Сенім телефоны
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Мекенжайы: Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 128/1 құрылыс
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Психологиялық ойын-жаттығулар
Психологиялық ойын-жаттығулар «Ертеңгілік жиын» Мақсаты: балаларды жинақтау және топтық атмосфераны қалыптастыру. Ойын мазмұны:Балалар педагогтармен шеңберге жиналып отырады. Бәріне амандасу өлеңін жаттап алып, өлеңдете айту ұсынылады: Алдымен балалардың есімімен танысып алады: Қайырлы таң, Әсел! (қолды кеудесіне қойып, күліп және басын иіп айту) Қайырлы таң, Айгүл! Қайырлы таң, Педагогтың аты-жөні. Қайырлы таң, күн! (Қолды жоғары көтеру, түсіру) Қайырлы таң, көк аспан! (Қолды жоғары көтеру, түсіру) Қайырлы таң, бәрімізге! (Қолды жанымызға жаю, түсіру) «Жағымсыз энергияны лақтыру» Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін орнына түсіру, ашуларын бойдан шығару, қатты көңіл-күйді босаңсыту. Материал: нысана. Мазмұны: Қатысушылар бар ашуларымен құм толтырылған қалтаны нысанаға лақтыру керек. «Өзіңді ата» Мақсаты: Сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ойын мазмұны: өзіне ұнаған үйде айтылатын аттарын топ ұжымына айтып, өзін солай атауды ұсынады. «Кімнің дауысы?» Мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, есту қабілетін дамыту. Мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Біреуі артына қарап, басқа жерге барып тұрады, бір бала ортаға шығып дауыстап «Сантики,фантики, лимпопо» деп айтуы керек. Бірінші бала келіп кімнің дауыстағанын табуы керек. «Дыбысы арқылы затты таны» Материал: қорапша, екі тас, сылдырмақ, сөйлейтін қуыршақ, т.б. Мақсаты: Есту қабілетін дамыту. Дыбысты затпен ұйқастыра білуге үйрету, дыбыс бойынша тани білуге, сезе білуге дағдыландыру. Ойын мазмұны: Балалар шеңберге тұрады. Педагог қорапшадан заттарды алады, заттарын қарап дыбыстарын тыңдайды. «Иісі арқылы тап» Мақсаты: таныс иістерді тани білуге үйрету. Материал: апельсин бөлігі, сарымсақ, алма, қияр, қауын, т.б. Ойын мазмұны: педагог көзді жұмып, таныс иістерді айыра білу керектігін ұсынады. Мұрынына апельсин бөлігін алып келеді, дұрыс айыра алмаса дәмін көреді. «Күн мен түн» Мақсаты: Адам өмірінде жарықтың орнын түсіндіру. Материал: көрпе. Ойын мазмұны: Педагог: «Түн басталды». Балалар көрпелерін жамылды, бар қимылдарын тоқтатып, ұйқыға кетеді. «Таң атты» - көрпе жинап алынып, балалар ұйқыдан оянды: секіріп, жүгіреді, күледі. Педагог бұл ойынды ұйқының алдында ойнатады. «Теңіз толқиды» Мақсаты: Зейінді болуға үйрету. Ойын мазмұны: Ойын жүргізушісі тағайындалады. Қалған балалар толқын болады. Жүргізуші: «Теңіз толқиды-бір! Теңіз толқиды-екі! Теңіз толқиды-үш! Теңіз толқиды-қатып қал!» осы кезде музыка тоқтап, толқындар қатып қалады. Жүргізуші «қатып қалған толқындар» арасымен жүреді. Жүргізуші қозғалған толқынды байқап қалып, кейпін өзгерткен толқынды тапса, сол толқын ойыннан шығады. «Сиқырлы отырғыш» Мақсаты: сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Ойын мазмұны: бір бала ортаға сиқырлы отырғышқа отырады, ал қалғандары оған жақсы, әдемі сөздер айтады. Отырғанды құшақтап, сүюге болады. «Досыма сыйлық» Мақсаты: Әр түрлі әдістер арқылы заттарды сипаттау. Ойын мазмұны: Бір бала туған күн иесі болады, ал қалғандары оған сыйлық сыйлайды. Олар мимика, қозғалыстар арқылы өзінің туған күн иесіне деген қарым-қатынасын көрсетеді. «Жер.Су.Ауа.От» Мақсаты: балаларды зейінді болуға, сөздерді дұрыс классификациялауға үйрету. Материал: Үлкен және кішкентай доптар. Ойын мазмұны: жүргізуші допты алып, қалғандары қасына дөңгеленіп 3-4 м қашықтықта тұрады. Жүргізуші допты бір ойыншыға лақтырады және төрт сөздің біреуін айтады. «Жер». «Су». «Ауа». «От». Кімге доп лақтырылса, сол ұтып алып, «Жер» деген сөз болса, онда тұратын жануардың атын атау керек. «Су» деген сөз болса, балықтың атын, «Ауа» деп айтса, құстың атын айту керек. Ал «от» деп айтылса, допты ұтып алып, үндемей теріс айналып тұру керек. Кім шатасса және көп тұрып қалса, қолын жоғары көтеріп, келесі кезек келгенше күтіп тұрады. Қорыта келгенде, психологиялық ойын жаттығулар баланың көңіл-күйін көтеріп, баланы жақсы қалыпқа келтіріп, жолдастарымен жақсы қарым-қатынаста болуға, сүйіспеншілікке тәрбиелейді. Тәрбиешіге топта жақсы атмосфераны қалыптастыруға көмектеседі.