Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Аналар мен әжелерге арналған көктемгі концерт. Дайындық тобы

                 Аналар мен әжелерге арналған көктемгі концерт

8 бала залға музыкамен кіреді

1бала: Таң атқаннан әндеткен торғай не дейді?

2 бала: Анашымның күні келді, тұратын кез келді дейді!

3 бала: Терезе сыртындағы сүңгілер сыңғырлайды, сыңғырлайды.

4 бала: Аналардың мерекесін есімізге түсіреді.

5 бала: Даладағы ерке бұлақ сылдырлап не дейді?

6 бала: Сүйікті әжеме қоңырау соқ деп ескертеді.

7 бала: Тарғыл мысық миялау не туралы ән айтады?

8 бала: Аналардың мерекесі келді, қонақтарды шақыр дейді!

(барлық балалар өз аналарын алып шығып, үстелге отырғызады)

                          Өздері жартылай шеңберге тұрады.

ӘН «       Еркелеймін         шаттанам »

Жүргізуші: Шын жүректен қарапайым сөздермен кәнекей достар ана туралы бірер сөз айтайық...

Тақпақтар:

 

1бала: Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін

Анам менің – алтыным.

 

2 бала: Айналайын анашым,

Әлемдегі жан асыл.

Болса маған не керек,

Бәрін іздеп табасың

3 бала:

Ана біздің күніміз,

Ананың біз гүліміз.

Ұланды ана, қуаентып,

Ұзақ өмір сүріңіз.

 

4. Анам барда мақтанам

Ақылшым ғой, жақсы анам.

Еркелетссең еркелеп,

Көңілім толып шаттанам

5. Сен көңілін анамның

Қалай іздеп таба алдың.

Үйде жинап күнде мен,

Құттықтадым тақпақпен.

 

 

 

 (балалар аналарының жанына барып отырады)

2 конферансье бала шығады

1к: Бұл залда біз қазір,

Концерт өткіземіз.

Жүргізушілерді таңдаймыз,

Содан соң әншілерді таңдаймыз.

 

2к: Концерт керемет болады,

Көргендер таңдай қағады.

 

1к: Аналарға бақыт тілеп,

Би билеп, ән айтамыз.

Анамызды құттықтап,

Шуақты күн тілейміз!

 

2к: Тырысып, асықтық,

Ән, би үйрендік.

Қараңдаршы жақсылап,

Билейік енді қатырып.

 

БИ «Қыздар, ұлдар» - «Девчонки, мальчишки»

1к: Күн шуағын мол таратып,

Бізге қолын бұлғайды.

Мерекемен сіздерді,

Балаларыңыз құттықтайды.

 

2к: Нұрлы шақта құс келіп,

Нулы бақта сайрайды.

Құлақ салып естісең,

Құрышың бір қанбайды.

ӘН: «     Нұрын төккен маған    »

 

1к: Қары еріп даланың,

Арықтардан су ақты.

Ақ жүзіндей ананың,

Күндер келді шуақты.

 

2к: Сыңғыр күлкі сыңғырлап,

Би билеуге шақырып.

Кавалерлер тұрмаңдар,

Бикештермен билеңдер.

 

БИ «Танго»

 

1к: Осы кең, жарық залда,

Тақпақ айтайық тақылдап.

Әжелер мен аналар,

Тыңдаңыздар құлақ сап.

 

Тақпақтар:

Еркелесем күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым, күнім дейтін

Анам менің – алтыным.

 

Сегізінші наурыз күні

Мейрамдайды балалар

Аналардың шаттығын

 құттықтайды балалар

 

Айтсаң болды тіл алам,

Әйбат анам, ай анам,

Сен керексің қайда да

Жүре берсем қасыңда,

Әйбат анам, ай анам

Ботам деген даусыңнан

Мен де мәз болып оянам

 

2к: Әзіл – қалжың, күлкімен,

Көңіл көтерейік.

Сіздерді шақырып,

Ойын ойнайық.

 

 

ОЙЫН: «Аналармен»

 

(3-ші,4-ші конферансьелер шығады)

3к: Осы керемет концертте ең бастысын ұмытпайық.

 

4к: Анамыз бен әжемізді жақсы көріп, оларды ешқашанда ұмытпаймыз!

 

3к: Әрі қарай не істейміз, қызық болып тұрғаны?

 

4к: Әжелерге ән айтамыз, қабыл алыңыздар!

 

ӘН: «Әжеме »

3к: Келесі бөлім жай емес,

Әжені ол қуантар.

Көңілім жай табар емес,

Әзілді кім айтар?

 

4к: Жан әжемнің өмірі,

Таусылмайтын жыр екен.

Жырлап қана қоймаймыз,

Билейтіндер кім екен?

 

БИ «ГАРМОШКАМЕН БИЛЕЙТІН ҰЛДАР»

 

3к: Әжеміз билейді, ән айтады,

Содан кейін бізбен ойын ойнайды.

 

ОЙЫН «Әжелермен бірге»

 

4к: Әжелерге арнап, әзілкеш ән айтамыз,

 Қол шапалақтап құрбыларды қарсы аламыз.

 

Айтыс:

Ұл: Ата – баба дәстүрін

Үйренуден қашпаймыз

Айтыс десе сәнделіп

Қыздар іздей бастаймыз

 

Қыз: Ақын болып сен  келсең

Ақын қызың мен болам,

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсың мен болам

 

Ұл: Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды – ақ

Сыйлық, тақпақ дайындап

Айтып берер тақылдап.

 

Қыз: Мерекеге дайындалып

Қыздар бүгін сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды

Ұлдардан қай жері кем еді.

 

Ұл: Қоштасайық халықпен,

Ақындарын сыйлайтын

Мерекемен құттықтайтын

Ұлдары ғой данышпан.

 

1 қыз: Қоштасатын кез келді,

Ақындарын тыңдаған.

Ұлдарынан қалыспаған,

Қыздары  ғой данышпан

 

 

(5-ші, 6-шы конферансье және барлық ұлдар шығады)

 

5к: Көкке бояп өңірді,

Көктем келді көңілді.

Наурыздың шуақты күніне,

Қуаныш нұры себілсін.

Мерейлі шашу шашылсын.

 

6к: Сүйкімді қыздар, назды қыздар,

Шат күлкіге тоймаңдар!

Нәзік болып, көз тойдырып,

Көктемгі құттықтауды қабыл алыңдар!

 

Барлық ұлдар: ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

1ұл: Асқақ көңіл мерекесімен,

Көктем мерекесімен,

Біздің қыздарды құттықтаймыз!

 

2ұл: Күн нұрына бөленіп,

Жүре берші қыздар – ай,

Ақ тілекпен есейіп,

Өсе берші қыздар – ай!

 

 (ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді)

 

(4 гусар шығады)

 

1г: Анашым ұрса көрмеші,

Таңды қарсы алайын.

Қыдырып бір мауқымды басып,

Сегізге толғанымды білдірейін.

 

2г: Ашық айтып, сыр ақтарып,

Күлкілі болса да айтайын.

Қыздарға ылғи жылы қарап,

Жігіт болғанымды білдірейін.

 

3г: Бауырын ренжітпейтін,

Жаман сөз айтпайтын.

Биязы, тәрбиелі,

Дені ылғи сау болатын, ол гусар ғой сарбазың!

 

4г: Киімдерді шашпайтын,

Босқа жыламайтын.

Қыздардың шашын жұлмайтын,

Керісінше, оны биге шақыратын, ол гусар ғой сарбазың!

 

БИ «БИКЕШТЕР МЕН ГУСАРЛАР»

 

5к: Гусарлар қандай керемет,

Билегені тамаша.

Бикештер де қалыспай,

Билеп берді жараса.

 

6к: Гусарлар билеп қана қоймай, олар епті, мықты, ойын да ойнай алады.

 

ОЙЫН «ҚЫЗДАРМЕН».

 

(7-ші, 8-ші конф. шығады).

 

7к: Иә, бөлім деген көп екен!

 

8к: Мерекеге жарнама да керек екен!

 

7к: Балабақша базарлы үй,

Қаладағы ажарлы үй.

Күлкісі бар шуақты,

Өз үйіміз сияқты.
 

8к: Бізде тәрбиеші апайлар, медбикелер, аспазшылар, мүдір бар,

Бассейнде жүзу шебері бар!

 

7к: Бізді қалай үйретеді,

Әнге, биге басқалар.

Ол туралы көрсетеді,

Биге тұрған балалар.

 

Би «Түрлі түсті бұршақтар» - «цветные горошины»

 

8к: Өмір сүру қызықты болу үшін,

 Қатырып бір ән айтайық!

 

7к: Әке туралы, күн туралы,

Анаға ән айтайық.

Осы күнде жан салмайтын,

Әкені бір мақтайық!

 

\ӘН «8 НАУРЫЗ КҮНІ ӘКЕМЕ...»

 

ОЙЫН «ӘКЕЛЕРМЕН»

 

(9-шы, 10-шы конферансьелер шығады)

 

9к: Мерекені жалғастырып,

Қонақтарды шақырайық.

Қошеметті аямай көрсетіп,

Алақанды соғайық.

 

(шапалақтайды, залға 2 секпілдер кіреді)

 

1 секпіл: Біз асығып, жүгіріп келдік,

Қайда тап болдық?

 

10к: Мұнда ерке  ұлдар мен қыздар бар.

 

1 секпіл: Иә, бала шынымен көп екен. Бұл не?

 

Балалар: Балабақша!

 

2 секпіл: Әйтеуір келдік – ау,

Әйтеуір таптық –ау!

 

1 секпіл: Біз көңілді жүретін секпілдерміз!

 

2 секпіл: секпіл шіркін сұрамайды,

Бетті жайлап алады.

Қанша жуып ысқыласаң да,

Орны бәрібір қалады.

 

1секпіл: Сабынға бағынса ғой,

Аямас едім, жан қалмай.

 

9к: Несі бар, құрбылар,

Сендерді күн жақсы көреді,

Сондықтан секпіл деп ат қояды.

 

1,2 секпіл бірге: Күн жақсы көре ме? Міне керемет!

 

10к: Күн шуағы мол,

Мейірімді және ыстық.

Осы мерекеге неге сонда,

Келуге асықтық?

 

1-секпіл: Көктем балаларды табыңдар деген әмір берді, сондықтан балабақшаға сол үшін келдік. Сендер көңілді балалар емессіңдер ме? Бос қарап отырмаймыз ғой?

 

9 к: Таң атқаннан кешке дейін,

Көңілді күлкі естіледі.

 

2- секпіл: Бірге ойнайық,

Ән айтып, би билейік.

Бүгін бізде мереке,

Келіңдер, көңіл көтерейік!

 

1-секпіл: Бүгінгі күн мереке,

Бүгінгі күн арман!

Кәне шеңбер құрыңдар!

Мерекелік би билеңдер!

 

БИ «СЕКПІЛДЕР»

 

10 к: Үлкен де біледі, кіші де біледі,

Ана болу өте қиын екенін.

Барлық ісін санап болмайды,

Демалуға да уақыт жоқ екенін.  

 

9к: Тамақ пісіреді, кір жуады,

Түнде бізге ертегі айтады.

Таң сәріден ықыласпен,

Жұмысқа баруға дайындалады.

 

2-секпіл: Кәне, сұлулар көрсетіңдерші, аналарың қалай жұмысқа дайындалады екен?

 

ӘН «СӘНҚОЙЛАР» - «МОДНИЦЫ»

 

ОЙЫН «СӘНҚОЙЛАР»

 

1-секпіл: Сылдырлаған бұлақ не деп ән айтады?

 

Балалар: Орман сыбдыры туралы!

 

2-секпіл: Жел не деп ән айтады?

 

Балалар: Аспан туралы!

 

1-секпіл: Әрдайым жер не деп ән айтады?

 

Балалар: Көктегі күн тралы!

 

2-секпіл: Сендер мен біз не туралы ән айтамыз?

 

Балалар: Ана туралы, көктем туралы!

 

(БАЛАЛАР СЫЙЛЫҚТАРЫН АЛЫП, ЖАРТЫЛАЙ ШЕҢБЕРГЕ ТҰРАДЫ)

 

ӘН « Анама туралы ән» - Песенка маме

 

9к: Сыйлық  дайындадық,

Сіздерге табыс етеміз.

Мереке күнінде береміз деп,

Кезінде уәде еткенбіз.

 

(аналарына сыйлық береді)

 

1-секпіл: Балалар, сендермен болған әрине қызық, бірақ қоштасатын кез де келді.

 

2-секпіл: Көктемге көмектесуіміз қажет, біз оған керекпіз. Мерекелерін құтты болсын балалар!

 

(Секпілдер шығып кетеді)

 

10к: Осымен концерт аяқталды,

Денсаулық тілейміз!

Әрқашанда жас болыңыздар деп,

Шын жүректен алғыс білдіреміз!

  

9к: Әрқашанда шаттық болсын,

Өмір сонысымен қызық!

Шуақты күндер қуантып,

Балаларыңыз аман болсын!