Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ата-аналарға кенес беру
Ата-аналарға кенес беру

Қазіргі уақытта қазақ тілін білу балаға оқуда, мектепте, қарым – қатынас кезінде өзін өзі еркін сезінуге мүмкіндік береді. Қазақ тілін оқытуда балалар үшін ең үздік ынта  - ол сабақтан  қанағат алу. Көптеген ата –аналар өз балаларына қазақ тілінен көмектескісі келеді, бірақ та қалай көмек беруін білмейді. Қазақ тілін үйретуді қай кезден бастауға болады? Қазақ тілін үйретуді мектепке дейінгі жаста үйрету керек. Бұл жастағы балалар тілді жеңіл қабылдайды және қате жіберуге қорқпайды. Егер бала тілді үйренгісі келмесе, не істеуге болады? Ең алдымен баламен мейірімді түрде әңгімелесіп неліктен үйренгісі келмейтін себебін білу керек. Егер балада тіл үйренуге қызығушылығы болмаса,онда қазақ тілін оқыту мультфильмдер,компьютерлік бағдармалар,арнайы балалар сайттар арқылы қызығушылықтарын арттыру. Егер балаларға қазақ тілін үйрену қиын болған жағдайда, міндетті түрде қазақ тілі мұғалімінен ақыл кеңес алу.

Мұғалім сіздерге жаңа сөздерді меңгеру,қалай үй тапсырмасын орындау, грамматикалық құрылым бойынша кеңес бере алады.

Баламен сөзді қалай үйренуге болады?Бірнеше ақыл кеңестер.

Карточка – жай және тиімді.

 Бір қатар түрлі – түсті қағаздар сатып алып(немесе бұрынғы пайдаланған дәптерлерден кішкене карточкаларды қиып алу).

Біржақ бетіне қазақ тілінің сөздерін(транскриппен жазуға болады),екінші жағына – сөздің аудармасын,немесе  сөздің суретін.Карточкаларды балалармен бірлесіп жасау.

Тақырыптар бойынша аттары жазылған карточкаларды арнайы конверттерде сақтауға болады. Мысалы: «Түстер», «Сандар», «(Сын есімге)эмоциалар», «Жануарлар» және т.б. Осы дайындалған конверттерді өздеріңмен бірге көлікпен жолға шыққанда,дүкенге барғанда бос уақыт болғанда балалармен ойнап уақытты қызықты өткізуге болады. Мысалы: бір жылдың ішінде автобуста балалбақшаға барғанша қанша сөздік қорын толықтыруға болатынын білесіздер ме? Сөзді үйренудің тағы бір тәсілі – ол баланың бөлмесінде заттардың аттарын жазып қою, немесе стикерлерді жапсыру. Үстелдге және үстел шамға,қабырғаға және керуетке,допқа және күй сандыққа сөздерді жазып қоюға болады. Балалардың қазақ тілін үйренуге деген ынтасын жойып алмау өте қажетті. Өз баларыңыздың ерекшеліктеріне сәйкес қызықты оқу материалдарын таңдап алсаңыз,бірнеше жылдан кейін сіздің балаңыздың қалалық олимпиадаларында бірінші орынға ие болғанын көруіңіз мүмкін!