Логопед неге балага уйге тапсырма береди.
Логопед неге балага уйге тапсырма береди. Бұл орайда жанұяның алатын ролі ерекше екенін ескерте кеткен жөн. Өйткені өз баласын ата-ана мұғалімнен гөрі жақсы біледі. Ата-ана логопедтің ең жақын көмекшісі бола алады. Олар баланың үйдегі оқуларын ұйымдастырады, сабаққа дайындық кезінде оған жан- жақты көмектеседі, оның үстіне қажетті жағдайлар туғызады. Балаға сабақ бермей тұрып логопед алдын ала ата- аналармен сөйлеседі, оларға тұтығуды жеңу жолындағы жұмыстың мәнін түсіндіреді, қойылатын талаптарды айтады. Пайдаланылатын әдістердің тиімділігін айтады. Ата-аналардың: — деген сұрақтарына жауап береді. Тілді қалай түзетуге болатынын ұғындырады. Ата-ана логопедтің айтқандарын түсініп, оның талаптарын дұрыс және дер кезінде орындап отыруға тілек білдірсе ғана бала логопедтік курстан өтуге қабылданады. Бұдан кейін ата-ана баламен бірге сабаққа қатысып отыруға тиіс. Үйде тиісті логопедтік жаттығуларды өткізіп баланың сөйлеу мәнеріне бақылау жасап отырулары керек. Ата- ананың келісімінсіз тұтық баламен сабақ өткізудің нәтиже бермейтінін ескеру қажет. Кабинеттік оқуға әдетте баланың анасы көбірек қатысады. Бұл сабаққа әке мен шешенің кезектесіп келуіне болмайды. Сондай- ақ баланың туыстарына да логопедтің сабағына қатысуға рұқсат етілмейді. Ата-анасының барлық методикалық тапсырмаларды оқушының дер кезінде орындауын қадағалауы, баланың хормен айтылатын жаттығуларына ұдайы белсенді қатыстырылуы, сондай-ақ баланың үйге берілген тапсырмаларды уақтылы орындап отыруына бақылау жасау — тіл кемістігін табысты тузетудің кепілі болып табылады. Сөз жоқ, бұл орайда баланың әкесінен гөрі анасына көп күш жұмсап, көп жұмыс істеуге тура келеді. Өйткені, жүргізілетін жұмыстың мәнін түсінбейінше баланың үйдегі жаттығуларды жасауына көмектесу мүмкін емес. Ксйбір ата-аналардың логопедтің сабағына қатыспайтыны, оны логопедтің тікелей өз жұмысы деп қарайтын жайлар да кездеседі. Алайда ата-ана сабаққа қатысатын болса, онда біраз уақыт өткеннен кейін оқу процесіне өздерінің қатысуы үлкен пайда беретініне көздері жстеді.
