МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ИННОВАЦИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ
Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Сондықтан мектепке дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің негізгі мақсаты баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы, қоршаған ортаға бейімделуі. Заман ағымы өзгерді, жаһандану цивилизациясы туды. Адамның өмір сүру, қарым- қатынасқа түсе білу қарқыны жылдамдады, өйткені, шет тілін меңгеру, коммуникациялық қондырғылар, яғни (компьютер, интернет, гаджеттер, ұялы телефондар, электрондық оқулықтар, электрондық ойындар мен ойыншықтар т.б.) қажеттілік ретінде адам өміріне еніп кетті. Осыған орай, әлемдік стандарттарға сай әрекет ету қажеттілігі туды. Қарым-қатынасқа түсе білетін, тілдерді меңгерген, білім алуға ширақ та, икемді, өмірдегі өзгермелі жағдайға тез бейімделуге икемді, қоғамға бейімделуге икемді сапалары бар ұрпақ тәрбиелеу міндеті алдымыздатұр. Білім беру жүйесінде, соның ішінде, мектепке дейінгі мекемелер бұл бағытты ұстанып, балабақшаларда жаңа білім стандартына сай әрекет етуде. «Тәй-тәй» бағдарламасы, тәрбие мен оқытудың ойын технологиясы, халықпедагогикасынқолданутехнологиясы, ақпараттық-коммуникациялық оқыту технологиялары бағыттарында теориялық-әдістемелік ізденістерді тәжірибеге енгізу бағытынданәтижесінжинақтай отырып, соңғы 2 жылкөлемінде, ынтымақтастықтехнологиясыныңтеориялық-әдістемелікнегіздерінтанып-біліп, тәжірибегеенгізуде. Инновациялықтехнологияларды енгізу үшінпедагогтарменсұхбат, бақылаужүргізу, тест арқылы жағдаяттартуғыза отырып, бейнелеуөнеріжұмыстарынталдау арқылы зерттеу жүргізілді. Зерттеу барысында мынадай жағдайлар анықталды. Өздеріңізге мәлім, қазіргі кезеңде, топтарда балалар саны көп. Оларды режим кезеңдерінде болсын, оқу әрекетінде болсын, топтарға бөлген күннің өзінде, толыққанды қамту қиындық соқтырады. Осыған байланысты кейбір балалар: оқу процесінде – суретті, затты, бейне сюжетті көре отырып әңгіме құрастыруға, ойын үстінде – ойын шартын, сурет салу жапсыру, мүсіндеу кезінде – техникасын дұрыс меңгермей жататыны байқалды. Сонымен қатар, көп жағдайда, бірінің жауабын бірі тыңдап құптуға немесе жіберген қателігін түзетуге мүмкіндік болмай қалады. Осы оң қылықтарды шешу, барлық технологияларды үйлестіре, интеграциялауға болатын оқытудың «Балаларды қоршаған орта жайлы құзіреттілігін қалыптастыруда ынтымақтастық технологиясын қолдануды әдістемелік тақырып ретінде енгізу ұйғарылды.Осыған орай, апробациядан өтіп жатқан бағдарламаның талаптарына негіздей отырып, оның бала бақшада жүзеге асырылуының бүкіл механизмі ойластырылып, тәжірибеге енгізілуде, оң нәтижесі байқалады.Бұл іс балабақшаның Әдістемелік Кеңесі басшылығымен жүйелі жүзеге асырылады. Бұл технологияның талаптарына сай белгілі бір тақырыпты меңгеру үшін тапсырма жұп, топша болып бөлінген балаларға беріледі.
Мысалы, тіл дамыту оқу әрекетінде: «Сурет бойынша әңгімеқұрастыру», «Затты сипаттап беру», «Ертегіні жалғастыр» т.б. тапсырманы орындау кезінде, балалар бірінің пікірін бірі жалғастыруға, тыңдай білуге, мазмұндай білуге, серіктесімен бірігіп тапсырманы дұрыс орындауға, кедергі жасамауға, біріне бірі қолдау жасауға деген талпынысы байқалады. Ал, мысалы: ересек топтарда сурет «Көктем келді», мүсіндеу «Ормандағы кірпілер»,жапсыру «Гүл алаңы», математика «Үйлердің пішіндері бойынша көшеге орналастыр» сияқты тағы басқа көптеген күрделі тапсырмалар орындау кезінде алдымен қандай әрекет орындайтындығын, оны кім орындайтындығын серіктесімен өз ара келісіп, қалай сипаттап беретінін ақылдасуы және ортақ істің дұрыс шығуы үшін ынтымақта әрекететуге деген қызығушылығын байқадық. Нәтижесінде балалардың ойлау, сөйлеу, қабылдау, еске сақтау, зейін, қиял сияқты процестерінің дамуына ықпалды әсері бар екенін психолог та, ата-аналар да ерекше атап көрсетуде. Сылбыр балалардың білім алуға қызығушылығы артып, біреуінің байланыстырып сөйлеу тілішираса, енді бірі әлсіздеу болып тұрған сурет салу дағдылары жетілгендігі байқалады.Сонымен қатар, жұп болып, кішігірім топ болып, ойнайтын драмалық, қимыл қозғалыс, сюжетті рөлді, үстел үсті ойындарын ұйымдастыруда ынтымақтастық технологиясы әдіс-тәсілдерін қолдану өте тиімді екені, балалардың дербес, тәрбиешінің басқаруынсыз ұйымдаса білу, тапсырманы бөлісе білу ерекшеліктері айқын көріне бастады. Ынтымақтастық технологиясының ұтымдылығы, оқытудың басқа технологиялары,әдістерімен тығыстыра алуға мүмкіндік бере алатындығында деп ойлаймыз. Жеке тұлғаны дамыту мақсатында әдіс-тәсілдерді және инновациялық педагогикалық технологияларды, балалармен ұйымдастырылған жұмыс түрлерін, таңдап алу біздің басты міндетіміз. Жаңа технологияларды мектепке дейінгі мекемелерге бейімдеу үшін жағдай жасау. Әрбір баланың деңгейін тексерудің және тәрбие-оқу үрдісін технология қағидаларына сәйкес жоспарлаудың жаңа үлгілерін әзірлеп, жұмысқа енгізу. Жұмыс тәжірибесіне жаңа технологияларды енгізу. Инновациялық технологиялар жүйесін мектепке дейінгі білім беру кеңістігіне ендіру үдерісі кезең мен іске асырылады.
1.Тәрбиешілердің теориялық іздене-ұйымдастыру дағдыларын қалыптастыру. Бұл кезең тәрбиешілердің инновациялық технологиялары саласындағы кәсіби педагогикалық құзыреттілігін дамытуға, сондай-ақ дайындалған ортаны инновациялық педагогикасының қағидаларына сүйеніп жасалаған дидактикалық материалдармен бағытталуы тиіс.
2. Тәрбиешілердің практикалық даярлығын және балалардың меңгеру көрсеткішін зерттеу.
3. Жұмыс нәтижелерін қорытындылау. Осы кезеңде эксперименталдық алаңының апробациясы бойынша нәтижелерін жалпылау және талдау жұмыстары жүргізіліп, әдістемелік материалдары мен дамыту орталарының элементтерінен көрме ұйымдастырылды. Жаңа технологияларды пайдалану кезінде балада өзінің мүмкіндіктеріне қызығушылық, жаңа білімді тануға деген құштарлығы оянады, өз әрекетінің нәтижесіне жауапкершілік сезіммен қарайды. Технологияларды қолдану барысында кеңістікті бағдарлау, ойлау, есте сақтау, байқағыштық, шығармашылық қабілеттерін дамытамыз, қол саусақ моторикасын дамытуға, затты бір-бірімен салыстыра білуге, талдау жасауға, баланың өмірге бейімділігін күшейтеміз. Сәбилердің сөздік қорларын байыту, сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету, таным қабілетін, шығармашылығын дамытуға жақсы әсер етеді. Жаңа технологияларды пайдалану барысында балабақша ұжымы балалармен, ата-аналармен ынтымақтастықта жұмыс жасайды, ата-аналармен байланыс, қарым-қатынас күшейеді, себебі қосымша қажетті құралдар ата-аналардың көмегімен дайындалады. Мектепке дейінгі білім берудің сапасына жетудің ең негізгі стратегиясы болып инновациялық әдістемелер мен технологияларды енгізуді қамтамасыз ететін және де баланың даму деңгейін болжамдап, диагностикалау арқылы мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің мазмұнын жаңарту болып табылады. Қазіргі заманауи кезеңде гимназия ұжымының зерттеу қызметі ҚазақстанРеспубликасының мектепке дейінгі білім беру мен тәрбиелеудің Жалпы білім беретін типтік бағдарламасына пробациялауды және гимназияның даму бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Әр тәрбиеленушіні жеке психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу арқылы мектепке дейінгі баланың негізгі құзыреттілігін диагностикалау және қалыптастыру» тақырыбы бойынша инновациялық қызметті қарастырады. Балалармен жұмыс жасауда кешенді білім беруге бағытталған жоба әдісі оқу үдерісін даралап, әр балаға жоспарлау барысында өздік шешім қабылдап, өз жұмысын ұйымдастырып, бақылауға мүмкіндік береді. Жоба ─ өздік және ұжымдық аяқталған шығармашылық жұмысты меңзейді, оның нәтижесінің әлеуметтік маңызы бар. Әр жоба негізінде мәселе түйіні бар, оны шешуге әр бағытта зерттеу ізденістерін жүргізу қажет және де оның нәтижелері жинақталып бір бүтін инновациялық жұмыс болады.Неге жоба әдісі таңдалып алынды?Мектепке дейінгі балаға сырттай қарап бақылай алмайды, олжан - жақты көп білгісі келіп, қоршаған ортамен белсенді әрекететуге талпынады.
