Телефон доверия
8 (7182) 50-50-71
email: sad48@goo.edu.kz
Адрес: st.Sagadat Nurmagambetov 128/1
Қабылдау бөлмесі: 8 (7182) 50-50-71 Бухгалтерия: 8 (718 2) 50-72-81 Вахта : 8 (7182) 50-70-60
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі 15.00-17.00 дейін, бейсенбі 09.00-11.00 дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Ата –аналар!
Ата –аналар! Мына төмендегі тәртіптерді қатаң сақтаңыздар: 1. Баланы бақшаға әкелмес бұрын оның денесі мен киімдерінің тазалығына көңіл бөліңіз. 2. Баланы бақшаға әкелудің және оны алып қайтудың белгіленген уақытын қатаң сақтаңыз. Кішкене бала оны үйге алып қайтуға кешігіп келгенде қатты уайымдайды. 3. Балалар бақшасына келе жатқан және сол сияқты үйге қайтқан жолда балаларға ешқандай үзім дәм мен жеміс алып бермеңіз. 4. Бала бақшаның күн тәртібі: тамақтану, ұйықтау, ойнау, жеке басының гигиеналық дағдыларын сақтау жөнінде белгілеп берген тәртібін үйде, отбасында да ешбір өзгертпей мұқият сақтаңыз. 5. Баланың әрбір сырқаты немесе отбасында, сіздің араласып жүретін пәтерде, үйде жұқпалы аурудың байқалғаны туралы балалар бақшасының қызметкерлеріне қолма-қол хабарлаңыз. 6. Отбасының және бала бақшаның бірлесіп күш жұмсауы арқылы ғана балалардың дұрыс өсіп, дені сау болуын қамтамасыз етуге болады. Күн өтіп кетушілік. Күн көзінің тікелей және ұзақ түрде баланың басына, әсіресе бас киімсіз қалпында, түсуі арқылы ауыр зақым –күн өтіп кетушілік туады, бұдан ми ісіп кетеді. Күн өтіп кетудің белгілері: беттің және бастың терілерінің қызаруы, ентігу, дене қызуының көтерілуі. Бұдан соң құсу басталады, тыныс алу және жүрек қызметі бұзылады. Медициналық қызметкер келгенге дейін бала салқын бөлмеге шығарылады, басына суық компресс қойылады. Құрт-құмырсқалардың шағуы. Көктемгі- жазғы айларда әртүрлі құрт-құмырсқалар (маса, ұсақ шіркей, ара және басқалар) деп аталатындардың шағуы жиі байқалады. Әсіресе ара мен бөгелек шаққан жер ісіп, қыши бастайды. Мұндай шағулардың баланың денсаулғына қаупі жоқ. Аралардың, бөгелектердің көптеп шығуы қауіпті келеді, бұдан соң интоксикация құбылысы байқалады: бас ауырады, әлсіз болады, денесінің қызуы көтеріледі. Қышығаның басу, үлкейіп ісіп кетуіне жол бермеу үшін суық компресс қойылады. Көптеп шаққан және организмнің интоксикация құбылыстары байқалған бала емдеу мекемесіне жіберіледі.