Телефон доверия
8 (7182)608115
Адрес: Радищев көшесі, 2
608115, 608100, 605888
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00-18.00.
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Все
Б. Ахметов  атындағы Павлодар педагогикалық  колледжмен ынтымақтастық шеңберінде біздің балабақшаның педагогтары өздерінің мол тәжірибелерін болашақ тәрбиешілермен бөлісті.
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжмен ынтымақтастық шеңберінде біздің балабақшаның педагогтары өздерінің мол тәжірибелерін болашақ тәрбиешілермен бөлісті.
18-01-2019 14:41
Б. Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжмен ынтымақтастық шеңберінде біздің балабақшаның педагогтары өздерінің мол тәжірибелерін болашақ тәрбиешілермен бөлісті. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г. Б. Алимканова қазақ тілі сабағында синквейн әдісін қолданудың тиімділігін көрсетті. Тәрбиеші Б. С. Темирова мектепке дейінгі жастағы балалардың танымдық қызығушылығын дамыту үшін дидактикалық ойындарды қолдануды көрсетті. Дене шынықтыру нұсқаушысы А. Р. Имангалиева балалар зумбасы туралы айт
«Ұлы дала ұрпағы» атты сахналық көрініс байқауы
«Ұлы дала ұрпағы» атты сахналық көрініс байқауы
15-01-2019 17:22
«Рухани жанғыру» бағдарламасы және Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» идеясын жүзеге асыру қарсаңында 2019 жылы 11 каңтар күні Павлодар қаласының №6 сәбилер бақшасында «Ұлы дала ұрпағы» атты қалалық театрландырылған қойылымдар байқауы өтті. Қазақ тілі пән мұғалімдері А.Е., Акболина мен Г.Б. Алимканова ересек, дайындық топтарының балаларымен «Қарлығаштың ұясы» атты тарихи аңызбен сайысқа қатысып, ІІІ орынға ие болды. Бұл байқау балалар мен көрермендерге көп жағымды әсер сыйлады.
«Жаңа жыл неден басталады?» жасанды заттар және суреттер көрмесі
«Жаңа жыл неден басталады?» жасанды заттар және суреттер көрмесі
11-01-2019 11:56
Балабақшадағы дәстүр бойынша жыл сайын жаңа жылға суреттер мен қолдан жасалған жасанды заттар көрмесі рәсімделіп тұрады. Ата-аналар көрмелерді безендіруге шығармашылықпен келгенін көруге қуанышты. Ата-аналарға белсенді қатысқаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Жаңа жыл қарсаңындағы ертеңгіліктер
Жаңа жыл қарсаңындағы ертеңгіліктер
26-12-2018 15:13
Жаңа жыл - барлығымыз үшін ерекше мереке , біздің балабақшада Жаңа жыл қарсаңында ертеңгіліктер өтіп жатыр. Қуаныш, күлкі, мерекеге арналған әндер мен би балаларда ұмытылмас әсер қалдырды. Бұл Жаңа жылдық көңіл-күй, келесі жылға дейін жағымды эмоциялар қалдырады.
 ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгіліктертер
ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгіліктертер
14-12-2018 13:23
Біздің балабақшада ересек және дайындық топтар арасында ҚР Тәуелсіздік мерекесіне арналған ертеңгіліктер өтті. Балалар туған елі туралы тақпақтар мен өлеңдер айтты. Ұлттық би мен ойындарға белсене қатысты.
Педагогикалық кеңеске арналған ашық сабақтар
Педагогикалық кеңеске арналған ашық сабақтар
11-12-2018 18:11
Біздің балабақшада педагогикалық кеңеске арналған ашық сабақтар өтті. Педагогтар "Қыс" тақырыбы бойынша құрастырудың қағаз жұмысы "Оригами" және конструктормен жұмыс түрлерін көрсетті.
№2 педагогикалық кеңес
№2 педагогикалық кеңес
11-12-2018 17:54
Біздің балабақшада "Мектепке дейінгі баланың конструктивтік қызметін дамыту үшін жағдайлар жасау" тақырыбына педагогикалық кеңес өтті. Педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының өзектілігін талқылады. Педагогикалық кеңес іскер ойыны түрінде өтті.
Тәрбие сағаты
Тәрбие сағаты "Елін сүйген Елбасы"
29-11-2018 15:19
29 қараша күні №29 сәбилер бақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Елін сүйген Елбасы» тақырыбына тәрбие сағаты өтті. Қазақ тілі мұғалімдері Г.Б. Алимканова және А.Е. Акболина Тұңғыш Президенттің өмір баянымен таныстырып, еліміз үшін атқарған адал еңбегі туралы әңгімелеп берді. Балалар туған елі туралы өлеңдер мен тақпақтарын айтты.
"Отбасы бақыты "атты балалар ата-аналар клубының отырысы
27-11-2018 08:35
Балабақшада "Отбасы бақыты "атты ата-аналар клубының отырысы өтті. Ол Е. Ф. Негруцак пен 2 кіші " Г "тобының тәрбиешісі А. А. Федорованың жетекшілігімен өтті.
Педагог-психолог Е.Ф.Негруцак өткізген шебер-класс
Педагог-психолог Е.Ф.Негруцак өткізген шебер-класс
16-11-2018 14:09
17 қараша күні балабақшаның педагог-психологі Е.Ф.Негруцак Павлодар қаласының педагог-психологтарына арналған "Мектеп дейінгі ересек жастағы балалардың шығармашылық қиялдарын дамыту" тақырыбына шебер-класс өткізді.
"Фиксиктердің зертханасында" тәжірибелік зерттеу жұмыстары
16-11-2018 10:01
Біздің балабақшада педагогикалық қызметкерлердің аттестациясы аясында ашық сабақтар өтті. А.А.Федорова ортаңғы топ балаларымен "Фиксиктердің зертханасында" тәжірибелік зерттеу жұмыстарын өткізді.
Аттестация аясындағы ашық сабақтар
Аттестация аясындағы ашық сабақтар
16-11-2018 09:42
Біздің балабақшада педагогикалық аттестация аясында қалалық бақшалардың педагогтарына арнайы ашық сабақтар өтті. Тәрбиеші Ш.Т.Джартыбаева 2 кіші жастағы топ балаларымен "Машаға қонаққа барамыз" тақырыбына сабақ көрсетті. Педагог балалардың қызығушылықтарын дидактикалық ойындар мен тапсырмалар арқылы арттыруға тырысты.
Аттестация аясындағы ашық сабақтар
Аттестация аясындағы ашық сабақтар
15-11-2018 17:25
Біздің балабақшада аттестация аясында қалалық балабақшалардың педагогтарына арнайы ашық сабақтар өтті. Қазақ тілі мұғалімі Г.Б.Алимканова орыс тілінде оқытылатын ересек «Б» тобымен «Ойыншықтар еліне саяхат» атты ашық сабақ өткізді.Өз жұмысындағы қолданатын Синквейн әдісі, мнемотехнологияның "Жанданған суреттер" әдістерін көрсетуге тырысты.
"Күзгі қиялдар" атты жасанды заттар көрмесі
13-11-2018 11:32
Біздің балабақшада "Күзгі қиялдар" атты жасанды заттар көрмесі ұйымдастырылды. Балалармен ата-анармен бірлесіп көкөністер мен жемістер, жапырақтардан әр-түрлі заттар жасап әкелді. Көрме балалар мен балабақша қонақтарын қуантты.
"Алтын күз" ойын-сауықтары
08-11-2018 08:35
Біздің балабақшада барлық жастағы топтарға арналған "Алтын күз" атты ойын-сауықтары өтті. Балалар күз туралы өлеңдер мен тақпақтар айтты. "Күз" және басқа кейіпкерлері балалармен ойындар ойнап көнілдерін көтерді.
"Орман алаңында" атты спорттық ойындар
01-11-2018 14:33
Бүгін біздің балабақшада 2 кіші топтар арасында "Орман алаңында" атты спорттық ойындар өтті. Біздің сәбилер қызығушылықпен көңілді ойындарды ойнады. Балалар ойын-сауықтан керемет әсер алды.
Қалалық балабақшалар арасындағы
Қалалық балабақшалар арасындағы "Дені сау отбасы - дені сау ел" жарыстар
18-10-2018 14:43
11 қазан күні 44 балабақшада "Дені сау отбасы- дені сау ел" атты қалалық балабақшалар арасында спорттық жарыстар өтті. Бұл сайысқа біздің балабақшамыздың атынан Табашевтар отбасы қатысты. Дене шынықтыру нұсқаушысы А.Р.Имангалиева мен Табашевтар отбасын белсенді қатысқаны үшін Алғыс хатымен марапаттады.
Балабақша тәрбиешісі Федорова Анастасия Анатольевна 718 бағдарламасына Елбасының халқына жолдауы туралы сұхбат берді.
Балабақша тәрбиешісі Федорова Анастасия Анатольевна 718 бағдарламасына Елбасының халқына жолдауы туралы сұхбат берді.
18-10-2018 11:32
Балабақша тәрбиешісі Федорова Анастасия Анатольевна Ертіс телеканалы 718 бағдарламасына Елбасының халқына жолдауы туралы сұхбатында "Елбасымыздың көреген ақылдығының арқасында біз осындай бақытты тату-тәтті мемлекетте өмір сүріп жатырмыз"- деп, ой-пікірін білдірді.
Мұғалімдер күні
Мұғалімдер күні
18-10-2018 11:28
Біздің балабақшаның педагогтары "Мұғалімдер күніне" арналған қалалық концертке қатысты. Мерекелік іс-шара мұғалімдер мен оқушыларға көп жағымды, ұмытылмас эмоциялар сыйлады.
V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылары
V халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылары
18-10-2018 10:26
Біздің балабақшамыздың педагогтары Рысай О.А., Терёшкина А.Г., Негруцак Е.Ф., Федорова А.А., Астана қаласында өткен V халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына қатысты.