Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай өткен іс шара
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Павлодар қаласының "№85 сәбилер бақшасы" МҚКК таңертеңгіліктер өткізілді. Іс шарада бүлдіршіндер қазақтың ұлттық киімдерін киіп, ән салып, би билеп, Қазақстан туралы тақпақтарын айтты. Аталған іс шаралар балалардың өз Отандарын сүюге, еліміздің патриоты болуға тәрбиелейді.
