Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Психологияда арт-терпия элементтерін қолдану тиімділігі
Психологияда арт-терпия элементтерін қолдану тиімділігі

Психологияда арт-терпия элементтерін қолдану тиімділігі

 

       Арт – терапия психотерапияның маңызды салаларының бірі, қазіргі таңда арт – терапия болып табылады. Арт – терапия даму үстіндегі психотерапиялық әдістердің жаңа түрі болып табылады. Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие. Алғашқы Арт – терапия  түсінігі енгізілген кезде оны тек сырқат немесе демалыс үйіндегі емделушілерге ғана қолданған болса, қазіргі кезде оның қолданыс аясы, шеңбері кеңеюде. Яғни бұл терапия адамның шығармашылық жағдайын дамытып қана қоймай, адамның бойындағы қасиеттердің мүмкіндігін түсініп ашуға да жағдай жасайды.

    Арт – терапия – бұл емдеу ғана емес, сонымен креативтің дамуы, тұлғаның дамуы мен үйлесімділігі кез – келген жағдайда шешуге көмек .

     Арт терапия бейнелік өнер арқылы жанның дамуы мен емдеудің табиғи және қолайлы әдісі. Арт – терапия терминин ғылымға 1938 жылы Адриан Хилл енгізді. Арт –терапия ағылшын тілінен аударғанда шығармашылық терапия деген ұғымды білдіреді.

     Арт терапия шектеусіз және психотерапияның барлық бағыттарында, педагогикада, әлеуметтік жұмыста т.б. қолданылады. Әр адам өзін, өз сезімін және өзінің жағдайын әуен, дыбыс, қимыл және сурет арқылы көрсете алады. Кейбір адамдар үшін бұл- әлемге өзі туралы өзінің шығармашыл адам екенін танытудың жалғыз ғана әдісі болып табылады. Қажет ететіндерге мұндай мүмкіндікті беру – арттерапияның ерекшелігі.

   Арт – терапияның ерекшеліктері – музыкалық терапия, қозғалмалы би терапиясы, драма терапиясы, ертегі терапиясы, ойын терапиясы, қуыршақ терапиясы, гүл терапиясы, фото терапия, құм терапиясы, бейнелеу терапиясы.

     Бейнелеу терапиясын қолданудың негізгі мақсаты – баланың немесе ересек адамның қандай да бір қимылды тандауына қарамастан, баланың өзін – өзі тануына және өз әлемінде өмір сүруінедемеу беру болып табылады.

      Сурет салу – ешқандай ересек адамның көмегінсіз ең күшті өзін таныту түрімен байланысты болады. Өзінің ішкі сезімі мен өзін теңестіруді көрсетуіне жол ашады. Балалардың сезімін сурет салу арқылы бейнелеу әдістері шектеусіз. Балалар бояуға қолын малып қағаз бетіне із қалдыруды жақсы көреді. Бала бояу түрін өзінің жай күйіне байланысты таңдайды. Бояудың түстері сезімнің жағдайына тең келеді.

     Саусақ живописі – ешқандай құралдың көмегінсіз тек саусақпен бейнелеу. Ол үшін баланың әрбір саусағын әр түске матыру арқылы парақ бетіне әртүрлі сызықтар, нүктелер, саусақ ұшы таңбасының, алақанның көмегімен бейнелеу. Бұл әдіс артпедагогика мен арттерапияда белсенді қолданылады. Себебі баланың қателік жасаудың алдында, сәтсіздікке ұшырау алдындағы қорқынышты жеңу үшін қолданылады.

Сабынмен сурет салу.

Щеткамен сурет салу.

Майшаммен сурет салу.

Бейнелеу өнеріндегі күшті әсер ету құралы бұл кескіндемедегі бояу түстері. Ішкі сезіміңді сөзбен ғана емес, қолыңа, бояу, түрлі түсті қарындаш алып сурет салу арқылы білдіруге болады. Егер адам бір нәрсеге ашуланып, қиналса, көңіл – күйі түсіп кетсе, дереу сурет сала бастаса оның бойындағы жағымсыз эмоция кетіп, көңілі көтеріледі.

   Түсті таңдауға байланысты да көптеген нәрсе айтуға болады: қызыл түс ашу ызаны, қара – қайғыны, сұр – мазасыздықты білдіреді. Мамандар жеке түстер ерекше ішкі сезім күйін, мысалы, сары және қызыл сары сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйласа, қоңыр түстер соған сәйкес көңіл – күй береді.

Жасыл түс адамды тыныштандырып, көңіл көтереді, жүйкесі қозғанда тыныштандырады, ұйқысыздықты болдырмайды.

   Сонымен адам сурет сала отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл – күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды  ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икімділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды.