Ата-аналардың назарын қоршаған ортаны қоқыстану мәселелеріне аудару және балалардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатында 19-26 қараша аралығында "Қарлығаш" шағын орталығында балалар және ересектер шығармашылығының «Іске қосайық» конкурсы өтті.
Ата-аналар өз балаларымен бірге ғажайыптар жасап, өз қолдарымен нағыз шедеврлерді жасады. Тұрмыстық қалдықтардан керемет, ерекше, креативті бұйымдар ұсынды. Міне, олардың кейбірі:
1. Ескі компьютерлік дискілерден жасалған бұйымдар: үстел сағаты; қарындаш салғыш; ваза; «Үкі» суреті; суретке арналған жақтау; қобдиша.
2. Театрды пластик стақандарынан, қасықтардан, шанышқылардан, қақпақтардан және бөтелкелерден жасалған атрибуттармен және ертегі кейіпкерлерімен толықтырды.
Көрме балалардың, ата-аналардың, қызметкерлердің және біздің шағын орталықтың қонақтарының қызығушылығын тудырды.
Бәрекелді, ата-аналар мен балалар! Сіздерге, шығармашылық табыс, ой және шеберлік тілейміз!
