Телефон доверия
+7 (718) 2526093
email: sad126@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қ., Майры көш., 27
Басшы +7 (718) 2526093 Қабылдау бөлмесі +7 (718) 2653273 Бухгалтерия +7 (718) 2653272 Вахта +7 (718) 2526307
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00 - 18.00
ПСИХОЛОГТАН КЕҢЕСТЕР
ПСИХОЛОГТАН КЕҢЕСТЕР

ПСИХОЛОГТАН КЕҢЕСТЕР

Бейімделу кезеңі – бала үшін қатаң сынау. Бейімделуге байланысты стресстік реакциялар балаңыздың эмоциялық күйін бұзады. Сондықтан біз ұсынамыз:

·         Үй мен балабақшаның күн тәртібін сәйкестіріңіз;

·         Балабақша ас мәзірімен танысып, балаңыздың тамақтану рационына жаңа астарды еңгізіңіз;

·         Үйде өзіне қызмет көрсетуге дағдыландырыңыз: өзі тамақтансын, қасықты ұыстау, горшоққа бару. Баланың киімі қолайлы болу керек: шалбар немесе шорты;

·         Баланың «әлеуметтік мүмкіншілігін» кеңейту, өзінің құрдастарымен ойын алаңында және балабақшада ойнап, достарының үйіне қонаққа барып, әжеде қонып, қалада серуендеу және т.б. арқылы көмектесу;

·         Балаға дұрыс мақсат қою қажет, онда ол балабақшаға өз өалауымен барғысы келеді. Балаға ата –аналар жағынан эмоционалды қолдау қажет: жиі балаға сүйетінін, құшағына алып, қолға алыңыз. Егер де ата – аналар баланың балабақшаға бару оқиғасын байсалдықпен және дұрыс эмоционалды қараса, онда баланың бейімделу процессі ауыртпашылықсыз өтеді;

·         Балабақшаға алғашқы рет келгенде, өзімен сүйікті ойыншығын әкелуге ұмытпасын.

·         Алғашқы күнде баланы балабақшада күні бойы қалдырмаңыз. Түсіге дейін 2 – 3 сағатқа қалтырыңыз. Ал айдың соңында тәрбиешінің кеңесімен баланы күні бойы қалдыруға болады;

·         Бейімделу кезеңінде үйде күн тәртібін сақтаңыз, демалыс күндері көбірек серуендеңіз, эмоционалды жүкті төмеңдетіңіз;

·         Бала бақбақшаға барған кезде дені сау болу тиіс. ЖРА мен ЖРВИ алдын алу үшін дәрумендерді қабылдап және мұрын тесіктерін оксалин майымен жағу керек.

Жоғарыда ұсынылған барлық кеңестерді орындауға міндетті емеспіз. Бірақ оларға сүйенсеңіз онда баланың балабақшада бейімделу процессі оңай өтуіне көмектеседі.