Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Айдаһар жылын қарсы аламыз Ересек тобына арналған ертеңгілік

               Айдаһар жылын қарсы аламыз

 

Ересек тобына арналған ертеңгілік

 

Үлкендер:

 

Аязата

Ақшақар

Шапокляк

Қолтырауын

Қоян

 

Балалар:

Қыздар – папуастар, ұлпақарлар

Ұлдар:

Қояндар

Қолтырауын

 

           Балалар музыкамен кіреді де, жартылай шеңберге отырды.

 

1 бала: Ескі жылмен қоштасып,

Қиынды артқа қалдырдық.

Көңілге кірбің түсірмей,

Жаңа жылға дайындалдық.

 

2 бала: Асығады арсың – гүрсің,

Асыққаны соншалық.

Сұрағым – ақ келеді,

Келер жыл қалай болар деп?

 

3 бала: Жаңа жыл еш кідірместен,

Мынадай жауап береді.

Қуантуға асығамын,

Шаттыққа толы болсын деп!

 

Жүргізуші: Барлық жер жайнап, жарқырап кетіпті, шырша шамын жағайық, ән айтып, би билейік.

 

4 бала: Залымыз көркем, шыршаға әне қарашы,

Жарқ – жұрқ етіп тұрады.

Балаларды тез қуантшы,

Шамдарың сонда жанады.

                             (шырша жанады)

 

                   Хоровод «Шырша жыры»

Балалар орындыққа отырады, Қалқаңқұлақ бала шығады.

 

Қалқаңқұлақ: Сәлеметсіңдер ме!

Мен Қалқаңқұлақ болам,

Аздап сіздерден қорқам.

Досымды іздеп жүр едім,

Сұрайын деп сендерге келдім.

Көрген жоқсыздар ма?

 

Жүргізуші: Досың не екен?

 

Қалқ: Менің досым қолтырауын,

Біледі екен, кім оның барын?

 

Балалар: Жоқ! Білмейміз!

 

Қалқ: Әндеріңді естіп осында келген шығар деп ойладым.

(Басқа қалқаңқұлақтарға қарайды)

            Маған қалай ұқсайсыңдар,

            Мүмкін туысым боларсыңдар?

            Қобалжып тұрмын мен біраз,

            Туысты көргенім рас.

(балалар: Иә)

            Мына ағаш сондай қызық,

            Төбесі күміс, ойыншығы көп.

            Алар ма еді өзін бұзып,

            Тұрғанын қарашы қыста гүлдеп.

Мен қайда тап болдым, сендерде кеш болып жатыр ма?

 

Жүргізуші: Иә, Қалқаңқұлақ, сен дұрыс айтасың, балабақшаға тап болдың, балаларда шырша тойы болып жатыр, олар ән айтып, би билеп көңіл көтеруде. Бізде қалсаңшы?

 

Қалқ: Рахмет, мен барып досым қолтырауынды тауып алайын, сосын екеуіміз сендерге шыршаға келеміз.

 

Қоян кіреді (үлкен кісі),жаздық киім киінген, қолында шабадан, онда ласты, кепеш, ракетка бар.

 

Қоян: Сәлем, сен несің?

Қалқ: Мен қалқаңқұлақпын

Қоян: Ал мен қоянмын

Қалқ: Мен досымды іздеп жүрмін. Көрген жоқсың ба?

Қоян: Түрі қандай?

Қалқ: Қалай түсіндірсем екен, жоқ, мен одан да билеп берейін.

 

Жүргізуші: Қалқаңқұлаққа көмектесейік, әйтпесе ол батыл емес екен, кәне қалқаңқұлақтар, шығыңдар, билеріңмен достарыңды қуантыңдар.

 

                        «Қалқаңқұлақтар» биі

 

Қоян: Шынымды айтайын,

Қолтырауынды көрген жоқпын.

Іздеп оны қобалжымайық, одан да Айдаһар жылын қарсы алайық.

Бұл жыл заң бойынша, Қолтырауын мен Айдаһар жылы деп аталады.

Қолтырауын сені іздеп,

Балабақшаға өзі келеді.

Асығып тұрмын, кешірші,

Кешігемін, әйтпесе, жүгірейінші.

(шабадан ашылады, заттары жерге түсіреді)

 

Шырша артынан Шапокляк Ақшақар болып киініп шығады және әндетеді:

 

Шапокляк: Мені барлық балалар біледі,

Ақшақар деп атайды.

Менімен көңілдері босап,

Терезелерді сындырады.

Амансыңдар ма, балалар, амансыңдар ма?

Мен Ақшақармын, таныдыңдар ма?

Мені неге шақырмайсыңдар?

Атамды тостыңдар ма?

Тосып – тосып шаршайсыңдар әлі.

(Қоянды көріп)

Сен несің? Нендей ғажап жансың?

Қайдан келдің, қайда барасың?

Қар түскелі қаншама,

Сен неге келдің мұнда?

Мезгілге сай киінбепсің,

Шолақ шалбар, бас киім мынау,

Шырша маңында жүргенде,

Мүмкін саған суық болар?

 

Қоян: Азаматша, сіздің шаруаңыз қанша?

 

Шапокляк: Мен азаматша емеспін, түсінемісің?

Ақшақармын, білмейсің бе?

Әлде ұқсамаймын ба?

Онда балалардан сұра.

 

Қоян: Балалар әрине біледі,

Мұндай Ақшақар мүлде болмайды.

 

Шапокляк: Несі бар, несі бар,

Аздап ұқсайтыным рас.

Бұл менің карнавалдық киімім ғой,

Әдемі емес пе, қарашы!

Саған жаз киіміңнің керегі не?

Сен де карнавалға барасың ба?

 

Қоян: (заттарын шабаданға салып жатып)

Жыл бойы еңбек еттім,

Аздап шаршадым,

Шет елге ұшамын,

Демаламын, күнге қыздырынамын.

Жылы теңізге суға түсіп,

Жағажайда серуендеймін.

 

Шапокляк: (ласты алады)

Асықпа олай, қояным,

Сенің жылың әлі біткен жоқ!

 

Қоян: Демалысым, күйді – ау, менің,

Қап бәлем!

 

Шапокляк: Иә, иә, иә.

Бәрі бекер, бәрі бос,

Ластыңды киіп көрейінші,

Дәл екен, тура аяғыма құйып қойғандай!

Аяқтарым билеп кетті ғой.

 

Қоян: Бұл жерде еркелеуге болмайды,

Одан да ойын ойнайықшы!

 

                        Ойын «Ластымен шырша маңын айналып жүгір»

Шапокляк: Кәне кепешті берші, киіп көрейін!

 

Қоян: Бермеймін, саған сенбеймін!

Алып – ап, бермей қойсаң,

Қыздырынуға қалай барамын?

 

Шапокляк: Кепешіңді қайтарып беремін, уәде етемін,

Мүмкін саған кигізермін....

Өй, құлағыңды қайда жіберемін?

(кепешті көзіне тартып кигізеді)

Жоқ, міне осылай дәл болады.

Енді бізді іздеп тап.

 

                        Ойын «Тығылмақ»

(Шапокляк шабаданды алып қашады, көзі байлаулы Қоян кішкентай көжекті ұстап алады)

 

Қоян: Құлағы менікіндей, ұзын, құйрығы мамық жүнді, ол да менікіндей. Мен болмасам, бұл кім болды сонда?

                (кепешті шешеді)

Өй, мынау менің кіші бауырым ғой.

Ұстадым сені сотқар көжек,

Кәне айт, Шапокляк қайда?

Таба алмай жүрмін.

 

Жүргізуші: Өтірік айтқаны үшін, ол ұялып кетіп қалды.

 

Қоян: Дұрыс, Шапокляк кеткеніне ренжімей, ойынымызды әрі қарай жалғастырамыз.

 

                        Ойын «Дауысынан таны»

 

                                                           Ақшақар келеді.

 

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, достарым,

            Таныдыңдар ма, мені?

            Дұрыс, мен Ақшақармын,

Күткендерің көрініп тұр.

Жаңа жыл – ғажап мереке,

Барлық жерде ән, би орындалып жатыр,

Мен де бекер келмеген шығармын,

Шыршаларың қандай әдемі,

Шамдары да жарқырап жанып тұр.

Кәне, бәріміз шеңберге тұрып ән салайықшы.

 

                        Ән «Жаңа жыл» - хоровод

 

Ақшақар: Аязатамыз қайда екен?

Келмей қалуы мүмкін емес.

Мүмкін сендердің балабақшаларыңа жол таба алмай жүрген шығар.

 

Қоян: Қояндар, бауырларым шығыңдаршы, бұлай жалғастыра беруге болмайды. Тезірек шығып, Аязатаны табуға көмектесіңдер.

            «Қояндар» биі

(биден кейін Қоян кетеді, Шапокляк Аязата болып киініп келеді)

Шапокляк: Мен Аязатамын, мұрным үлкен,

Сендерге сыйлық әкелдім.

Амансыңдар ма, бұзықтар,

Амансыңдар ма, еркелер?

Сен де Ақшақар, кенже қыз,

Көп сөйлейтін былшылдақ қыз.

Саған ренжіп тұрмын, әй-әй-әй, ұялмайсың ба?

Атаны ұмытып, менсіз, балалар мерекесіне қалай келдің?

 

Ақшақар: Ата, мен сені танымай қалдым? Сақалың қайда?

 

Шапокляк: Мен Аязата екеніме сенбейсің бе?

 

Ақшақар: Сыйлықтарың қайда, не әкелдің?

 

Шапокляк: Міне олар, сыйлықтар,

Үлкендерге де, балаларға да жетеді!

(пустышкаларды алып шығады)

 

Ақшақар: Мынау неткен сандырақ,

Мынауың не, аташым!

Балалар сені қызық үшін,

Тәтті кәмпит, сыйлық үшін

Тосып отырмай ма?

 

Шапокляк: Түкте етпейді, осылай да жарайды!

 

Ақшақар: Әлі де бұзықтық көрсетіп жүрсің бе?

Қашан қоясың?

Қалай ұялмайсың, әжетай Шапокляк?

 

Шапокляк: Балапандарым менің, әзілдесуге де болмай ма?

Сендерге ренжіп қалдым, бұл менің екінші карнавалдық киімім ғой.

Негізінде сендерді қуантайын деп келдім, қалай айтсам екен, Аязаталарыңды тоспаңдар, бұл жылы ол сендерге балабақшаға келмейді екен. (күледі).  Бір қызығы, сендерге балабақшаға келгеннің орнына, Аязата Африкаға кетіп қалыпты! Міне ғажап! Асығамын деп, бәрін бүлдіріп жүр. Ұшақтарын ауыстырып алыпты, жоғалып, еріп кеткен шығар.

 

                        Қоян жеделхатпен келеді.

 

Қоян: Жеделхат келді балалар,

Оқиын кәне, тыңдаңдар:

«Қымбатты ұлдар мен қыздар,

Қалқаңқұлақтар мен көжектер,

Қобалжып отырғандарыңды білемін,

Біз аталарың екеуіміз жолдамыз, келіп қалдық, келеміз қазір.

Бәрі дұрыс, біз келгенше папуастарды қарсы алыңдар! Мен оларды мерекеге шақырдым».

         Гена қолтырауын деп қол қойыпты

 

                                    Би «Папуастар биі»

 

(музыкамен Гена кіреді, тоңазытқышты шанаға салып алады, шырша артына қояды, артынан Аязата шығады)

 

Аязата: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Ұлдар мен қыздар!

Амансың ба, Ақшақар, немерем менің,

Әлде мені тоспап па едің?

 

Ақшақар: Сәлеметсіз бе, ата! Келгеніңе қуаныштымын!

 

Аязата: Мен де өте қуаныштымын, бәріңе иіліп сәлем беремін. Жолым алыс болды, мені көп тостыңдар ма?

Сендерге асығамын деп, басқа ұшаққа отырып қойыппын, ұшақ мені Африкаға жеткізді, мен еріп кетемін деп қорыққанымда, Гена қолтырауын кездесіп, мені тоңазытқышқа салып қойды. Кәне қоян жылын шығарып салып, қолтырауын – айдаһар жылын қарсы алайық.

 

Балалар: Қош сау бол, қоян жылы!

Қош келдің  қолтырауын – айдаһар жылы!

 

(Қоян кетеді, қолтырауын шырша алдына шығады)

 

Қолтырауын: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сендерге қонаққа келгеніме өте қуаныштымын.

Осы жылы менің жылым келеді.

Жаңа жыл – қолтырауын – айдаһар жылы деп аталады.

 

Аязата: Ал, балалар, мен келгенше іштерің пысқан жоқ па? Ешкім бұзықтық жасаған жоқ па?

(балалар Шапокляк келді деп айтады)

 

Аязата: Шапокляк келді дейсіңдер ме? Бұзықтық жасады ма?

 

Шапокляк: Аязата, аташым,

Мен жай әзілдеп едім, көңілді болсын деп ойладым.

 

Аязата: Олай болса, кешірейін сені, солай ма, балалар?

Кәне достар шығыңдар,

Шеңберге тұрыңдар.

Барлығың тұрып,

Әсем әнді бастаңдар!

 

                        Ән «Аязата»

 

Аязата: Сендермен билеп жүргенде биалайымды жоғалтып алыппын, балалар, көрген жоқсыңдар ма?

 

Ақшақар: Көрдік! Таптық! Ата сен оны енді қуып жет!

 

                                    Ойын «Биалай»

 

Аязата: Кәне, отырайын, енді маған тақпақ айтып беріңдерші!

 

Тақпақтар:

 

 

 

                        Ән «Біз шадыман баламыз»

 

Аязата: Ойын ойнайық, көңіл көтерейік.

 

                                    Аязатамен ойын

 

Аязата: Ақшақар мен ыстықтап кеттім, ұлпақарларды шақыршы.

 

Ақшақар: Ұлпақарлар шығыңдар, апаларыңмен би билеңдер!

 

                        «Ұлпақарлар» биі

 

Шапокляк: Аязата, аязата,

Сен сыйлық әкелдің бе?

 

Ақшақар: Ата, кәне сыйлықтарды таратайықшы!

 

Аязата: Әрине, сыйлық әкелдім.

Тоңазытқышқа салып қойдым!

Қазір алып, балаларға берейін.

Мен әкелгенше, сендер билей беріңдер!

            «Жаңажылдық ойыншықтар» биі

 

Аязата: Міне сыйлықтарды әкелдім,

Өздері көп – ақ.

Кәне Ақшақар, Шапокляк,

Маған көмектесіп жіберіңдер,

Сыйлықтарды балаларға таратыңдар!

 

(балаларға сыйлықтарды таратып жатқанда, Шапокляк біреуін сөмкесіне салады)

 

Аязата: Бәрін тараттым....

 

Жүргізуші: Мұнда жетпей қалды!

 

Аязата: Қалайша, көп еді ғой!

 

Шапокляк: Өйбой, (күледі) Аязата, қартайыпсың ғой, сыйлықтарды жоғалтып алыпсың.

 

Қолтырауын: Өтірік айтасың, Шапокляк, сен бір сыйлықты тығып қойдың!

 

Шапокляк: Не дейсің? Мен.... мен... емеспін, сыйлықты алған жоқпын.

 

Қолтырауын: Сөмкеңді қарашы...

 

Шапокляк: Рас екен ғой, мұнда егеуқұйрығым әзілдеп, біреуін салып қойыпты.

Балақайлар, міне сендердің кәмпиттерің! Алыңдар, алыңдар! Бәлесінен аулақ! Кешіріңдерші мені, бірде біреуін жеген жоқпын, жай әзілдеген едім.

 

Аязата: Жарайды, міне енді бәрі дұрыс болды. Барлығыңа кәмпит жетті. Менің енді кететін уақытым болды. Сау болыңдар! Келе жылы көріскенше!

 

                        Ақшақар мен Аязата:

Хош сау болыңдар!

 

Әндер:                                                              ойындар:

Шырша жыры                               Шыршаны айналып өт

Жаңа жыл                                      Тығылмақ

Аязата                                            Дауысынан таны

Біз шадыман баламыз                  Биалай

                                                        Аязатамен ойын

 

Билер:

Қалқаңқұлақ биі

Қояндар биі

Папуастар биі

Ұлпақарлар биі,           Жаңа жылдық ойыншықтар