Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 руководитель, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: город Павлодар, Ш.Құдайбердіұлы,4
87182345889 вахта 87182346974 руководитель 87182346991 бухгалтерия
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
вторник с 10.00-12.00 четверг с 16.00-18.00
Ең қымбатты сөз – Ана. Ересек топтар

                             Ең қымбатты сөз – Ана

 

                                                                              Ересек топтар

 

Жүргізуші: Ана – құдіретті сөздің бірі! Дүниеге келген сәбидің алғаш

айтар сөзі де – Ана. Қай тілде болмасын нәзік те, мейірімді естілетін сөз. 

5 жаста болайық, 50 жаста болайық ана бізге қажет, оның аялы алақаны,

 жүрек жылытар сөздерін әрқашанда аңсаймыз. Анаға деген махаббат

ұлғайған сайын, ғұмыр жасымыз да ұлғая түседі.

(Балалар музыкамен кіреді, би билейді «Ана жүрегі»,

сосын жартылай шеңберге тұрады 7 ұл ала жүгіріп шығады)

1 ұл: Бүгін кімнің туған күні?

2 ұл: Бауырсақты кімге пісірген?

3 ұл: Табиғат та оянып, кім үшін алғашқы Наурыз гүлін сыйлаған?

4 ұл: Кім үшін? Кім үшін?

        Ойлап кәне көріңдер!

         Бауырсақты да, гүлді де

        Біз сыйлаймыз .........

Барлық бала: Анаға!

 

5-ші ұл жан – жағына қарап: Қыздар! Мұнда келіңдер!

                                            Мерекені бастаңдар!

(6 қыз шығады, ұлдардың жанына тұрады)

1 қыз: Қандай мереке болады?

2 қыз: Мүмкін қонақтар келер?

3 қыз: Мүмкін генералдар келер?

Ұлдар: жоқ!

4 қыз: мүмкін адмиралдар келер?

Ұлдар: жоқ!

5 қыз: Мүмкін жерді шарлаған батырлар келер?

Ұлдар: жоқ, жоқ, жоқ!

 

6 ұл: Болжап ештеңені керегі жоқ!

         Қараңдар, әне отыр қонақтар!

         Сыйлы, мәртебелі!

Барлық балалар: Құттықтаймыз Ана!

 

 

 

 

6-шы қыз: Күн нұрының шуағын,

                  Үйге алып келеміз

                  Аналар мен әжелерге,

                  Әнімізді айтып береміз!

Ән «Құттықтаймын Ана»

7-ші ұл: Бүгін ең керемет мереке,

             Бүгін аналар мерекесі.

             Оларды қуантамыз деп,

             Әркім сыйлық жасады

(өздерінің жасаған сыйлықтарын аналарына береді)

(4 бала шығып үлкен кубикке отырады)

1 бала: Ең алғашқы сөз қандай?

2 бала: Ең қымбатты сөз қандай?

3 бала: Ол әліппенің алғашқы бетінде, әр баланың айтар сөзі

4 бала: Қатесіз жазатын

Мейіріммен айтатын

1 бала: Нәзік сөз қандай?

Барлығы: Ана!

Ән «Айналайын ақ анам!»

 

(4 қыз, 3 ұл шығады)

1 ұл: Иіс су әперілді ме?

         Шай дұрыс қайнатылды ма?

         Бешбармақ пісірілді ме?

         Ыдыс – аяқ жуылды ма?

         Тәрелке сынбады ма? – деп

          Еркектерді бұл күні

          Қобалжытар жүз себеп.

2 қыз: Айтсаң болды тіл адам,

           Әйбат анам, ай анам,

           Сен керексің қайда да

            Жүре берсем қасыңда,

            Әйбат анам, ай анам

            Ботам деген даусыңнан

            Мен де мәз болып оянам

 

 

 

 

 

3 қыз: Түрлі түсті сыйлық берем анама,

           Төрт түсті қарындашпен салам деп жан қала ма?

           Қызылды қатты бастым,

           Қызылдан кейін қара көкті сындырдым,

           Сосын көкті басып, тоқ сарыны да сындырдым.

           Бәрібір де анам сұлу (көрсетеді), өйткені ол ана, Ана сұлу қашанда!

4 ұл: Еркелесем күлімдейтін,

        Ұрысқаны білінбейтін.

        Маңдайымнан иіскеп менің,

        Құлыншағым, күнім дейтін

        Анам менің – алтыным.

5 ұл: Жұмысты өзі істейтін

        Анама робот жинап беремін,

         Кір жуып, үтіктеп, ет қуырып, бұқтырып,

          Ас үйде еденді де жуатын,

          Жыртық киімді де тігетін,

          Бізге ертегі оқитын,

          Анам жұмыстан келгенде,

          Демалып, қуанып, ұйқыға жатар еді сонда.

 6 ұл: Мені жақсы көреді,

         Күндей күліп келеді,

        Көп ертегі біледі,

        Маған айтып береді.

       Айтқан сөзін тыңдаймын,

       Анашымды сыйлаймын.

7 қыз: Анамды мен де сыйлаймын,

Мерекемен құттықтаймын,

Әсем әнді өзіне арнап

Қуанышпен сыйлаймын.

Ән «Песенка - чудесенка»

Вед: Тили бом, Тили бом,

Сайысқа аналарды шақырамыз!

Қатал сөгіп, ренжітпей

Көңіл көтеруге шақырамыз!

           Алдымен, сіздерге жұмбақ айтамыз,

          Шешуін асыға күтеміз.

 

(4 бала жүгіріп шығып, кубикке отырады - диалог)

1 бала: Оны бәрі жақсы көреді, әсіресе әйелдер

2 бала: Көңіл – күйлері болмағанда, пайдалы

3 бала: Туған күн кезінде көп айтады, не жай айтып, көңіл көтереді

4 бала: 8 наурыз күні танымайтын әйелдерге де айтылады, тіпті көшеде де? Ол не?

             (Аналардың жауабы: Жылы лебіз)

Бала: Аналарды ортаға

Сайысқа шақырамыз,

Жүректерді қиып беріп

Балаға тарту етесіз,

Әр қадам басқан сайын

Жылы лебіз балаға сыйлап

Еркелетіп аласыз.

 

Ойын: «Сиқырлы сөздер»

 

Бала: Әзіл – қалжың көп айтып,

Қонақтарға сыйладық

(Аналармен қалжыңдар)

1 қалжың:

Анасы: (сасып қалып): Балапаным, алма қайда?

Ұлы: Алма?! Жедім баяғыда!

Анасы: Жумай жедің бе сонда?

Ұлы: Жоқ, қабығын аршыдым!

Анасы: Міне өсті деген осы!

Ұлы: Мен баяғыда өскенмін!

Анасы: Қабығын қайда жібердің сонда?

Ұлы: Қабығы? Оны да жедім баяғыда!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 қалжың:

Қызы: Ұлдар білесіңдер ме?

Мен анаммен бірге

Орамалды ағартып кір жуамын,

Панама таза болсын деп

Оны да ысып жуамын,

Анашым кәне қарашы...........

Анасы: Қызым, өте қатты ыспа,

Кейін жыртығын тігіп жүрмейін онда.

 

3 қалжың:

Ұлы: Анамның еңбегін бағалаймын,

Қолымнан келсе көмектесемін,

Анам түскі тамаққа

Көп котлетті дайындады,

Және маған........

Анасы: Балам, жеші обал болмасын,

Ұлы: Аздап жедім,

Ол көмек емес пе?

Бала: Ананың біз гүліміз,

Ана – біздің күніміз

Балаларды қуантып,

Ұзақ өмір сүріңіз

Біздің әдемі биімізді

Қабыл алыңыз.

 

Би «Солнечная капель»

 

Бала: Сіздерге үлкен құшақ та артық емес,

Сіздерге көп гүл де артық емес,

Сіздерге көп лебіз де артық емес,

Қазір айтайын деп тұрған айтыс та артық емес

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Айтыс:

 

Ұлы: Ата – баба дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

Айтыс десе сәнделіп

Қыздар іздей бастаймыз

 

Анасы: Балам болып сен келсең

Ақын анаң мен болам,

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

 

Ұлы: Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды – ақ

Сыйлық, тақпақ дайындап

Айтып берер тақылдап.

 

Анасы: Мерекеге дайындалып

Аналар бүгін сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдарынан кем бе еді.

 

Ұлы: Қоштасайық халықпен,

Ақындарын сыйлайтын

Мерекемен құттықтайтын

Ұлдары ғой данышпан.

 

1 қыз: Жаңа сайыс балалар,

Бастайық оны зер салыңдар,

Шеңбердегі аналардың,

Дауысынан таныңдар!

 

Ойын «Анаңды дауысынан таны»

 

 

 

 

 

Бала: Айналайын анашым,

Не сыйлайын тағы да?

Рұқсат сұрап биге де

Шақырайын анашым.

 

Полька «Старый жук»

(Биден кейін аналарын орындыққа шығарып салады)

 

Бала: Менің әжем, ақ әжем

Ұл мен қыздың бағы әжем.

Ертегі айып бер десең,

Айтып берер тағы әжем

Шуағы мол, нұр әжем,

Ақ таяққа сүйеніп

Аман – есен жүр әжем

 

Бала: Шашымды өріп тараған,

Қабағыма қараған

Үлкен, кіші демейді,

Сыйлайды оны бар адам.

Құрт пен майын жинаған

Балаларға сыйлаған

Бұл әжемнің өмірі

Таусылмайтын жыр маған.

 

Ән «Әже»

(4 бала шығып кубикке отырады)

1 бала: Достар, тыңдаңдар!

 Әжелерге де сайыс бар!

Жұмбақ шешіп, тапқырлық көрсетсін!

Оны балалармен бірге үлкендер де жақсы көреді....

 

2 бала: Қиял – ғажайып болады......

3 бала: Қорқынышты, көңілді болады.....

4 бала: Онда жамандық пен жақсылық көп болады, бірақ жақсылық

жеңеді. Ол не?                                     (Әжелердің жауабы – ертегі)

4 бала: Ертегілер жер шарын шарлайды,

Мына ертегі кейіпкерін кім табады?

 

Алдар Көсе кіреді)

 

Алдар Көсе: Мен Алдармын, Алдырмын,

Кімді болса алдармын,

Мерекемен құттықтап

Тілек атйып шаршадым

А –а – а – а , о – о – о – о

Бала: Кәне тауып көріңдерші: Қандай адам бұл?

 

(Әжелер: Алдар Көсе)

Алдар К: Дұрыс, мен туралы! Ассалаумағалейкүм, құрметті қауым!

Тамаша мерекеге жиналыпсыздар, осындай шуақты күні аналарымыз

 бен әжелеріміздің, қыздарымыздың, жеңгейлеріміздің жүзінен нұр

таймасын, дендері сау болсын! А  –а – а – а , о – о – о – о!

Жүргізуші: Алдар төрлет, қонақ бол! Мерекені тамашала!

 

Би «Пузатый чайник – Томпақ шәйнек»

 

(4 бала шығады)

1 қыз: Мен өскенде тәрбиеші боламын,

Біздің бақшаға келіп,

Балаларды тәрбиелеймін.

 

2 қыз: Тәрбиешілер ауыр жұмыс істейді,

Білім беріп, бізді қинап

Тыныштық бір бермейді.

 

3 қыз: Шыны керек, күтуші апайлар да жақсы,

Айтып, ертек әңгіме,

Үйретеді әнді де,

Беріп кәмпит, тамақ та

Оқытады сабақ та.

 

4 бала: Сегізінші Наурыз мерекесіне

Сыйлық ретінде Би де дайын.

 

Би «Малинки»

 

Бала: Біздің қыздар туралы ұмытып кетіппіз ғой!

 

(5 бала алға шығады)

 

1 ұл: Біз көңілді ұлдармыз,

Тобымыздың қыздарына,

Мереке күніне арнап

Құттықтаулар жолдаймыз!

 

2 ұл: Еркелетсек күлімдейтін,

Ренжігені білінбейтін.

Айналайын қыздарға,

Жылына бір рет,

Махаббатымызды білдірейік.

 

3 ұл: Тату өскен баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Қыздарымызды ренжітпей,

Шаштарынан жұлмаймыз.

 

4 ұл: Осы сағат, осы мезетте

Тағат таппай уәде етеміз.

Өскен соң жиналып, әлбетте

Үйленеміз деп ант береміз.

 

(5 бала кубикке отырады)

 

1 ұл: Үн қатасың бал тілмен,

Еркелеймін әр күн мен,

Құттықтаймын, анашым,

Сегізінші наурызбен.

Тағы да ана ақылын тексерейік.

 

2 ұл: Оларды үлкендер де, балалар да жақсы көреді......

3 ұл: Кей кездерде тек үлкендерге көрсетеді.....

4 ұл: Оларға әр түрлі жарнама жасайды......

5 ұл: Олар қуыршақты, суретпен салынған, ермексазды болады....

(қыздар жауабын табады - мультфильмдер)

 

Жүргізуші: меркеде ән айтамыз,

Тақпақ оқып, би билейміз

Көңіл көтеру үшін

Енді ойын ойнаймыз

 

Ұлдармен ойын

 

Ұлдар: Қыздарды біз күлдірдік

Еркелеттік, ойнадық

Енді бір би билеп берейік

 

Би «Джентельмендер»

 

1 ұл: Ұлдар, сендер қыздарға сыйға не сыйлайсыңдар?

2 ұл: Мүмкін, бәріміз бірігіп бәйшешек теріп келерміз.

3 ұл: Дұрыс! Орманға барамыз да бәйшешекті тауып аламыз

(залда жүреді, қыздар – бәйшешектер өз орындарына биге тұрады)

 

1 ұл: Құшағына кіргенде

Жылынамын бір демде

Не жетеді бәйшешекке

Мейірімді бір гүлге

 

1 бәйшешек қыз: Мен қар астынан өсіп шығып,

Көктемді бірінші қарсы аламын.

 

2 ұл: Бәйшешекті өпкен жел

Кейде қарға көмеді.

Өсіп. Гүлдеп, тырысып,

Батылдығын көрсетеді

 

2 бәйшешек қыз: Мен қатерге түстім,

Көктемді қарсы ала алмаймын!

 

3 ұл: Жылама сен солмайсың,

Әне көктем келеді

                                                       (Омбы қар көтеріледі)

 

 

 

Омбы қар: Мұның бәрі өтірік, жер жүзінде суық, қараңғы болып тұр.

Көктем дейсіңдер ме? Көктем деген жоқ! Ал мен болсам омбы

 қармын, мен осы жерде боламын, мәңгі бақи  жатамын.

Маған бөгет жасамаңдар!

 

3 ұл: Омбы қармен қалай күресеміз?

Бәйшешектер не болады?

Омбы қарды жылумен ерітейік,

Күнді шақырайық!

Барлығы: Күн бізге көмектесші,

Қарды ерітіп, Көктемді келтірші.

 

(Күн сәулесі жүгіріп шығады)

Күн сәулесі: Мен күннен хат әкелдім,

Апта басында аяз кетіп, күн жылынады.

Көктем келеді.

(кетіп қалады)

 

3 бәйшешек қыз: Алақай! Көктем келді.

Мен оны бірінші қарсы аламын

(Омбы қарға қарап)

Омбы қар қалың қалай?

 

Омбы қар: Маңдайым терледі!

Жіпсіп барам, әзер демалам.

Күнді қалқалап жабыңдаршы, өтінемін!

 

4 бәйшешек қыз: Көктем келді омбы қар!

Күншуақты жеңе алмайсың.

Кәрі ата болсаң,

Енді бұлақ болып ағасың!

 

 

 

 

 

 

Омбы қар: Енді не істеймін? Мен еріп барамын,

ағып, ағып, ағып ба –ра – мын! (кетеді)

 

5 бәйшешек қыз: Біз әдемі гүлдедік

Әсем көңіл – күй сыйладық

Күн шықты, қыр көрінді

Көктем келуге асықты.

 

Би «Бәйшешектер»

 

(Би соңында Көктем кіреді)

 

Көктем: мен Көктеммін! Жерді ұйқыдан оятамын. Егісте,

қырда, орманда барлық жерде көктем орнайды, мерекемен

құттықтап, барлығыңызға ұзақ ғұмыр, күндей жылы көңіл,

жаймашуақ өмір тілеймін. Мерекеге арнап бәйшешектер

гүлін сыйға тартамын.

 

(Омбы қарды ашып, бәйшешек – сыйлықтарды береді)

 

Көктем: (Құттықтау сөздері)