Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Балабақшада ата-аналар білуі керек негізгі маңызды нәрселер:
Балабақшада ата-аналар білуі керек негізгі маңызды нәрселер:

1. Баланың бейімделуі

  • Алғашқы күндері жылау, мазасыздық қалыпты жағдай
  • Ортаға үйрену 1–3 аптаға дейін созылуы мүмкін
  • Үйде тыныш режим сақтау көмектеседі

2. Күн тәртібін сақтау

  • Уақытында келу және уақытында алып кету өте маңызды
  • Ұйқы, тамақтану режимін үйдегідей ұстанған дұрыс

3. Баланың киімі

  • Ыңғайлы, өзіне жеңіл шешіп-киетін киім
  • Ауыстыратын киім міндетті түрде болу керек

4. Тазалық және денсаулық

  • Ауырып тұрса, баланы балабақшаға жібермеу керек
  • Дене қызуы, жөтел болса тәрбиешіге алдын ала айту қажет

5. Тамақтану

  • Балаға үйде дұрыс тамақтану әдетін қалыптастыру
  • Бәрін өзі жеуге үйрету (қасық, шанышқы қолдану)

6. Сөйлеу және қарым-қатынас

  • Балаға көбірек сөйлесу, сұрақ қою
  • Телефон/экран уақытын шектеу

7. Тәрбиешімен байланыс

  • Баланың мінезі, өзгерісі туралы үнемі сөйлесу
  • Ескерту мен ұсынысты сабырмен қабылдау

8. Ең маңыздысы

  • Балабақша – үйдің жалғасы, бірлескен жұмыс қажет
  • Ата-ана мен тәрбиеші бір бағытта болса, бала тез дамиды