Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
№18 УПП учаскелік инспектор Аға лейтинанттың кеңесі
№18  УПП учаскелік инспектор Аға лейтинанттың кеңесі

 

Сізді тонап кетпеу үшін не істеу керек?

Әрқайсымызды, тіпті ұрлайтын түгім жоқ деп ойлайтын адамдардың өзін тонап, барлық заттарын ұрлап кетуі мүмкін. Ұрылар жүргіншілердің қолдарынан телефондарды, сөмкелерді, әмияндарды, пластик карталарын… қолдарынан дөрекі түрде тартып алады. Әрине, мұндай көше қылмысынан жүз пайыз сақтана алмайсыз, алайда төменгі кеңестерді қолданып, оны болдырмауға болады: 

  • кешкі уақытта, мүмкіндігінше, өз туғандарыңызды күтіп, шығарып салыңыз;
  • көшеде ақша айырбастауға өтінген бейтаныс адамдарға сенбеңіз, олар осы әдісі арқылы сіздің әмияныңызда қанша ақша жатқанын тексергісі келген болуы мүмкін;
  • егер артыңызға біреудің түскенін сезсеңіз, жалт бұрылыңыз. Сөмкеңізді ұрлап, қашқысы келген ұры, қашқан уақытта «құрбаны» оның тек арқасын ғана көреді деп жоспарлайды;
  • егер алдыңызда күдік туғызған адамдар тобын  көрсеңіз, онда көшенің келесі жағына өтіңіз немесе жүру бағытыңызды өзгертіп, адамдар көп жүретін жерге ауысып кетіңіз;
  • егер сізге осындай қауіп төніп тұрса, уақытыңызды босқа жібермей, полицияға хабарласыңыз. Кеш жасалған телефон хабарламасы тонаушыларды ұстау мен ұрланған заттардың қайтарылу мүмкіндігін төмендетеді.

Егер жүріп бара жатқан автокөліктің құрбаны болмайын десеңіз, үй жанындағы жүргінші жолы бойынан алыстау болыңыз, сонымен қатар, жүргінші жолында тұрған көліктерге тым жақын жүрмеңіз. Сөмкеңіз жүргінші жолдың қарсы бетінде, яғни жол сол жағында болса, онда сөмкеңіз оң жағында болуы керек. Кілт, құжат, ақша, телефондарды сөмкеде емес, өзіңізде  ұстаңыз. Егер ішкі қалталарыңыз жоқ болса, онда белбеуге тағылатын жасырын сөмке қолдану керек немесе сөмкені иыққа сыртқы киімнің ішінен тағып алу қажет.

Айтжан Алимжан Толегенұлы

Біздің мекен- жайымыз: Павлодар қаласы, №18 учаскесі , Целинная 46/1 байланыс телефоны: 624712 391985 87004184095 Айтжан Алимжан Толегенлұлы, немесе 102, 112 телефон соғу тегін