Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Әуе шарларының мерекесі. Естияр топтары

Балалар залға шарлармен кіреді

 

Жүргізуші: Амансыздар ма, қонақтар, балалар, ата – аналар! Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі, достық пен ынтымақтастық мерекесі Қазақстан халықтардың бірлігі күнімен құттықтаймыз!

 

1 бала: Мамырдың бірі, достық күні

            Ән салып, билеген халықтың үні.

            Тұтасып, тойлаған ұлттар,

            Керемет мереке, мамырдың бірі.

 

2 бала:     Достық – шырағымыз,

                 Достық – ұранымыз.

                 Достық туымыз,

                 Достық әніміз.

 

3 бала:     Дос болып түрлі халықтар,

                 Жасайтұғын ғасырмын.

                 Бақыт шымын әлемге

                 Ұмытылмас асылмын.

 

4 бала:     Бейбітшілік ұраны,

                 Жарқыраған алтын күн.

                 Ән қанатты қыраны

                 Еркіндігі халқымның.

 

 5 бала:    Достықты үлгі санаған,

                 Бір үйде біз тұрамыз.

                 Қалған ата-бабадан,

                 Бірлік асыл мұрамыз.

 

6 бала:    Дос болайық бәріміз,

                 Жарасып тұр әніміз.

                 Тыныштықты сақтаймыз,

                 Атсын күліп таңымыз!

 

 

7 бала:     Әрқашан дос біргеміз,

                 Ажырамас іргеміз.

                 Ілгері жүріңдер,

                 Достық жырын біліңдер!    

 

Ән «Бірінші май»

 

Жүргізуші: Әуе шарларымсен балабақшаға келдік, барлық қонақтарды, балаларды шаттық меркесімен құттықтаймыз! Көңілді би билейміз, әнмен толықтырамыз, барлықтарын қуантамыз!

 

           Әуе шарларымен би билейік. Тамашалаңыздар!

 

Жүргізуші: Балалар, шарларың сондай әдемі, әртүрлі екен, билерің де жарасымды. Кәнекей бүгін тамашалап тұрып әуе шарларының мерекесін жасайық! Ал залымыз әдемі де, сәнді болу үшін, оны шарлармен безендіреміз де, таңданып қарайтын боламыз. Кәне шарларды іліп шығайық!

 

                  (Карлсон кіреді, қолында шарлардан жасалған гүл бар)

 

Карлсон: Тоқтаңдар, мені ұмытып кеттіңдер ғой!

Жүргізуші: Карлсон бізді шошыттың ғой!

Карлсон: мен де сендермен бірге мерекеге барғым келеді. мін шарларым да бар. Мені өздеріңмен бірге алыңдаршы!

Жүргізуші: Балалар, меркеге алайық па?

Балалар: иә!

Жүргізуші: Сен енді мұнда әдепсіз болма, жарайма?

Карлсон: (қолын жайып) Жоқ, болмаймын! Меннен күмәнданбаңдар! Мен негізі көңілді жанмын! Ән де айта аламын, ал сендер ән білесіңдер ме? (Иә). Ендеше көктем туралы ән айтып беріңдерші!

 

                        Ән «Көктем»

 

Жүргізуші: Карлсон, біз бүгін мерекеге арнап мынадай әдемі шарларды әкелдік, енді олармен ойнағымыз келеді. Сен бір ойын үйретші!

Карлсон: Әрине! Мен өте көп ойын білемін. Мына жерде көп шарларым бар, бірақ олар шынайы емес (қағаз шарларды көрсетеді). олар әр түрлі – сары, жасыл, қызыл.

Ал мына жерде (фланелеграфты көрсетеді) – осы шарлардың жіптері бар. Олар шарлардан үзіліп қалыпты. Енді қайтадан орнына байлау қажет.

 

                          Ойын «Әр шарға өзінің түсіне сай жіпті байла»

 

Карлсон: Ал енді нағыз шарлармен ойнап көрейік. Шарларды шеңбер бойымен қарама – қарсы жіберемін, ал олар кездескенде кімде шар болса, сол балалар ортаға шығып  би билейді.

                  

                                      Ойын  «Шарды бер»   (ойын ойналады)

 

(Ойынна кейін балалар орындарына отырады. Карлсон еденге отырады да, банкадан тосап жей бастайды)

 

Жүргізуші: Карлсон, не болды? неге кенеттен тосап жей бастадың?

Карлсон: Мен ойын ойнаймын деп, күшімді азайтып алдым!

Жүргізуші: иә, сонда не?

Карлсон: мен арықтап кетемін ғой!

Жүргізуші: Егер де сен әр бес минут сайын тамақ жей берсең, онда тамақсау болып кетесің, мынадай болсаың, онда ойнай алмай қаласың!

Карлсон: Мен бәрібір де шаршап қалдым, дем алуым керек, ас ауыз тиуім керек.

Жүргізуші: Тосапсыз да дем алуға болады. Жарайды отыр да, дем ал, ендеше!

Карлсон: Отыра берсең ішің пысады.

Жүргізуші: Сен жай отырмай, біздің балалардың биін тамашала!

          

                       Би «Достық»

Жүргізуші: Демалдың ба?

Карлсон: Демалдым. Енді аздап еркелегім келіп тұр! Балалар ойнайықшы? Кәнекей, шарларымызды жарып ойнайық! Шар көп қой! Кәнекей, ұладр, маған жақындаңдар!

 

                   ойын «Шарды жару»  (ұлдар) (Музыка ойнап тұрады, балалар шарда секіреді, жарылмайывнша секіре береді)

 

Карлсон: Балалар, қандай көңілді!

Жүргізуші: Карлсон, айтшы, ал сен шардан ен жасап әкелдің?

Карлсон: А, мынау ма? Ол менің тілек тілейтін сиқырлы шардан жасалған гүлім. Әр шарға тілек тілесең, орындалады, Менің шарыммен ойнағыларың келе ме?  Иә! Ендеше былай болсын! Мен түсті шарды атаймын, ол шардың тапсырмасын орындаймын! Мына шардың тапсырмасы: Көңілді би биле!

 

                            Би «Самба»

 

Карлсон: Кәне, кім тағы да тапсырма алғысы келеді?

                                        шарды шығып бала тартады, тапсырмасын оқиды: Ән айтып бер!

 

                                       Жеке ән «Шар»

Карлсон: Енді кім шарды тартқысы келеді?

                            тартады, оқиды: «Доп сияқты секіріңдер!»

                          Жаттығу «Көңілді доптар»

 

Карлсон: Енді менің келесі тілегім,  «Қоянмен секірейік». Ой, балалар қоянды қайдан аламыз? Біз орманда емеспіз ғой!

Жүргізуші: Карлсон, ол үшін қам жеме, қазір балалардың біреуін қоян қылып киіндіреміз (балаға қоянның бас киімін кигізеді)

 

                     Шеңберге тұрып ән айту )Шалғынға біз бардық(

 

Карлсон: Менің шардан жасалған гүлімде бір ғана шар қалды. Ол ақырғы және ең қанық түсті. Ендеше ол бізге сыйлық әкелсін!

Залға біріктірілген шарларды кіргізеді, әрбір шарда кәмпит байланған.

 

Жүргізуші: Рахмет саған, Карлсон! Сен біздің мерекемізге ажар бердің! Бізге тағы да кел!

Карлсон: Жарайды, қолым бос болғанда тағы да ұшып келермін! сау болыңдар!!!

                          Шығып кетеді. Балалар топқа қайтады.