Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
87182346974 басшы, 87053846158
email: pavlodar121@mail.ru, sad121@goo.edu.kz
Адрес: Ш.Құдайбердіұлы көшесі, 4
87182345889 вахта 87182346974 басшы 87182346991 бухгалтерия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі сағат 10.00-12.00 бейсенбі сағат 16.00-18.00
Анашым – асылым!

Анашым – асылым!

Ересек тобына арналған сценарий.

Кейіпкерлер: Ретро жұлдыз, Мыстан кемпір, жүргізуші.

Музыка әуенімен залға балалар келеді, орындарына отырады.

Жүр: Сәлеметсіздерме құрметті қонақтар,сүйікті әжелеріміз бен сүйкімді аналарымыз. Мерекелеріңіз құтты болсын! Өмірдегі бар жақсылықты тілеймін. Балалардың  Анашым - алтыным атты ертеңгілігіне қош келіпіздер!(ортаға шығады)

Балалар айтындаршы мен қандай мереке туралы айтып тұрмын ? Қандай мереке жақындап қалды ?

Балалар: 8 - наурыз аналардың мерекесі!

Жүр: Тамаша, дұрыс айтасыңдар.Балалар аналарға сыйлық керек,не сылйауға болады ?

1бала : Машина сыйлаймыз .

2 бала: Ресторанға шақырамыз.

3 бала: ( ортаға шығады) : Менің анам ретро стильдегі әндермен билерді ұнатады.

4 бала: ( ортаға шығады) :Олай болса, қонаққа Ретро жұлдызын шақырайық.

Жүр: Керемет, аналарымыз бір қуанып қалар.

Бала: Қонағамыз келгенше балалардың өлең шумақтары мен әндерін қабыл алыңыздар.

Тақпақтар ( бірінші жарты балалар)

Бала: Ән « Көктем келді» (Б.Бейсенова)

(орындарына отырады)

Музыка әуенімен залға Ретро жұлдыз болып киінген Мыстан кемпір келеді де, билейді.

МК: Оййййбу, халайық! Сәлем, сәлем! Көп рахмет, сіздерге сондай ризамын!(иіліп сәлем бере береді)

Жүр: Тоқтай тұрыңыз, сіз кімсіз ?

МК: Қалай кімсіз ? Мыналар қатырады екен! Ретро жұлдызды күттіндерме ?

Бала: Күттік әрине.

МК: Енді неге сұрақ қоясыңдар ?

Бала: Сіз бір түрлі Ретро жұлдызға ұқсамайсыз!

МК: Қыздар ұяттарын қайда ?

Бала: Онда дәлелде, бізге ән салып бер.

МК: Мария Магдалена деп ән шырқайды.

Жүр: Балалар бұл Ретро жұлдыз ба ?

Балалар: Жоқ

Жүр: Бұл кім болғаны сонда ?

Балалар: Мыстан кемпір.

МК: ( шляпасын жерге лақтырады ) Иә, иә мен ол, Мыстан кемпір. Неменеге шетелден жұлдыз шақырасындар, мендей жұлдыз сендерге аз ба ?

Бала: Мыстан кемпір сіз бізге кедергі жасамаңыз.

Бала: Бізде уақыт аз.

МК: Солай ма ? Онда сендерге ешқандай жұлдыз келмейді. Мен жол бермеймін. ( бір аяғын жерге соғады)

Жүр: Енді не істедік? Бір амалын табу керек.

Бала: Мыстан кемпірді көндіру керекпіз.

Бала: Мыстан кемпір, сен ашуланба біздің қонақтармен бір ойын ойнап жібер.

МК: Бірақ менің шарттарым бойынша ойнаймыз.

Жүр: Келістік.

МК: Сонымен, құрметті аналар, әжелер келіңіздер. Маған үш ана керек, және жеті бала керек. Ойын « Өз баланды тап» деп аталады. Аналар ортаға шығып билейді, балалардың шеңбердің сыртында тұрады. Музыка тоқтағанда, ана өз баласын табу керек. Аналардың көздері жабық болады. Дайын болсандар, бастаймыз.

Жүр: Тамаша Мыстан кемпір, біздің балалар саған арнап би орындайды.

МК: Маған арнап ? ( қуанады) Билендер, билендер!

Бала: Би « Макарэно»

(орындарына отырады)

МК: Ай жарайсындар балалар, жарайды сендер жеңдіңдер. Қазір мен сендердің жұлдыздарыңды шақырайын. ( сықырады)

Музыка әуенімен залға Ретро жұлдыз келеді.

Ретро ж: (билейді, басын иеді, балалардың алақандарын соғады, қонақтармен амандасады) Бәріне сәлем, көп көп рахмет, мен сондай қуаныштымын!

Жүр: Қош келіпсіз Ретро жұлдыз!

Ретро ж: Рахмет, құрметті әжелеріміз, аяулы аналарымыз сіздерді шын жүректен мерекелеріңізбен құттықтаймын. Зор денсаулық, бақыт, балалардың өнерлері мен қызықтарын көре беріңіздер. Бақытты болңыздар. Балалардың сұрауы бойынша тек ғана сіздерге арнап мына музыкалық сыйлықтарды қабыл алыңыздар.

Би « Твист» ( ретро жұлдыз микрофон алып әнді орындайды)

(орындарына отырады)

Ретро ж: Тамаша, қандай керемет. Балалар, қонақтар көп көп рахмет!

Жүр: Сізге көп рахмет. Ал енді біздің балалардың өнерін тамашалаңыз. Балалардың орындауында

Ән « Ана - әже»

(орындарына отырады)

Ретро ж: Балалар сендер сондай керемтсіңдер! Тамаша ән екен, рахмет.

Жүр: Біз қуаныштымыз. Мыстан кемпір екеуін балалармен ойын ойнап жіберіңдер.

МК: Ойнайық, ай жұлдыз кел жаныма.

Ретро ж: Балалар ойын қиын емес, ойын « Гүл шоқтарын жина» деп аталады. Апатай ойынның шарттын түсіндір.

МК: Тыңдаңдар балалар, 6 ұл бала , 6 қыз бала керек. Олар екі қатарға тұрады, ұлдарға қарсы гүл шоқтары жатады. Музыка басталған да балалар билейді, музыка тоқтағанда ұлдар қыздарды айналып бір гүлден алады. Ойын осылай жалғаса береді. Ойын соңында гүлдерді дізеге отырып қыз балаға сыйлайды.

Ретро ж: Дайын болсандар, бастаймыз.

Жүр: Тамаша, біздің балалар сондай шапшаң. Құрметті қонақтар біздің балалар аналарына, әжелеріне арналған өлең  жолдарын арнайды.

Тақпақтар ( екінші жарты балалар)

(орындарына отырады)

МК: Қандай ақылды балалар, аналарымен әжелерін қалай жақсы көреді.

Ретро ж: Иә, мереке керемет өтіп жатыр. Бірақ өкінішке орай біздің қоштасатын кез келді. Сау болыңдар!

МК: Сау болыңдар, рахмет сендерге!

Жүр: Сіздерге рахмет, сау болыңдар! Аяулы аналарымыз, ақ жаулықты әжелеріміз сіздерді шын жүректен халқыаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз. Сіздер денсаулық, әйел бақытын тілейміз. Бүлдіршіндердің тек сіздерге арналған әнің қабыл алыңыздар.(осы кезде балаларға сыйлық таратылып қояды)

Ән « МАМА»

( Әннің соңында балалар сыйлықтарын аналарына сыйлайды)

Жүр:Анашым- асылым атты ертеңгілігіміз аяқталды. Қош сау болыңыздар!