Сенім телефоны
61-41-17
email: yasli111@mail.ru
Мекенжайы: 140011 Павлодар қаласы, Камзин көшесі, 80/1
61-41-17 - басшы 61-41-16 - вахта 61-41-15 - бухгалтерия
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
9.00 13.00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Өнер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Дайындаған: 2 сәбилер тобының тәрбиешісі Акулинина Нина Андреевна.
«Өнер арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» Дайындаған: 2 сәбилер тобының тәрбиешісі Акулинина Нина Андреевна.
                                                                                         «Бұл сурет маған сондай құнды

                                                                                     8-наурызға сыйланған.

                                                                                     Ол өткен ғасырда жазылмаған

                                                              Соңында тек қана «Анама» деген жазба

                                                                        Көп жылдарға сақталған...»  
 
  Бәріміз балалық шағымызда суретші болдық.Әр бір бала екі-үш жастан ересек жасқа дейін жалпы барлық білген, естіген, сезгендерін, аса күрделі композициялық өрілген сюжеттерді салады...Бүкіл елдегі бір жастағы балалар өз суреттерінде міндетті түрде «басаяқты», «каракулдер», «мөлдірлік» денгейлерінен өтеді.
       Педагогикалық қызметтің бастапқы кезінде балалардың барлық суреттері маған бірдей, біртүсті, көріксіз болып көрінетін.Бір түсінгенім, сурет салудың қалыпсыз формаларын қолдану балаларды тек қуантып қана қоймай, сонымен қатар өз сүйікті істерімен айналысуға қызығушылықтары арта түседі.Балалар өте тынымсыз болғандықтан, суретшілердің суреттерін, көркемсөздерді  қолданып, музыкалық сүйемелдеумен, сабақ үстінде қонақ шақыру сюжет көріністерін көрсетіп, барлық сабақтарды ойын түрде өткіземін.Кәдімгі сия тамшысынан бұлт немесе ағаштың бейнесі, ал кейде пейзаждың суреті пайда бола қалатынын бақылау өте қызық.Сурет салу кезінде менің кішкентай суретшілерімнің көздері жанып, сондай қызығушылықпен әрбір туындыны қызыға салады.Ал салған суреттері әбден кеуіп болып, аяқталған кездегі қандай сезімге бөленетіндіктерін айтсаңызшы!Кәдімгі күнделікті сабақ үлкен шығармашылық жобаға айналады.Мұнда әрбіреуі сия, бояулар және символдар арқылы сол кездегі өздерінің көңіл-күйлері, мінездері, сезімдері туралы айта алады.Себебі сәбилер көп сөйлей алмайтындықтан, сол мезетте өзімен не болып жатқандығын білдіре алмайды.Ал балалардың жұмыстарында өздеріне белгісіз табиғатпен берілген ішкі жан дүниелері, табиғи қасиеттері ашыла түседі. 
       Тек сиқыршылар ғана таңғажайып туындыларды жасай алады, ал балалар сабақта шынымен де нағыз сиқыршылар бола алады.