Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Жаңалықтар
«Үздік ашық сабақ» байқауының жеңімпазы
«Үздік ашық сабақ» байқауының жеңімпазы
25-02-2021 15:46
Қазақстан Республикасының «BILIMBULAQ.KZ» - қосымша білім және дамыту порталы Республикалық педагог мамандар арасында өткізілген «Үздік ашық сабақ» атты байқауында робототехника пәнінің мұғалімі Менсұлу Айдарбекқызы Әбуды біліктілігін көрсетіп, ерекше қабілетімен көзге түсіп, І дәрежелі дипломға ие болғанымен құттықтаймыз.
«Үздік портфолио» конкурсы
«Үздік портфолио» конкурсы
25-02-2021 15:41
Балабақшамыздың қазақ тілі мұғалімі Кульбаршын Зиеевна Каирбекова «Үздік портфолио» атты халықаралық дәрежеде өткізілетін Республикалық шығармашылық конкурсқа қатысып, жүлделі ІІ дәрежелі дипломға ие болды! Құттықтаймыз!
Ағылшын пәні бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары
Ағылшын пәні бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздары
25-02-2021 15:35
Мектепалды топтың тәрбиеленушілері Айкенова Еркенұр мен Подколзина Полина ағылшын пәні бойынша мектепке дейінгі балаларға арналған халықаралық олимпиадасына қатысып Дәрежелі І орынға ие болғанымен, соңымен қатар жеңімпаздарды дайындаған ағылшын тілі мұғалімі Данагүл Бектемисовна Тлегенованы құттықтаймыз!!!
«Тәуелсіз елдің - тұғыры биік» бейнефильм
«Тәуелсіз елдің - тұғыры биік» бейнефильм
24-02-2021 15:48
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «30 жұлдызды күн» жоспары бойынша іс-шаралар. 23 ақпан күні мектепалды топтарының балалары үшін информатика мұғалімі М.А.Әбу «Тәуелсіз елдің - тұғыры биік» бейнефильмін көрсетті. Балалар Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап бүгінгі күнге дейінгі өз елінің тарихымен танысты. Сондай-ақ, бейнежазба үзінділерінде Нұр-Сұлтан қаласының сәулетті ғимараттары айқын көрінді.
Өрт қауіпсіздігі туралы жадынама
Өрт қауіпсіздігі туралы жадынама
24-02-2021 13:32
Құрметті ата-аналар!!! Өрттің шығуына жол бермеу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!
«STEM-технологиясын мектепке дейінгі оқуға  кірістіріп ұйымдастыру шараларын жасау» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық семинары
«STEM-технологиясын мектепке дейінгі оқуға кірістіріп ұйымдастыру шараларын жасау» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған республикалық семинары
19-02-2021 13:53
2021 жылғы 18 ақпан күні №29 сәбиле-бақшаның басшысы О.А.Рысай және методист А.Г.Терешкина «STEM-технологиясын мектепке дейінгі оқуға кірістіріп ұйымдастыру шараларын жасау» атты мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне арналған «САНА» зияткерлік орталығының білім беру платформасында республикалык онлайн семинар өткізді.
Абайла мұз!
Абайла мұз!
17-02-2021 10:20
Құрметті ата - аналар! Еске сақтаңыз: қысқы жарақаттанудың алдын алудың басты тәсілдері - зейін салу мен сақтықтық. Асықпаңыздар, жүгірмеңіздер, абай болыңыздар! Ауырмаңыздар! Қыстың күндеріне риза болыңыздар!
«Республиканың үздік балабақшасы-2020» Республикалық конкурсы
«Республиканың үздік балабақшасы-2020» Республикалық конкурсы
12-02-2021 15:01
№29 сәбилер бақшасының ұжымы «Республиканың үздік балабақшасы-2020» атты республикалық конкурсына катысты, ұйымдастырушысы: «Qazaqstan Education» оқу орындары басшыларының қау...
«Біз батырмыз» спорттық шарасы
«Біз батырмыз» спорттық шарасы
11-02-2021 14:13
Балалар қыстың басталуына көбірек қуанады. Бұл кездейсоқ емес, өйткені қыста таза ауада уақытты көңілді және денсаулыққа пайдалы өткізуге тамаша мүмкіндік береді. № 29 балабақшаның ойын алаңында &qu...
 Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 Жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 Жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары.
11-02-2021 13:54
Біздің балабақшада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «30 Жұлдызды күн» іс-шаралар жоспары жүзеге асырылуда. Осындай шаралардың бірі «Тәуелсіз ел – Қазақстан» қабырға газеттерінің көрмесін безендіру болды. Көрменің мақсаты: балаларды Отанды сүюге және қорғауға, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелеу , тәуелсіздік үшін күрескен жастармен және қазіргі жетістіктерімен таныстыру. Қабырға газеттері өзіндік ерекше
Республикалық шығармащылық сайыс
Республикалық шығармащылық сайыс
10-02-2021 10:51
Ересек және мектепалды тобының тәрбиеленушілері «Абырой» Республикалық интеллектуалдық білім порталы ұйымдастырып өткізген сайысына қатысып, «Мәнерлеп оқу» номинациясы  бо...
«Шанамен сырғанау турнирі» спорттық жарысы
«Шанамен сырғанау турнирі» спорттық жарысы
09-02-2021 11:16
Шана-бұл балалардың ең сүйікті қысқы көлік түрі. Төбешік болмаса не істеу керек?! Шана ойындары үшін төбешіктің міндетті емес екені белгілі болды. Сондай-ақ қар тығыздалған кәдімгі тегіс алаңда жарыс...
Допты хоккейден «Хоккей әлемі» турнирі
Допты хоккейден «Хоккей әлемі» турнирі
04-02-2021 15:39
Павлодар қаласының № 29 бала бақшасында мектепалды «А» тобының тәрбиеленушілері арасында допты хоккейден «хоккей әлемі» турнирі өтті. Жас хоккейшілердің командалары бір-бірін к...
Спорттық жарыстар «Шаңғы жарысы!»
Спорттық жарыстар «Шаңғы жарысы!»
03-02-2021 11:36
Спорттық жарыстар «Шаңғы жарысы!» Қыс-мектепке дейінгі мекемелерде дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын жүргізу үшін жылдың тамаша уақыты. Таза ауада өткізілетін іс-шаралар қысқы спорт тү...
Терезелерді безендіру сайысы
Терезелерді безендіру сайысы
06-01-2021 14:27
Балалар балабақшаға қуанышты көңіл күймен келуі үшін тәрбиешілер өз топтарында ертегі мен сиқырдың жаңа жылдық атмосферасын құрастырды. Біздің балабақшада тәрбиешілер жыл сайын жаңа жылға арналған терезелер мен топтарды безендіру үшін жаңа ерекше сюжеттер ойлап табады. Терезелер мен топтардың безендірілуі балаларға қуаныш пен жаңа жылдық көңіл-күйді сыйлайды.
«Знайка» зияткерлік олимпиадасы
«Знайка» зияткерлік олимпиадасы
06-01-2021 11:28
Тоғызыншы жыл бұл іс-шара балабақшада қабілетті және дарынды мектеп жасына дейінгі балаларды анықтау мақсатында өткізіліп келеді. Олимпиаданың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі мекеменің дипломдарымен 10 бала марапатқа ие болды, оның ішінде І орын Атышева Арина, Покидова Диана, II орын – Байбазаров Алинур, Подолян Александр, Сакенов Алим, Подколзина Полина; III орын – Исакаева Самира, Жаскайратов Алинур, Машрапов Ратмир, Бочковская Евангелина.
"Жаңа жыл неден басталады?" атты сурет көрмесі
28-12-2020 10:12
Әр балабақшада, мектепте осы мерекені атап өтудің өзіндік дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Біздің балабақшада Жаңа жылға арналған «Жаңа жыл неден басталады!» суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Балалар ата-аналарымен бірге осы тақырыпқа арналған көптеген қызықты және әсерлі жұмыстар дайындады. Олар өз суреттерінде Жаңа жылды қалай көретіндерін, олар үшін нені білдіретінін, сондай - ақ жылдың басты кейіпкерлерін-Аяз Атаны, Ақшақар және шыршаны суреттеді. Барлық жұмыстар өте жарқын және ерекше болды
Әр түрлі материалдардан жасалынған ғажайып көрмесі
Әр түрлі материалдардан жасалынған ғажайып көрмесі
28-12-2020 09:51
«Жаңажылдық ғажайыптар» Жаңа жыл - ғажайыптар кезеңі. Біздің балабақшада түрлі материалдардан жасалынған ғажайып көрмесі бар. Біздің көрмені көргендерінің барлығы жағымды эмоциялар мен әсерлер алды.
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты суреттер көрмесі
«Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты суреттер көрмесі
21-12-2020 09:02
Біздің балабақшада Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Менің Тәуелсіз Қазақстаным» атты суреттер көрмесі өтті.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаттары
14-12-2020 15:41
Біздің балабақшаның ересек және мектепалды топтарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған тәрбие сағаты өтті. Барлық мектепалды және ересек топтары белсене қатысты. Балалар біздің Отанымыз туралы көп мәлімет алды. Балалар Отанымызға арнап әндер айтып, өлеңдер оқыды.