Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Фонематикалық естуді дамытуға арналған ойындар.
Фонематикалық естуді дамытуға арналған ойындар.

Фонематикалық естуді дамытуға арналған ойындар.

 

         Фонематикалық қабылдау– сөздің дыбыстарын естіп айыру. Фонематикалық есту айтылған сөздің мағынасын түсіну үшін негіз болып табылады. Ата-аналар менің балам дұрыс сөйлей алмайды, ол сөйлеген кезде сөздердегі дыбыстарды тастап кетеді немесе қате айтады деп шағымданады, мұндай жағдай фонематикалық естудің дамымауынан болуы мүмкін.

Фонематикалық қабылдаудың дұрыс қалыптасуы дыбыстарды, сөз құрылымын  дұрыс айтып, грамматиканы тез үйреніп, оқу мен жазуды жылдам меңгеру болып табылады.  Егер сіздің балаңыздың фонематикалық қабылдауы дұрыс қалыптаспаған болса, онда ең алдымен баланың дұрыс естуін тексертуіңіз қажет. Есту қабілеті төмен емес екендігіне көз жеткізгесін, фонематикалық естуді дамытуға арналған әртүрлі жаттығулар жасауға көшу керек.

Ойын: «Шуылдайтын қапшықтар». Баламен бірге кішкене қапшыққа немесе қорапқа жармаларды, түймелерді, скрепкаларды, ағаш кесектерін, моншақтарды салыңыз. Бала қапшықты не қорапты қозғаған кезде ішінде не шуылдайтынын табуы керек.

Ойын: «Сиқырлы таяқша». Кез келген ағаш немесе қарындашты алып, онымен үйдегі кез келген затты қағыңыз. Сиқырлы таяқша вазадан, үстелден, қабырғадан, тегештен дыбыстар шығарады. Бала қандай заттан дыбыс шығып жатқанын тауып алуы тиіс. «Дұрыс-дұрыс емес». Ересек адам балаға сурет көрсетеді де, алғашқы әрібін ауыстырып айтады (форота, корота, морота, ворота, порота, хорота). Тапсырма – бала айтылған сөздің дұрыс екенін естіген кезде қолын шапалақтайды. Буындарды ажырату.

Ойын: «Шапалақтайық». Ересек адам балаға сөздердің қысқа және ұзын болатынын түсіндіреді. Оларды буынға бөліп айтады. Баламен бірге қайталайды    па – па, ло – па – та, ба – ле – ри – на).  Қиынырақ нұсқасы: бала өзі бір сөзді айтып, буынға бөлуі керек. Ойын: «Не артық?» Ересек адам буындарды айтады  «па – па – па – ба – па, фа – фа – фа – ва – фа».  Бала артығын естіген кезде қолдарын шапалақтайды. Дыбыстарды ажырату. Балаға сөздер дыбыстардан тұратынын түсіндіру керек. Дыбыс ойынын ойнау. Шыбын ызыңдайды - з – з – з, су шуылдайды – с – с – с, шегіртке шырылдайды – ц – ц – ц, жел үрлейді – ш – ш – ш, поезд келеді – ч – ч – ч, қоңыз шиқылдайды – ж – ж – ж, ит ырылдайды – р – р – р. Ересек адам дыбыстарды айтады, ал бала оларды кім шығаратынын табуы керек.