Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23 8775 456 82 92
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сәрсенбі - сағ. 15.00-17.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Все
"Мықтылық мұратсыз келмейді"
12-04-2017 03:25
№19 мктептің 9 сынып оқушысы Абдыханова Аружан тоғызқұмалақтан ҚР чемпионатына қатысып жүлделі ІІ орынға ие болды. Аружанды осы жеңісімен құттықтаймыз!Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда демекші Аружанға биіктерді бағындыра бер дегіміз келеді...
"Жас Star"KZ
11-04-2017 03:55
Астана қаласында өткен "Жас Star"KZ халықаралық ән байқауында №19 мектептің 4 сынып оқушысы Манап Гулдана жүлделі І орынды жеңіп алды.Құттықтаймыз!
"Ақ ладья"
11-04-2017 03:36
Павлодар қаласында шахматтан "Ақ ладья" турнирі өтті. Осы додада №19 мектептің шахмат командасы жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
"PSU VOICE" ПМУ-і ректорының грант иегері аталуына арналған І облыстық фестиваль-сайысы
11-04-2017 03:16
11 сынып оқушылары арасында "PSU VOICE" ПМУ-і ректорының грант иегері аталуына арналған І облыстық фестиваль-сайысында жүлделі І орын дипломымен №19 метептің 11 сынып оқушысы Жакен Айжарқын марапатталды. Құттықтаймыз!
"Қазақстан Республикасының чемпионаты"
10-04-2017 01:51
10-17 наурыз аралығында Астана қаласында шахматтан Қазақстан чемпионаты өтті. 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы додада №19 мектептің 10 сынып оқушысы Сүлейменов Алишер ІІІ орынды қанжығасына майлады. Құттықтаймыз!
"Бейіндік оқытуды ұйымдастыру"
10-04-2017 01:40
Бейіндік оқыту дегеніміз кәсіптік білім беру бағдарламаларын игеруге дайындау, олардың кәсіптік бағдарлары үшін жағдай жасау, оқушылардың арнаулы бейімділігі мен қызығушылығын, танымдық қабілетін ескеруге бағытталған білім беру процесінің құрылымы мен мазмұнын ұйымдастыру түрі, жоғары сыныптағылардың оқуын даралау мен саралап жіктеудің педагогикалық жүйесі. Бейіндік оқытуды ұйымдастырудың басты мақсаты мектептерге оқушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауға арналған құзіреттілігін қалыптастыру және і
"Асыл тастан,ақыл жастан"
04-04-2017 05:13
2016-2017 оқу жылындағы бастауыш сыныптар арасындағы зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобаларының ХІІІ қалалық сайысында жүлделі І орынға ие болған №19 мектептің 1 сынып оқушысы Әлімжан Бақытбайды құттықтаймыз!
"Наурызға арнау"
03-04-2017 05:45
31 наурызда мектебіміздің технология мұғалімі Займолда Күлжазираның жеке шығармашылық көрмесі өтті. "Наурызға арнау" атты шығармашылық көрме облсытық деңгейде атап өтілді. Оқушылармен бірге жасаған ұлттық бұйымдар,картиналар,халыққа көрсетіліп таныстырылды"Өрлеу" павлодар облысы мұғалімдердің біліктілігін арттыру институнының қабырғасында өткен көрмеге облыс мұғалімдері ,қала тұрғындары қатысып ризашылықтарын білдірді.
Информатика пәнінен өткен облыстық олимпиада
01-04-2017 05:22
Наурыз айының 31 жұлдызында №19 орта мектепте оқушылар арасындағы облыстық информатикадан олимпиада өтті. 6-9 сыныптар арасында өткен программалау бойынша облыстық олимпиаданың "Шығармашыл оқушы" номинациясын мектебіміздің 9 сынып оқушысы МҰҚАН БАЙҚАДАМ жеңіп алды. Құттықтаймыз
Құттықтаймыз!
01-04-2017 02:28
Мұғалімдердің ХІІІ облыстық пән олимпиадасында тарих пәнінен ІІІ орын алған №19 мектептің мұғалімі Байдолда Маратты құттықтаймыз!
«Бөлінген көшбасшылық-мұғалімнің кәсіби дамуының негізі»
30-03-2017 05:31
№19 мектепте кезекті педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты – мұғалімдердің мектеп қызметін жетілдіруге және оны жаңа сапалы жағдайға көшіруге бағыттау Міндеттері: - мұғалімдер дайындығының ғылыми-теоретикалық және әдістемелік деңгейін көтеру; - бүкіл ұжымды оқу-тәрбие үдерісін ары қарай жетілдіруге жұмылдыру; - ОТМ ұйымдастыру, айқындау, жалпылау және тарату; - Алқалы шешім шығару және оны біртұтас ұжымдық қалыптасқан пікір мен мектептің барлық мұғалімдерінің бірлескен іс-қимылының негізінде
Жігіт болсаң батыр бол, жау жеңгендей жапырып.
20-03-2017 05:59
Қазақстан республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметі 2033 әскери бөлімінің мәдени шараларына белсене қатысқаны үшін және Наурыз мейрамын мерекелеуге байланысты №19 мектептің оқушыларына а...
"Жақсы сөз-жарым ырыс"
17-03-2017 04:20
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамын құру 1989-1991 жылдардағы ұлттық қайта жаңғыру, «демократиялық толқын» кезеңіне дөп келді. Біздің облыста қоғамның бастауыш ұйымдарын құру ісіне жоғары оқу орындарының ғалым-ұстаздары, жергілікті ақын-жазушылар, журналистер белсене араласты. Бүгінгі күннің межесінен зер салғанда, қоғам құрылған алғашқы жылдары тау қопарарлықтай қарқынмен телегей теңіз іс тындырды. №19 мектепте қонақта болған "Қазақ тілі" қоғамының өкілдері мектептің тыныс тіршілігімен танысып ри
«Ең үздік авторлық бағдарлама - 2017»
14-03-2017 02:23
Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдістемелік кабинеті «Ең үздік авторлық бағдарлама - 2017» республикалық конкурсының қалалық кезеңін өткізді. Конкурстың мақсаты - педагогикалық кәсібилігінің беделін арттыру, инновациялық-педагогикалық қызметін дамыту, кәсібилік шеберліктерінің өсуіне қолдау жасау. «Ең үздік авторлық бағдарлама - 2017» конкурсына Павлодар қаласының 1 мектептен тыс мекемесінен және 34 мектептен 125 мұғалімнің 106 жұмысы ұсынылды. Конкурсқа қазақ тілі мен әдебиеті, орыс т
"Өз тілің – бірлік үшін, Өзге тіл – тірлік үшін"
11-03-2017 06:35
Үш тіл тұғыры бағдарламасының аясында, №19 мектепте РФ Қазан федералды институтының студенттері мен оқытушылары қонақта болды. Мектеп тарихымен танысып, ашық сабақтарға қатысып, дөңгелек стөлде тәжірибе алмасты. ҚР білім беру жүйесіндегі оң өзгерістерге таңғалыстарын білдірді.
"ХХІ ғасыр көшбасшысы"
11-03-2017 06:05
№19 мектептің "Болашақ " командасы ПМУ-нің "Foundation" факультеті ұйымдастырған ХХІ ғасырдың көшбасшысы зияткерлік сайысында жүлделі бірінші орынға ие болды. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
Бауырмалдық — адам бойындағы туысқандық, ағайыншылық қарым-қатынасқа адалдықты білдіретін ұғым.
10-03-2017 09:24
№19 жалпы білім беретін орта мектепте ПМУ -де дайындық курстарында оқып жүрген қандастарымызбен мектеп оқушылары арасында кездесу өтті. Шағын концерттік бағдарлама, мұражайдағы таныстырылым және спорт...