Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Ересек жастағы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамытуға арналған сызбалар мен үлгілік суреттерді қолдану А.Қ.Какашина

«Баланы танымайтын бір бес сөзге үйретіңіз, ол оны түсінбей көп қиналады, бірақ та осындай жиырма сөзді суреттермен қоссаңыз онда бірден түсініп қояды.

К. Д. Ушинский

Көптеген отандық педагогтар мен психологтардың зерттеулері (П. Я. Гальперин, В. В. Давыдов) үлгілеуді қолдану түрлі біліктер мен дағдыларды қалыптастырудың құралы ретінде балалардың зиятты дамуына ұнамды ықпал етеді, кеңістіктік және графикалық үлгілердің көмегімен бағдарлау әрекеті тез және мейлінше оңай жүзеге асады, зиятты және практикалық әрекеттері қалыптасады.

Үлгілеудің ерекшелігі мен мағынасы қасиеттерді қабылдауға көмектеседі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған үлгілеу әдісі түсінікті екені психологтармен дәлелденген (Д. Б. Эльконин, Л. А. Венгер). Ол деректерде үлгілеудің негізінде ауыстырымдылық принципі жатқаны анықталады.

Л. А. Венгердің ойы бойынша «Үлгілеу – ол белгі мен таңбалар әрекетінің түрі, ол нақты бір нысанды зерттеуді ұсынбайды, ал оның үлгілері, деректері аталмыш үрдістің үлгілеу сипаты болып табылады». Нақты зат балалар әрекетінде басқа бір затпен, бейнемен, белгімен алмасуы мүмкін.

«ҮЛГІЛЕУ» - үлгілерді зерттеу мен құру жолдарының үрдістерін, небір құбылыстарды зерттеу.

«ҮЛГІ -МОДЕЛЬ» - ауыстырым ретінде қолданылатын (аталмыш үлгінің бастапқы бейнесі) небір үрдістер мен құбылыстардың кез келген бейнесі (ой және шартты, суреттер, сипаттамалар, сызба, график, кесте, жоспар).

Үлкен адам баланы қоршаған ортамен таныстырып қоймайды, сонымен қатар оны зерттеу, бақылау, негізін бөліп алу, өзара қарым-қатынас құруға үйретеді.

Әлемді тану үрдісі бала үшін соншалықты жеңіл емес және осы үрдісте оған көмек беретін құбылыстар мен нысандарды белгілейтін, оған  пайдалы болатын тірек сызбалар, таңбалар, көрнекі үлгілер көп көмегін тигізеді.

Мектеп жасына дейінгі жаста ойлау әрекетісөйлеу – логикалық емес,  көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі болып табылады, сондықтан бала үшін сөзбен айтылған әңгімеден гөрі, шынайы бейнені көрген пайдалырақ.

Көрнекі үлгілеу – зерделенетін нысанның қасиетін анықтайтын, оның орнын ауыстыратын және онымен жұмыс жасайтын әрекет.

Ол тірек сызбалардың, мнекестелердің, пиктограммалардың, заттық суреттердің көмегімен айқындалады.

          Ерте жаста көрнекі үлгілерді қолдану баланың ойлау қабілетіне ықпал етеді, олсызба (сұлба, көлеңкелік) түрі, яғни таныс заттарды, жануарларды, адамдарды, белгілі бір сипаты бар шынайы кейіпкерлерді алмастыратын қарапайым белгілерді енгізу, балаларды ойлауға, есте сақтауға, пішіні, көлемі, түсін сәйкестендіре алуға үйретеді. Нәтижесінде баланың тілі дамиды: сөздік қоры молаяды, байланыстырып сөйлеуді дамытудың алғышартына айналады.

Бала әрине белгілермен, үлгілермен, сызбалармен ерте жасында кездеседі, танысады: дүкендердің маңдайшаларында, көліктерде, жол белгілерінде, әдемі түстермен белгіленген қызмет көрсететін көліктерде (жедел жәрдем, өрт сөндіруші, бағдаршам белгілері, көліктердің белгілері және т.б.) көрсетілген. Мұның бәрі баланы қызықтырады, ол тез және еріксіз бұл белгілерді жаттап алады, тіпті олардың мағынасын түсінеді. Сондықтан тірек сызбаларды қолдану негізгіні бөліп алуды, өзара қарым-қатынасты табуға көмектеседі.

          Балалардың ойлау әрекеттерін белсендіру үшін түрлі үлгілерді қолдануға болады, оларға әрине бірқатар талаптар қойылады:

- балаға таныс белгілерді танытуға көмектесетін ұқсайтын үлгілерді қолдану;

- тануға арналған қолжетімділік;

- нысандардың элементтерін бөліп алу;

- жалпылау.

          Үлгілерменжасалатын әрекет келесі жүйелілікте жүзеге асады:

1. алмастыру (алдымен үлгілер дайын түрінде беріледі, сосын алмастыратын үлгілерді балалар өздері ойлап табады);

2. дайын үлгілерді қолдану (3-4 жастан басталады);

3.үлгілерді құру: шартына қарай, өзі ойлап тапқанына қарай, шынайы жағдайға байланысты (5-6 жастан бастап).

Тірек сызбалар— бұл танымдық міндеттерді шешуге арналған көзбен көру, қозғалыс, ассоциациямен есте сақтау әрекетіне бағытталған дүние.

Сызбалар, белгілер, үлгілер — бұл бала меңгеруге қажетті материалдың негізін ашатын қорытынды, нәтиже шығару жолы. Олар баланың көзінің алдында туындайтын сурет, сызба бейнелері, кестелер.

          Үлгілеуді көркем әдебиет шығармаларын оқығанда қолдануға болады. Байланыстырып сөйлеуге үйрету үшін кейіпкерлердің сызбалық бейнесі мен олардың әрекеттері бейнеленеді.

          Алдымен көркем шығарманың тыңдалған мәтінінің мазмұнын ашатын бөліктерге арналған мағыналы сурет-сызбалық жоспар құрылады. Біртіндеп бала мәтіннің мазмұнын ашатын бөліктердің логикалық бірізділігі туралы түсінігі қалыптаса бастайды, кейін сол бейнелерді көмекке алып мазмұндап бере алады. Балаға оқылатын тақпақ, ертегі не болмаса әңгіме толық суретке түсірілуі мүмкін. Бұл әрине өте тиімді тәсіл, ол бірден баланың көз алдында есте сақталып қалынады, әңгіменің мазмұны бейне арқылы есте қалады, кейіпкерлер арасындағы әрекет ашылады.

Үлгілеу дегеніміз бір нысан мен екінші нысанның орын алмастыруы (шынайы - шартты). Алмастырылған нысандармен оқылған шығарма олардың кейіпкері болып алады (адамдар, жануарлар, ергежейлер, сиқыршылар, сонымен қатар олармен әрекет ететін заттар). Алмастырушы ретінде түсі мен көлемі бойынша ерекшеленетін қағаз дөңгелектерін, шаршыларды қолдануға болады, оның алғышарттағы мақсаты – баланы алмастырушы нысандармен дұрыс жұмыс жасай білуге үйрету.

          Алмастыру кейіпкерлер арасындағы бір ерекшелігіне негізделе алынады (қолтырауын – жасыл дөңгелек, күн - сары) немесе екі ерекшелігіне де сүйене алады (қасқыр – үлкен сұр дөңгелек, қоян – кішкентай ақ дөңгелек).

Алмастырушылар топтамасын (түрлі дөңгелектер) әрине педагог дайындап балаға дайын береді. Бала тек қана қажет дөңгелектерді тауып алады, қандай дөңгелек екенін тез білу үшін, мысалы, қолтырауын қандай? Ал күн ше?

Алдымен дөңгелектер саны алмастыратын нысандар санына сай келуі керек. Әріректе тек аздап дөңгелектерді көрсетсең, бала өзіне керегін таңдап алады. Таңдалынып болған соң қарапайым сюжеттерді ойнауға болады.

Мысалы, «Бауырсақ» ертегісіндегі бауырсақ - сары дөңгелек, қасқыр – сұр, аю – қоңыр, түлкі – тоқ сары.

«Қасқыр мен жеті лақ» ертегісінде қасқыр – үлкен сұр дөңгелек, ешкі – үлкен ақ дөңгелек, ал лақтар – кішкентай ақ дөңгелектер.

Бір ертегіге бірнеше рет қайтып келуге болады. Бала әбден үлгілеу жолын түсінгенше, ойналған сюжеттің мағынасын толық бейнелей біліп, түсінгенше.

«Қолғап» ертегісімен танысқан кезде алмастырушыларды түсіне қарай емес, көлеміне қарай бөліп алуға болады. Ортасына қағаздан қиылған қолғап бейнесі қойылады, бұрышында жеті түрлі жолақша, бала барлық кейіпкерлерге алмастырушыларды таңдайды (алмастырушы бұл жерде жолақтар болып тұр), өзінің таңдауын дәлелдейді: кішкентай жолақша – тышқан, одан ұзынырақ – қоян, әрі қарай кейіпкерлер кете береді, ең соңындағы ұзын жолақша ол – аю. Осылайша, мазмұндау негізінде үлгінің кеңістіктік топтамалық түрі орын алған (жолақшаларды ең кішкентайынан ең үлкеніне дейін дұрыс қойып шығу) .

          «Қоянның үйі» ертегісін мазмұндаған кезде үлгілеуге арналған түрлі түсті және түрлі көлемдегі дөңгелек – алмастырушыларды қолдануға болады, сосын қай алмастыру қай кейіпкерге сай келетінін баланың өзіне таптыруға болады.

Талқылау кезінде баланың алдында проблемалық сауалдар туындайды.

— Қоянға ақ дөңгелек таңдалынса, неге? Дөңгелек көлемі бойынша қандай болу керек – үлкен, орташа не кішкентай ма? Орташа әрине, өйткені қоян орташа көлемде, қасқыр мен түлкіге қарағанда – деп дәлелдеп беруі мүмкін.

—  Түлкі  — қандай дөңгелек? Неге? (Тоқ сары)

— қасқыр — қандай дөңгелек? Неге?

— аю — қоңыр, неге?

Ертегінің соңғы кейіпкері әтеш қана қиындық тудыруы мүмкін, оны қандай түспен белгілеуге болады? Көмекке тақпақ оқуға болады, онда әтешті толық сипаттау жүреді, мысалы, айдары қызыл, сақалы қызыл, қызыл етігі бар деген сияқты, ендеше баламен бірге қызыл дөңгелекті таңдап алуға болатыны анықталады.

«Үстел үстінде тағы да екі шеңбер бар – көгілдір және қоңыр түсті. Неге? Өйткені екі үйшік бар: ағаш немесе қабықтан жасалған – ол әрине қоңыр түсті болса, мұздан жасалған үйшік – ендеше көгілдір түсті болады. Ал орман ше? Оны қандай түспен белгілеуге болады? Жасыл. Неге?»

Осылайша, бала кейіпкерлерді алмастырушы геометриялық пішіндермен алмастыра отырып өзі де байқамай ертегіні құрастырып, мазмұндай алады. Әрине, бұл әрекет өте қызықты.

Сызбаларды мазмұндауға және әңгімелеп беруге қолдануға да болады. Басында сызба толық, мәнді болуы керек, кейін бала тапсырмаларды өз бетімен орындай бастаған кезде, сызбалар қатарын азайтуға болады, бала сонда өз әңгімесін құра алады. Сызбаларды баламен бірге отырып салуға болады, сосын не салғанын, қандай таныс белгісі бойынша тануға болатынын сұрап нықтап қоюға болады.

          Байланыстырып сөйлеуді дамытудағы маңызды рөлді заттарды сипаттайтын дидактикалық ойындарды ойнау атқарады: «Айтшы қандай?», «Кім көп таниды және атайды», «Сипатына қарай тап», «Ғажайып қапшық», «Ойыншықтар дүкені» т.б. Бұл ойындар балаларға белгілерді, сапаларды, әрекеттерді атауға көмектеседі, өз ойларын толық жеткізе білуге, небір заттарды байланыстырып және бірізділікпен сипаттай білуге үйретеді.

          Кейіпкерлер әрекетінің жүйесі туралы ұғымдарын қалыптастыруға арналған дидактикалық ойындар сызба – суреттерді табу жолына итермелейді:  «Суреттер бойынша ертегі айт», «Басында не, сосын не болды», «Мен бастаймын, сен аяқтайсың», «Кім біледі, сол әрі қарай жалғастырады». Осындай ойындар байланыстырып сөйлеуге ықпалын тигізеді, шығарманың сюжетін сипаттау жүйесіне үйретеді.

Кез келген шығарманың басы, ортасы, аяғы болатынын бала толық түсіну үшін, оны сызбамен белгілеп, келесі ойындарды ойнатуға болады: «Кім біледі, сол әрі қарай жалғастырады», «Компот қайнат», «Винегрет дайындаймыз», «Кезекшілік жасаймыз». Бұл ойындарға ойын білдіру сызбалары беріледі, ал балалар оны түрлі мазмұндармен толықтырады. Бірігіп құрылған әңгіме қайталанатын сұрақтар легімен бекітіледі, сонда балалар негізгі байланыстарды бөліп ала алады, мысалы, «Ешкі қайда кетті? Ешкі неге бақырды? Оған кім көмектесті?». Мұндай ойындар балаларды әрбір сюжетті суреттің мазмұнын тануға, оларды бір әңгіме байланыстыруға, жүйелеп, бір жағдай мен екінші жағдайды логикалық түрде байланыстыруға, басы мен ортасын, сосын соңына жетуге көмектеседі.

Осылайша көрнекі үлгілеуді қолдану балалардың байланыстырып сөйлеуін едәуір жеңілдетеді. Көзбен көру әрекеті әрине әңгімелерді нақты түрде есте сақтауына көмегін тигізеді.

          Топтамалық немесе қозғалыс түрінде ұсынылған көрнекі-кеңістік үлгілері балаға мазмұндау кезінде мәтіннің негізгі құрылымдық компоненттерін табуға көмектеседі. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың белгілер мен көрнекі үлгілеу формаларын меңгеруі қоршаған ортаға деген өзінің нақты бір көзқарасын білдіруге, кейінгі танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуға мол ықпалын тигізеді.

 

Әдебиеттер:

 

1. Ткаченко Т. Использование схем в составлении описательных рассказов//Дошкольное воспитание. – 1990ж. – №10

2. О.С. Ушакова Развитие речи дошкольников Москва — 2001ж.

3. Развитие познавательных способностей в процессе дошкольного воспитания Под редакцией Л. А. Венгера Москва «Педагогика» 1986 ж.

4. Развитие речи детей дошкольного возраста. Под ред. Ф.А. Сохина. – М.: Просвещение, 1984 ж..

5. Ефименкова Л.Н. Формирование речи у дошкольников. – М.: Просвещение, 1985 ж..

6. Ткаченко Т.А. Большая книга заданий и упражнений на развитие связной речи малыша. М.; Эксмо, 2006 ж..