Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Мушкетерлердің басынан кешкендері

Музыкамен залға кіреді

 

          «Мұзды алақандар» биі орындалады

 

Жүргізуші: Даламызға, қаламызға жаңа жыл кіріп келеді

Қартыңызға, жасыңызға жалынды сәлем береді

Келіңіздер , келіңіздер би де билеп беріңіздер

Қызығы мол жаңа жылдың тамашасын көріңіздер!

 

1 бала: Жаңа жылдың таңы неткен арайлы

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды

Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн

Қанаттана кең алқапқа тарайды

 

2 бала: Өлеңді де әзір, ән де әзір

Ойын да әзір бәрі де әзір

Кел жаңа жыл біздерге

Кел жаңа жыл , жаңа жыл

 

           Хоровод «Жаңа жыл»

 

Жүргізуші: Жаңа жылда арналады жаңа жыр

Жаңа жылда шақырады бар өмір

Бақыт болып жаңа жылым келді ғой

Құтты болсын , құтты болсын жаңа жыл!

 

3 бала: Келді, міне Жаңа жыл

Қарсы алайық, бәріміз

Күліп, ойнап, би билеп

Ән салайық бәріміз.

 

4 бала: Келді жылым-бақытым

Кемелденді уақытым

Сәлем саған Жаңа жыл

Жаңа бақыт, Жаңа нұр

 

5 бала: Той, мереке, салтанат

Думандатты шартарап

Келді, міне Жаңа жыл

Татуларын арқалап.

 

6 бала:

Аппақ, аппақ қар аппақ

Қар жамылған дала аппақ

Қырыу қырау тал аппақ

Айналаның бәрі аппақ

 

7 бала: Аппақ біздің шанамыз

Аппақ қардан ағамыз

Шырқатып ән саламыз

Біз шадыман баламыз

 

8 бала: Кел достар бастайық

Бастайық жыл басын

Қызықтан бос қалып

Кең бала қалмасын

 

 

 

 

9 бала: Қош келдің жаңа жыл

Бізбенен жүр ойна

Жамылып аппақ гүл

Шыршамыз тұр жайнап

 

10 бала: Болсын қызық салтанат

Болсын қызық мереке

Жаңа жылмен жадырап

Келсін бақыт береке

 

11 бала: Сағындырған баршаны

Аяз ата кел дейік

Ойын ойнап атамен

Ән айтып, би билейік

 

12 бала: Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанады жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап

Шаттанамыз бәріміз

 

 

                               Хоровод «Ақша қар »

Балалар орындықтарға отырады

 

Жүргізуші: Балалар, қыстың ызғарынан қорықпайтын, Борансыз тұра алмайтын. Аязатаның немересі, Кім деп аталады?

 

Балалар: Ақшақар

 

Жүргізуші: Міне музыка да ойнады, Ақшақар да келіп қалды.

(музыка ойнайды, Ақшақар кіреді)

 

 

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Шыршаның шамын жағайық па?

 

Балалар: Иә!

 

Ақшақар: Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық!
Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат! (3 рет айту керек)


Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды.

 

Жүргізуші: Міне шырша оянды,

Бар балаға күледі,

Хороводты бастаймыз,

Шыршаға ән айтамыз

                  Хоровод «Шыршаға бардық»

 

Балалар орындықтарына отырады

 

Жүргізуші: Ақшақар, айтшы, атаң қайда?

 

Ақшақар: Жолда бөгеліп қалған шығар,

Келетін уақыты болды.

Кәне дауыстап шақырайын,

Аязаталап алайын

Жоқ, мен аздап әлсіз айғайладым,

Кәне балалар көмекке келіңдерші!

 

Балалар: Аязата!

 

(Музыка ойналады. Ұшақтың дыбысы шығады, Мыстан кемпір сыпырғышпен ұшып кіреді, ешкімді көрмейді, қолында аязатаның таяғы бар)

 

Мыстан кемпір: Ух, қандай тамаша таяқ, керемет екен! Оны қалай бүлдірсем екен? ОООО, мен шыршадан шамдарды жұлып алайын, сосын шамдарды  менің ормандағы үйшігіме апарып іліп, жарқыратып қояйын. Бәрі маған қызғана қарасын.

(шамдарға таяқты тигізеді) Кәнекей, шамдар қапшыққа еніңдер!

 

(Шыршадағы шамдар жанып, өшеді)

 

Жүргізуші және Ақшақар: Біз саған бөгет жасамаймыз ба? Мыстан кемпір!

(Мыстан барлығын көріп, шошып кетеді)

 

Мыстан: Ой, мен, мен емес..... Бұл мен емес..... міне....мына....бала.

 

Жүргізуші: Мыстан кемпір, сен неге біздің шыршамыздың шамдарын алдың? Аязтамыздың таяғы неге сенде?

 

Мыстан: Мен оны ұрлаған жоқпын, таяқты орманнан тауып алдым! Қойшы, Аязатада әлі таяқ деген жетеді. Ал менде, осындай кемпірде, ештеңе жоқ (жылайды) Шамдарды мен сендерге бермеймін.

Бұл не қылған шу, қызық, жиналған қауым?

Қазір мен сендерге мерекені көрсетем, бәріңді қуып жіберем.

Мен мыстан кемпірмін, зұлымдықтың иесімін!

 

Жүргізуші: Мыстан кемпір, ашуланба, ұрыспа

Сен балабақшаға келдің, балаларға қарашы,

Әдемі киінген, ғажапты күтіп отыр!

 

Мыстан: Мен қызықты құртамын, сендерді үйге жіберемін.

 

Жүргізуші: Біз ешқайда бармаймыз, рас па балалар! Иә!

Біздің мерекеге аязатамыз келеді, Бізбен бірге ойнайды, би билейді, балаларға сыйлықтарға таратады.

 

Мыстан: Сендер аталарыңды күтпеңдер, ол бүгін келмейді. Сыйлықтарды да күтпеңдер, ештеңе әкелмейді!

 

Ақшақар: Неге?

 

Мыстан: Солай! Мен аязтаны алдадым, оның сиқырлы таяғы енді менде! Мен оны сендерге бермеймін, тіпті сұрамаңдар! Ха-ха – ха!

(мыстан кетеді)

 

Ақшақар: Балалар, енді не істейміз. Мынау қиын болды ғой. Жарайды, мыстан қу болса, біз одан өткен қумыз ғой. Кәне мен көмекке мушкетерлерді шақырайын. Олар тез барып, әндетіп, шулатып, соғысып, ханшайымның моншағын да әкеліп берген. Көмектессе солар көмектеседі.

            Сиқырлы сөздерді айтады......

 

Ақшақар: Сиқырлы ұлпақар,

Алысқа ұшшы,

Мушкетерлерге

Бір хабар берші!

 

Музыка ойнайды, мушкетерлер-ұлдар шығады. Бас иеді.

 

1 мушкетер: Ханым, бізді шақырдыңыз ба?

Біз әміріңізге құлдық дейміз.

Барлық достар мушкетерлер,

Көмекке келдік дейміз!

2 мушкетер: Барлығы біледі,

Мушкетер керемет дос болар!

Бірі бәрі үшін, бәрі біреу үшін,

Ешқашан ешкімді тастамайды.

 

 

             Мушкетерлер биі: Мансур, Мансур, Ерназар, Нұрасыл, Карим, Абылайхан, Мадияр, Айтуар

 

Ақшақар: Иә, құрметті мушкетерлер, мен сендерді шақырдым. Бізге көмектесе аласыңдар ма? Мыстан кемпір, Аязтаның сиқырлы таяғын ұрлап алып, бізге келіп, шыршаның сиқырлы шамдарын шешіп алды, ал сиқырлы таяқсыз сиқыр да, Жаңа жыл да, сыйлықтар да болмайды. Олардың барлығын тауып алып, жаңа жылдық мерекеге дейін әкелу керек. Мыстан кемпір ну орманда тұрады, ал орман сиқырлы аралда тұр, онда тек кемемен ғана жүзіп баруға болады.

 

 

Мушкетерлер: Әрине, көмектесеміз.

 

Ақшақар: Рахмет, достар, абай болыңдар! Ал мен кеттім, атама не болғанын айтайын.

     (Ақшақар кетеді)

 

1 мушкетер: Жолымыз ауыр,

Борышымыз көп

Ақшақарға тез арада

Борышты көмек керек.

 

2 мушкетер: Көкжиекте кемелер,

Жолымыз болды.

Кемеге тез барайық.

Атаның таяғын табайық.

 

 

 

Мушкетерлер кетеді. Музыка ойналады. Қарақшылар шығады.

 

                     Қарақшылар биі: Асланбек, Ерасыл, Аңсар Б., Самат, Шахназар, Санжар, Аңсар Ж., Ералы, Айсұлтан

 

1 қарақшы: Біз епті қарақшымыз,

Шетінен мықты жігітпіз.

Барлығын ұрлап, барлығын жырлап,

Олжаға әбден кенелдік

 

2 қарақшы: Жаңа жыл да келеді, Барлық жұрт қуануда, Ал біз болсақ, Құр алақан отырмыз.

 

3 қарақшы: Естисіңдер ме, кемеге біреулер шығып келе жатқан сияқты.

 

3 мушкетер: Бонжур, қарақшылар,

Епті балалар,

Бізге көмек беріңдер,

Аралға тез жеткізіңдер!

 

4 мушкетер: Кәрі мыстанды іздейміз,

Анау жақта ол болар,

Сиқырлы таяқты аламыз,

Ақшақардың тілегі сол болар!

 

3 қарақшы: Көмекке келеміз,

Мұндай оқиға болса,

Теңізде тез жүземіз

Қайда керек болса, сонда апарамыз.

 

            Қарақшылар мен мушкетерлер «жүзеді» (мушкетерлер қарақшылардың арқасынан ұстайды)

 

1 қарақшы: Жер, жер, зембілді түсір!

 

2 қарақшы: Біз жағаға келдік.

 

3 қарақшы: Міне достар, енді қоштасамыз,

Жолдарың болсын!

             Мушкетерлер қарақшылармен қоштасады, қарақшылар кетеді.

 

Жүргізуші: Бар жолды бұрқасын жауып тастады, мушкетерлер Мыстанның үйін қалай табар екен? Кәне жұлдызшалар аспаннан түсіп, мушкетерлерге жол көрсетіңдер!

 

1 жұлдыз: Қараңғы аспанда, күміс мүйіз,

Құрбыларды жинайды,

Құрбылар бірге қосылып,

Шеңберге келіп тұрады.

 

2 жұлдыз: Олар билеп, бұралар,

Барлығы оған таң қалар!

Бұлттар да қарап сүйсінер,

Жел де көріп бір тынар!

 

 

                     Жұлдызшалар биі: Толғанай, Жасмина, Қ.Мерей, Медина Р., Наргиз, Айару, Азалия

 

3 жұлдыз: Біз ғажап жұлдызбыз,

Аспанда жарқыраймыз.

Жаңа жылдық кешеке келіп,

Балаларға көмектесеміз!

 

4 жұлдыз: Көмекке жұлдызды жарық келер,

Айнала жарқырап кетер.

Шамдарымызды алыңдар

Жолдарыңды жарық қылыңдар!

 

 

                  (мушкетерлерге жұлдыздарды береді)

 

Мушкетер: Орман қалың, қараңғы.

Аспанда ай бар.

Ұлпақарлар жауып тұр,

Осы сағатта шырша маңына жиналады, Солардан барып сұрайық.

 

1 шырша: Мен мерекелі шыршамын,

Әрбір үйге барамын.

Моншақтармен, инелермен,

Сәнденіп ылғи аламын.

Әдемі, мерекелі,

Жұлдызы жарқыраған,

Менімен кездескенге қалай қарайсыз

 

 

 

2 шырша: Мен сәнді шыршамын,

Моншақтар, жылтырақты сүйемін.

Бірақ қалай әдемі болсам да,

Жылына бір-ақ рет сәнденемін.

 

                   Шыршалар биі – Диляра, Дарина, А.Мерей, Медина Б., Амира, О.Мерей

 

Мушкетер: Шыршалар, Мыстан кемпірдің патшалығы қайда екенін білесіңдер ме?

 

3 шырша: Жолды білемін,

Мушкетерлер сендерге көмекке келемін.

Жол алыс емес, 2 шақырым бар,

Атаның таяғын алу үшін, тез бар.

 

Мушкетерлер: Рахмет, сендерге шыршалар

 

                     Музыка ойнайды шыршаны айналып жүреді, Мыстан кемпір ұшып кіреді.

 

Мыстан кемпір: Ух, ух, ух! (жан жағына қарайды) Сыпырғыштар, сыпыртқылар, туф адам иісі шыға ма не? Ой, мынаны қара.... (мушкетерлерді қарастырады) бізде қонақтар бар екен ғой! Мыналар қандай әдемі (балалардың басып сипайды) .... өздерің ап-арықсыңдар ғой. Маған бір істермен келдіңдер ме әлде қалай? А? Неге келдіңдер?

Мушкетерлер: Амансыз ба мыстан апа! Мыстан апа бізге Аязатаның таяғын қайтарып берші. Сиқырлы таяқсыз Жаңа жыл өтпейді.

Мыстан: Бере алмаймын....

Мушкетерлер: Неге?

Мыстан: Өйткені ол маған да керек. Аязата маған жаңа жылға сыйлық берген жоқ, мерекеге шақырған жоқ. Мүмкін мен де Жаңа жылды қарсы алғым келетін шығар, әйтпесе мен жалғызбын. Ішім пысады! (қайғырады)...

Мушкетерлер: Апатай, біздің сұлу әжетай, сен қайғырма! Не қалайсың соны айтшы?

Мыстан: Ал мен менімен билегенді қалаймын!

Мушкетерлер: Әрине, әрине. Апатай біз сенімен билейміз, ал сен бізге таяқты қайтарып бер.

Мыстан: Жарайды, алдымен билейік.

 

                                   Жалпы би «Жаңа жылдық полька»

 

Мушкетерлер: Апатай, бер енді таяқты

Мыстан: Бере алмаймын.

Мушкетерлер: Бұл қалай, келісіп едік қой!

Мыстан: Менің тағы бір шартым бар! Менімен ойнаңдар!

 

                          «Пимамен жарыс» ойыны

Мушкетерлер: Енді бер бізге таяқты

Мыстан: Жақсы, апаларыңды қуанттыңдар, биледіңдер, ойнадыңдар. Жарайды, таяқты берейін. Алыңдар.

Мушкетерлер: Рахмет мыстан апа. Келе жатқан Жаңа жылыңмен! Бізге де мерекеге кел!

 

                          Мушкетерлер кетеді

 

Жүргізуші: Балалар, меніңше, біздің ертегімізде бәрі жақсы аяқталып келеді, ендеше бәріміз бірге Аязатаны шақырайық және Жаңа жылды қарсы алайық!

 

Балалар: Аязата!

 

                             Балалар аязатаны шақырады, Аязата кіреді

 

Аязата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ертегіден келдім,

Ойын-сауық, сыйлық әкелдім.

Мұрындарыңды тістейін бе?

Көк пен қызыл боылп шыға келсін.

             (балалардың мұрындарына қолын тигізеді)

 

Аязата: Мен мерекеге жалғыз келген жоқпын, Ақшарыммен келдім, Жол алыс болса да, Жаңа жылға асығып келдім, Мереке басталсын, дайынсыңдар ма?

 

Ақшақар: Ата, мен саған бір нәрсе айтайын...  сенің сиқырлы таяғыңды Мыстан кемпір алып кетті, соны тауып алу үшін мен мушкетерлерді шақырдым, Бірақ олар аздап кешігіп жатыр... Сәті келмеді ме қалай!

 

Музыка ойналады, мушкетерлер кіреді: Аязата! Біз өз сөзімізде тұрып, таяғыңды алып келдік.

 

Аязата: Міне керемет, мушкетерлер, жарайсыңдар! Жұмысты жақсы орындадыңдар, енді мерекені бастайық

Шыршаларыңда жанбапты ғой?

Кәне сиқырлы сөзбен оның шамдарын жарқыратайық! 

Қуант бізді таңырқат 

Шамдарынды жарқырат!

Балалар: Қуант бізді таңырқат

Шамдарынды жарқырат! ( қолдарын шапалақтайды) 

 

Аязата: Барлықтарың айқайламадыңдар ғой деймін,

Мүмкін ата – аналар көмектесер.

Көңілді шеңберге тұрайық, көңілді мерекені қарсы алайық!

 

                     Хоровод « Аязата»

 

Аязата: Менің биалайым түсіп қалыпты, көргендерің бар ма?

Жүргізуші: Міне биалай, бірақ оны сізге бермейміз, Ата қуып жетіп ала ғой!

              

«Биалай» ойыны

Аязата: Кәне ата – аналар отырып қалған сияқты, бір шығып ойын ойнасын.

 

                   Ата – аналармен ойын: «Шыршада не ілініп тұр?»

Ақшақар: Жаңа жылда атаға арнап тақпақтар айтылушы еді, кім тақпақ оқығысы келеді?

 

Тақпақтар

 

Аппақ тонға оранып

Базарлықты мол алып 

Келеді елге сапардан

Аяз ата оралып

 

Ақсақалды ата жылына

Бір ақ рет келіп кетеді

Қызы мен Ұлына

Сыйлық алып келеді.

 

Келді  тағы  жаңа жыл 

Қуантумен біздерді

Аяз ата келеді  

Құттықтауға біздерді

 

Ақ таяғын таянып

Таңмен бірге оянып

Аяз Ата келіп тұр

Ақ  күпеге оранып

 Ал балалар тұрайық

Би  билейік, ойнайық

Аяз Ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық

Көрдің бе Аяз Атаны

Аппақ екен сақалы

Аппақ екен мұрты да

Аппақ екен шапаны.

 

Аязата: Жарайсыңдар, балалар, тақпақ айтып мені қуанттыңдар!

 

                  Жан-жағына қарап, қапшықтың жоқ екенін байқайды.

 

Аязата: Ақшақар, немерем, қапшықты көрген жоқсың ба?

Ақшақар: Жоқ көрген жоқпын.

Аязата: Ақымақ басым ай, қапшықты асығып келе жатқанда омбы қарға түсіріп алдым ғой деймін.

Жарайды, ештеңе етпейді, менің сиқырлы таяғым қолымда ғой. Қазір жерді бір соғып, сиқырлы сөздерді айтамын!

Сүф, сүф, сыйлықтар, күлшелер, кәмпиттер...

 

Ақшақарға қарап: Ақшақар, қарашы ана омбы қарда сыйлықтар жатқан жоқ па?

 

Ақшақар қарайды, қапшық сонда тұрады

 

             (Музыка ойналады, сыйлықтар таратылады)

 

Ақшақар:

Қуаныш көп сыйлаған

Сыйлықтарды жинаған

Кеткелі тұр Ақшақар

Өздеріңді қимаған

Аяз ата:

Аппақ қар боп денеміз

Орман таумен келеміз

Біз Ақшақар екеуміз

Бір жылдан соң келеміз

Сау болыңдар балалар!

 

                  Кетеді