баласына сұс көрсетеді. 
Баланың тамақтану ұзақтығына басқалардың араласуы, ықпал етуі бала ағзасындағы зат алмасудың бұзылуына әкеп соғуы мүмкін. 

Балаңыз айтқан сөзіңізді ұғатын жағдайда: бір рет жемей қайтарған асты аздан соң тағы бір рет ұсыну керек. Егер екінші ретте де жеуден бас тартса, келесі ас ішетін уақытқа дейін ештеңе жемейтіндігін ескертіңіз. Яғни, режимді сақтау керек екендігін ұқтырыңыз. 

Бала тамақтанар кезде ойы басқа жақта болмау керек. Көңіл­күйі қалыпты болып, алаңдаушылық болмау керек. Тамақтану кезінде теледидар, кітап, ойыншық және ойын әрекеттері баланың көңілін ауламау керек. Егер бала осыған үйренбесе, кейін өскен кезде де тамаққа қарағанда ойынды жоғарғы орынға қоятын болады. Баланың тамақты тастап ойынға беріліп кетуін бастарынан кешірген ата­-аналар жақсы түсінеді. 

5) Балаңызға мысал көрсетіңіз 

Балалар үлкендерден көргендерін істейді. Балаларға тамақтануға қатысты жақсы әдеттер мен дағдыларды үйрету үшін отбасындағы басқа адамдар дастарқан басында жиналып, сыпайылыққа жатпайтын әрекеттерді көрсетпей тамақтану керек. 

Ата-­анасы дұрыс тамақтанатын балалар өсе келе көргендерін істейді. Ес біліп, айналасын таныған сәттен бастап жақсы қылықтар мен әрекеттерді үйренген балалардың көзге оғаш көрінетін әрекеттерден алшақ болатындығы белгілі. Мысалы, үйіндегі адамдар ас ішіп отырып та теледидар қарап, көп сөйлеп отырса, ондай үйдің баласы басқа ортаға барғанда өзінің қандай ортадан (отбасы) шыққандығын көрсетіп қояды. Өйткен ол бала үшін тамақтану кезінде көп сөйлеу, теледидар қарап, ондағы көрсетілген сюжеттерді әңгімелеп отыру дағдыға айналып кетеді. 

Ата­-аналардың салауатты өмір салтын ұстанулары отбасы өмірінің барлық саласында іске асуы тиіс: тек тамақтануды дұрыстап, спортпен айналысуды, серуендеуді шетке ысыруға болмайды.