Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Логопед маманы кеңес береді
Логопед маманы кеңес береді

.Логопед тобының ата-аналарына арналған логопед маманның ұсыныстары

Логопед топ педагогтарының жұмысы жалпы балабақша топ жұмыстарынан айырмашылығы неде? Логопед тобында балалармен арнайы жұмыс келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:   - дыбысты дұрыс айту;  -  артикуляциялық іс-қимылды дамыту;   -  фонематикалық жүйені қалыптастыру;   -      грамматикалық сөйлеу тілін қалыптастыру;  -       сөздік қорын дамыту; -кол моторикасын дамыту;  -       байланыстырып сөйлеуді дамыту. Осы барлық жұмыс логопед тобында әр-түрлі әдістермен өткізіледі. Балалардың сөйлеу тілдерін дамыту үшін тәрбиешілер күн тәртібінің сәттерін, серуенді, балалардың күнделікті қарым-қатынасын қолданып жұмыс жасайды.  Логопед тобының жұмысы үш кезеңге бөлінеді. Қазіргі кезде бірінші оқыту кезеңі жүріп жатыр. Ең басты міндет – балалардың сөйлеу тілдерін зерттеу қыркүйек айында жүргізіледі. Әр баламен жеке зерттеу жұмысы жүргізілу барысында, зерттеудің нәтижесі мен ата-аналардың сауалнамасы балалардың сөйлеу картасына енгізілген. Зерттеу нені анықтайды?  Әрине, дыбысты айту кемістігі. Бұл кемістіктің ерекшеліктері: -       грамматикалық сөйлеу тілінің қалыптаспауы;   -       сөздік қорлары аз;  -       грамматикалық жүйенің қалыптаспауы.  Баланың тіл кемістігін жою үшін, отбасы мен ата-аналардың рөлі қандай? Ол үшін ұзақ, күнделікті, коррекциялық жұмыс қажет, өйткені балалар ата-аналармен үйде, туысқандарымен көп уақыт өткізеді.  Ата-аналарға балалардың тіл кемістіктерін қалыптастыру үшін:       сөзді дұрыс айтпаған үшін дауыс көтермеу; -       ақырын ғана дұрыс айтылмаған дыбысты түзету; -       балаларды педагогтармен белсенді жұмыс жасауға итермелеу; -       қайталаған сөздер мен буындарға оңша көңіл бөлмеу. Балалардың сөйлеу маңызын байқау қажет. Ата-аналарға өздерінің сөйлеу тілдерін қадағалау. Сөйлеу тілі дұрыс, анық, таза болу керек.  Үйде тақпақ, өлең, ән айтуға көп көңіл бөлу. Далада табиғат құбылыстарын бақылау. Теледидарды көп көрсетпеу қажет. Балалармен бірге көп ойнау.  Балалардың логопед тобына қатысуларының жақсы жақтары неде? Олар:   -       дыбысты дұрыс айту коррекциясы;  -       мәнерлі, анық сөйлеудің қалыптасуы;  -       оқу мен жазуды үйрету; -       қолдың ұсақ моторикасын дамыту;  -      мектепке барар алдында, сөйлеу тілді, оқуды, жазуды, графиканы дамыту үшін қосымша сабақтар жүргізу; -  балаға жеке жұмыс жасау; -       психологиялық жүйені, зейінді, ойлауды, есте сақтауды, елестетуді қалыптастыру.  Баланың сөйлеу тілдерін дамыту мен түзету үшін, ата-аналар мен педагогтар арасындағы тығыз серіктестік болу қажет, сонда ғана жақсы, сапалы нәтижеге жетуге болады.  Отбасы мен балабақша арасындағы байланыс жеке кеңестер мен түрлі ақпараттар, «Ашық сабақ» күндер арқылы жүргізіледі.