Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)533200
email: sad51@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Сәтбаев көшесі, 13
8(7182)533200 - басшы 530759 - әдіскер 653285 - бухгалтер 533092 - медбике
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
09.00-18.00. Түскі үзіліс/Обеденный перерыв -13.00-14.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бала тілін ойын арқылы дамыту
Бала тілін ойын арқылы дамыту

Бала тілін ойын арқылы дамыту

         «Ойын баланың алдынан өмір есігін ашып оның шығармашылық қабілетін дамытады. Ойынсыз ақыл ойдың қалыптасуы мүмкін емес». (В.А. Сухомлинский).

         Баланың өмірге қадам басқандағы алғашқы қимыл әрекеті – ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Жас баланың өмірді тану, еңбекке танысы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын түрінде қалыптасады. Мектеп жасына дейінгі балалардың қоғамдық құбылыстарды, қоғамдағы ересек  адамдардың іс-әрекетін өз түсінігінше әрекеті арқылы бейнелеуі ойын болып саналады. Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, қоршаған ортамен тығыз байланыста дамыған, яғни ойынды өмірден ажыратып қарай алмаймыз балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Олар бірдеңе жасап қана қоймайды, сондай-ақ заман ағымына да белсене қатысады.

Балабақшаларда оқыту – тәрбиелеу жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, одан әрі күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге жаттықтыру.

         Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеті. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды өжеттілікке, шапшаңдыққа, ептілікке, батылдыққа, байсалдыққа, тапқырлыққа үйрететін де ойын. Бала үшін ойын өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі көрсетудің құралы. Баланы ойынға қызықтыра отырыпи оқу іс-әрекетін ойын түрінде күрделендіре түсу керек.

Ойын баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, оның қиялын дамытады.       Бала жалғыз ойнағанды ұнатпайды, ол қатар құрбыларымен бірлесіп ойнай отырып бір-бірімен қарым-қатынас жасайды.

Оқу ісі-әрекетінде қолданатын ойын түрлері мынадай топтарға бөлінеді.

Ойын түрлері:

  • Ұлттық ойындар;
  • Сюжетті-рөлді ойындар;
  • Педагогикалық ойындар;
  • Дидактикалық ойындар;
  • Шығармашылық ойындар;
  • Қимылды ойындар;