Тіл ұстарту жаттығулары
ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ТУРАЛЫ
Қыс туралы
Ыс – ыс – ыс,
Келіп жетті қыс.
Ар – ар – ар,
Жауады қар.
Яз – яз – яз
Сақылдаған сары аяз.
Ран – ран – ран,
Соғады боран.
На – на – на,
Зулайды шана.
Күз туралы
Үз – үз – үз,
Жаңбырлы Күз.
Рақ – рақ – рақ,
Саулайды жапырақ.
Ел – ел – ел,
Соғады жел.
Іс – іс – іс,
Піседі жеміс.
Дай – дай – дай,
Жинаймыз бидай.
Көктем туралы
Тем – тем – тем,
Көңілді көктем.
Ыр – ыр – ыр,
Жауады жаңбыр.
Ғай – ғай – ғай,
Жарқылдайды найзағай.
Шек – шек – шек,
Шығады бәйшешек.
Ал –ал –ал,
Төлдейді мал.
Жаз туралы.
Аз – аз – аз,
Жайдары жаз.
Үн – үн – үн
Ыстық күн.
Ға – ға – ға,
Шомыламыз суға.
№1 «Күрекше».
Тіл босаңсытылады, жалпақ күйге енгізіледі де, төменгі ерін үстіне қойылады. Осы қалыпта бірнеше с екунд ұстап тұру керек.
№ 2 «Шәшке».
Ауыз кең ашылады, жалпақ қалыптағы тіл жоғары көтеріледі де, шәшке формасы беріледі. Тілдің шеттері тіске тимейді.
№ 3 «Инеше»
«Инеше» -ауызды кең ашып тілді алға қарай жіңішкертіп шығарып 10-15 секунд ұстап тұру керек.
№4 «Төбешік»
«Төбешік» – ауызыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау.
№5 «Түтікше».
Тіл ауыздан шығарылады да, түтікшетүріне енгізіледі. Жаттығуларды алдымен жайлап, айнаалдындажасалады, сонансоңбіртіндепжоғарырақырғаққакөшу керек. Әрбіржаттығу 10 секундтан 6-8 рет орындалады.
№ 6 «Сағат»
«Сағат» – тілді жіңішкертіп ұстап оңға, солға жайлап қозғау керек. Осылай санап отырып 15-20 рет қайталау керек.
№ 7 «Дәмді тосап»
Мақсаты:жалпақ тілдің ұшының жоғары көтеруін және тілді кесе (ожау) тәрізді қалыпта ұстауын үйрету.
Қысқаша сипаттамасы:Жалпақ тілмен жоғары ерінді жалап,ауыз қуысына кіргізу.
Әдістемелік нұсқау.
1. Жаттығуда орындаған кезде тек тіл жұмыс істеуін, иектің қимылдамауын қадағалау кере.
2.Тіл жалпақ болып бүйірлер ауыз бұрыштарына тиіп тұруы керек.
3.Тіл оңға-солға емес, тек төмен және жоғары қозғалу керек.
4.Егер бала жаттығуды жасай алмай жатса, «пя-пя-пя» жаттығуына оралу қажет.Бала тілін жалпақ қалпына келтірген сон шпательмен тілді жоғары ерінің үстіне қайыру керек.
№ 8 «Ат шауып келеді»
«Ат шауып келеді» – ауызды кең ашып тілді таңдайға жапсыру – айыру немесе таңдай қағу. Аталған жаттығулардан тек әрдыбысқа керекті жаттығулар алынады
№ 9 «Грибок» «Саңырауқұлақ»
«Саңырауқұлақ» -ауызды кең ашып, тілді таңдайға жапсыра ұстап тұрып төменгі жақты басып ауызды кең ашып ұстау.
№ 10« Гармошка»
Ауызды ашып, гармошканың жұмыс жасау қалпын көрсету. Қайталап ауызды қатты ашып, тілді жоғарғы қалыпта ұстау керек.
№ 11 «Әткеншек»
Мақсаты: тілдің қалпын тез өзгерте білу дағдысын қалыптастыру.
