Жүргізуші: Балалар, құрметті ата – аналар! Міне біздің көптен Жаңа жыл мерекесі де келді. Шыршамызды безендіріп, өзіміз де әсемденіп, Жаңа жыл тойын мерекелеуге жиналдық.
1. Асыл моншақ тағылған Жасыл желек жамылған Міне, сұлу шыршамыз, Көптен күтіп сағынған. Кел, балалар, келіңдер! Тамашаны көріңдер!
|
2. Аспан жерге төгеді Ақ күмісін уыстап Жаңа жыл да келеді, Бізге қарай жылыстап Көрсін біздей балғынды Көңілденсін ол енді. Шырқатайық ән-жырды Шырқатайық өлеңді. |
3. Жүзімізде күлкі ойнап, Қанаттанды жанымыз. Жаңа жылды біз тойлап, Шаттанамыз бәріміз.
|
5. Міне тағы келіп тұр Жаңа бір жыл балалар. Жадыратып жер үстін, Төрімізге ол шыққан. Бақытымыз, сәніміз Жаңа жылды сондықтан Құттықтаймыз бәріміз |
4. Өлең де әзір, ән де әзір Ойын да әзір – бәрі әзір Кел Жаңа жыл біздерге, Кел Жаңа жыл, Жаңа жыл! |
6. Тілеймін мен бар әлемге Дос көп болсын жанашыр. Ата, әже, әке, шеше Құтты болсын Жаңа жыл! |
7. Далада қар борайды Ақ мамыққа орайды Мұз болады, қатады Жып-жылтыр боп жатады. Аралайды, бақшаны Үзілмейді жақсы әні Жауса жаусын ақша қар! Гүлдене бер бақшалар! |
|
Ән – хоровод «Жаңа жыл келді»
(орындыққа отырады)
Жүргізуші: Балалар, айтыңдаршы, сендер Жаңа жылға Аяз Атадан қандай сыйлық алғыларың келеді?
8. Мен робот алғым келеді Жүретін, секіретін Қылышы мен қаруы, Болсын тағы ұратын |
9. Маған қуыршақ болса ғой Өзі сұлу, әдемі. Ұзын көйлек киіп Барби билеп тұрса ғой.
|
10. Мен компьютер алғым келеді, Әріп жазып, ойын ойнап Көп нәрсені білгім келеді. |
11. Мен футболды армандаймын Доп кіргізіп мақтанып Футбол добын алсам деймін |
Жүргізуші: Балалар, армандарың қандай әдемі! Аяз Ата сендердің тілектеріңді міндетті түрде орындайтынына сенемін. Ол бізге жылдам келеміз деп еді. Далада аяз, қар да бұрқап тұр, ал бізде болса Мереке.
12. Аяз болса да, бізге ыстық
Аулада қар борайды,
Аяз Ата сыйлық алып
Бақшаға басын бұрады
Жүргізуші: Аяз Ата бақшамызға жолды жылдам тауып алу үшін біз оны қатты дауыстап шақырайық.
(шақырады ) (Аяз Ата кіреді)
Аяз Ата: Армысыңдар балалар,
Армысыздар қонақтар!
Сендерге бақшаға келгеніме мен өте қуаныштымын.
Мін Жаңа жыл да келді.
Сендердің шырша шамдарың неге жандайды? Бұл дұрыс емес! Кәне 3 рет шапалақ соғып, 3 рет аяқты соғып, қатты дауыстап айтайық
«1,2,3 шыршамыз жаншы!»
(балалар қайталайды, шам жанады)
Аяз Ата: Билегім келіп тұрғаны!
Ән-хоровод «Аяз Ата»
Ойын Аяз Атамен
Балалардың тақпақтары:
Ақша қарға малынып Аппақ тонын жамылып Сақалы мен мұртына Күміс моншақ тағынып Аяз ата келеді Балаларды сағынып! |
Бар баланың қонағы Төрлет Ата жоғары Енді дала, алақай Ақ күміске толады. Жұрттың бәрі атадай Қашан мырза болады
|
Көңілде көп қуаныш Ән көңілде жақсылық Кетер жылға мың алғыс, Әкелген көп жақсылық
|
Әдемілеп біз ілген Ойыншықтар тізілген Қандай жақсы шыршамыз Ән шырқайық баршамыз.
|
Бірі көктем, бірі қыс Екеуі жаңа жылымыз Жақсылыққа жоримыз Көпсінбейміз мұны біз
|
Жаңа жылды қаңтарда Әлеммен бірге тойлаймыз Наурызды да ал сонда Жаңа жыл деп ойлаймыз |
Аяз Ата: Билеп, қызықтағанды сағынып қалыппын! Сиқыр жасауды да сағындым, сендер сиқырды жақсы көресіңдер ме?
(балалар: ИӘ!)
Жүргізуші: Аяз Ата, Жаңа жыл мерекесінің өзі – сиқыр емес пе, ертегі сияқты, тосын сыйды көп тосамыз.
Аяз Ата: Онда қазір! (Әдемі музыка ойналады)
Бұл ертегі Жаңа жыл туралы. Шырша әдемі, ойыншықтары көп. Сендерге сыйлықты кім дайындайды деп ойлайсыңдар?
(Балалар: Аяз Ата)
Дұрыс, мен! Бірақ маған Перизат арман көмектеседі. Сендердің армандарың мен тілектерің алдымен Феяға келеді, сосын ол маған айтады. Қазір да Фея Арман сендердің тілектеріңді қабылдап жатыр. Жаңа жылда оның жұмысы көп.
(ойланады)
Не айтып өзі? А-а, шырша әдемі! Ойыншықтары қандай керемет! Олар тіріліп бізге бірдеңе десе ғой!
(Сиқырлы музыка ойналады, Аяз Ата балалардың жанына отырады)
Сүңгі (сосулька), алтын түсті Жаңғақ, Шам (фонарик) және Ақшақар
Би «Ойыншықтар полькасы»
Шишка: Мен жай жаңғақ емеспін Шыны мен алтыннан жасалдым Жаңа жыл туралы тілектерді Фея Арманға апардым |
Сосулька: Мен Сүңгімін, сұңғақпын Модель болғым келеді. Дүкенде ілініп тұрғанда Сатып мені алады. Бірақ Фея туралы естімедім. |
Фонарик: Феяның өз үйі бар, Бұлт үстінде тұрады Тілекті ол орындап Аяз Атаға көмектеседі |
Снежинка: Шырша тойында ойнаймыз Бірге болу қызықты Достарды көп кездестіріп Құрбылар көп қылықты
|
(күлкі естіледі, ойыншықтар шошып, қашып кетеді. Балауыз ша мен От кіреді).
Балауыз шам: Мен Жаңажылдық шаммын, балауыздан жасалдым. Күліп, қуанбай, керісінше бәріне қастық істегім келеді.
От: Мен отпын ашулы, балалар менен қорқады, барлығын қазір таңқалдырып, шыршаны жағып жіберемін.
Балауыз шам: сендердің мерекелеріңді қазір-ақ бұзамыз, сиқырлап тастаймыз. Тышқан аулайтын қақпанды кәмпит қораптарына салып қоямын.
От: Әдемі шыршаның инелерін жұлып тастап, оны діңгекке айналдырамын!
Балауыз шам: (ренжіп)Ту, ішім пысты! Ұсақтармен араласқым келмейді. Мықты қарсыласты табу керек еді.
От: Жүр Феяға ұшып барайық та, сиқырлы таяқшаны ұрлап алайық!
Балауыз шам (қуанып): Міне керемет! Онда ешкім армандамай, Жаңа жыл туралы ұмытады, сыйлықсыз қалады (қуанып кетеді)
Аяз Ата: (тұрып, балаларға қарап)
Балауыз шам мен Оттың не істейтіндерін көрейік. Алдымен Фея Арманға хабар берейік. Кім менімен барады? Ту-у, Жаңа жыл сиқырлы мереке ғой. Бізде шырша ойыншықтары – алтын сүңгілер мен күміс түсті жаңбырлар көмектеседі. Олар өзара дос, тек оларды тірілту керек. Кәне алтын түсті сүңгілер, көйлектеріңді жайып, шыршадан түсіп, биге кірісіңдер!
Би «Алтын сүңгілер» - Золотые сосульки
Аяз Ата: Сүңгілер жарайсыңдар!
(таяғын көтереді)
Кәне жаңбыр айналшы, алдымызға келші. Ұлдар болып би билеші!
Би «Жылтырауықтар»
(Жылтырауық мен Сүңгі шығады ортаға)
Жылтырауық: Жылдам барып Феяға хабар берейін! |
Сосулька: Аяз Ата мен қобалжып тұрмын, аман –есен сынбай барсам деп ойлаймын.
|
(екеуі жүгіріп кетеді)
Аяз Ата: Балалар, біз бұл үстінде Фея Арман не істейтінін көрейік.
(балалардың жанына келіп отырады)
(Вальс ойналады, Фея Арман кіреді, билемей түрып таяқшаны шыршаның астына қояды)
Фея: Бұлт үстінде жүргенді қалай ұнатамын! Армандарды орындап, аспаннан күліп қараймын. Жаңа жылда бәрі армандап, тілек тілейді. Мереке болған соң, қызық көп болсын. (Фея билейді, Балауыз шам мен От кіреді)
От: (жыламсырап) мен жұқа жанатын отпын. Бойым да аласа, ешкімге зияным жок.
Балауыз шам: Фея бізді аяшы, су құйып берші, шөлдедік.
Фея: Қазір үйге кіріп, су әкеліп берейін.
(Фея кетеді, От таяқшаны алып, Балауыз шам мәз болып кетіп қалады. Жарық өшеді)
Фея (келіп, таң қалады) Не болды? Қараңғы болып кетті ғой! Күн бұлт арасына кіргендей болды. Жұлдыз санаушылар түнгі аспанды жарық етіңдерші!
Би «Жұлдыз санаушылар»
Фея: От қайда, Балауыз шам қайда? Олардың тілектері орындалмай, ренжіп кетті ме?
(жаңбыр мен сүңгілер кіреді)
Жылтырауық: Үлгермей қалдық, От пен балауыз шам бізден бірінші келіпті,
сиқырлы таяқшаны ұрлапты
Фея: (Шырша астына қарайды) Енді не істеймін? Кім маған көмектеседі?
Жылтырауық: Әрине Аяз Ата!
Сүңгі: Аяз Ата, мұнда келші!
Аяз Ата: Фея не болды?
Фея: Аяз Ата, От пен Балауыз шам маған қонаққа келіп, сиқырлы таяқшаны ұрлап кетті.
Аяз Ата: мен сиқыр жасайтын таяқшаны ма? (басын ұстайды)
Әй-әй-әй! Енді сиқыр орындалмайды, балалар Жаңа жылда сыйлықсыз қалып қояды ғой!
Фея: Армандар да орындалмайды!
Аяз Ата: Бізге тек балалар ғана көмектесе алады, олар бір-бірлерімен дос емес пе!
(қоңырау соғады, балалар өлеңге тұрады)
Фея: Жаңа жылдық вальсқа тұрып, Аяз Атамен айналдырып, тура қазір балабақшада болып жатқан шырша мерекесіне апаршы!
«Ақшақар» әні
(Аяз Ата мен Фея вальс билейді)
Аяз Ата: балалар, Феяға көмектесеміз бе? (балалар келіседі)
(музыка ойналады, Балауыз шам мен От кіреді)
Балауыз шам: Біз күштіміз, мықтымыз, шеберміз!
Аяз Ата: Балауыз шам, От сендер ұялмайсыңдар ма? Феяны неге ренжітесіңдер?
От: Ал бізді кім жақсы көреді? Балауыз шамды жақпа, отқа тиіспе деп жатасыңдыр. Ал біз әдемі болғымыз келеді!
Балауыз шам: Біз нәзікпіз!
От: Біз ыстықпыз!
Балауыз шам: Біз күштіміз!
Аяз Ата: Оны қазір дәлелдейсіңдер, тек сиқырлы таяқшаны маған қайтарыңдар!
Балауыз шам: Сендер бізбен ойнаңдар!
Аяз Ата: (балаларға) Маған көмектесіп ойын ойнайық.
От: Неден бастаймыз? Кәне жүгірейік онда!
Аяз Ата: Қазір шапшаң екендеріңді көрсетесіңдер! Менің қапшығымда түрлі түсті мұз қиыршықтары бар.
От: Мен оларды қазір-ақ ерітіп жіберейін!
Аяз Ата: Ештеңе шықпайды, қиыршықтар сиқырлы. Кәне Фея қиыршықтарды жерге лақтырайық.
Ойын «Кім қиыршықтар үстінен жылдам өтеді?»
Балауыз шам: біз билеу білеміз!
Аяз Ата: Кәне билеңдер ендеше, біз шапалақтайық.
Балауыз шам мен От билейді
Аяз Ата: Билеуді де білмейсіңдер! Біздің балалар қалай билейтінін қараңдаршы?
Би «Тосын сый» - Сюрприз
Жүргізуші: Міне екеуің балалардан билеуді үйреніңдер!
От: Билеу оңай емес қой! Біз тақпақ көп білеміз.
Аяз Ата: Бұл жақсы! Тақпақты тағы тыңдайық!
Балауыз шам мен ОТ бірге: Шыбын тосапқа қонды,
Тақпақ осымен бітті!
Фея: Бұл қандай тақпақ өзі?
Жүргізуші: Сендер біздің балаларды тыңдаңдар!
Аппақ бүгін қыр, далам Ақ дастархан жапқандай Халық біткен қарбалаң Қонақ күтіп жатқандай. |
Тауда туып, тауда өскен Шырша келді ортаға Бәріміз бір дауыспен Ән шырқайық шыршаға |
Балауыз шам: Бұл сайыста да жеңіліп қалдық.
От: Біз ұшқырмыз!
Фея: Кәне дәлелдеңдер!
Ойын – Ата – аналармен
Аяз Ата: Феяға сиқырлы таяқшаны беруге тура келеді.
От: Ту-у, ала беріңдерші, менің ішімді пісіп бітті өзі. (Алып Феяға береді)
Фея: Жарайсыңдар балалар! Сендер батыл болып, дос болып, сиқырлы таяқшаны алуға көмектестіңдер! Енді Аяз Ата сиқыр жасап, балаларға сыйлық беретін болады.
(таяқшаны Аяз Атаға береді)
Балауыз шам: Ой, бұлай болмайды, мынау не болып кетті? Таяқшаны алып алып, бізге сыйлық бергілдері келмейді. Сонда біз ешкімге керек жоқпыз ба?
Аяз Ата: Неге олай дейсіңдер! Балауыз шам, От сендер өте керек, қажетті затсыңдар, бірақ сендермен ұқыпты болу керек. Жаңа жылға сендерді жағатынын бәрі біледі.
От: Сонда біз сендерге керекпіз бе? Міне керемет!
Аяз Ата: Кәне ренішті қойып, бәріміз Жаңа жылды қарсы алайық!
Ән «Кел билейік»
Аяз Ата: (таяқшаны алып, қапшыққа сілтейді)
Керемет мерекеде, сыйлық берем сендерге. (сыйлық беріледі)
Аяз Ата: Барлығың сыйлық алдыңдар ма? (ИӘ)
Аяз Ата: Ешкім ұмытылған жоқ па? (ЖОҚ)
Аяз Ата: Енді қоштасатын кез келді.
Фея: Сау болыңдар, балалар, дос болыңдар әрдайым!
Барлығы: Сау болыңдар!