"Екі жұлдыз"
№85 бала бақшасында Пилоттық жоба аясында қазақ тілінде "Екі жұлдыз" байқауы өткізілді. Бұл жарыста балалар ата-анасымен бірге өнер көрсетті. Байқаудың мақсаты - қазақ тілін тереңдетіп оқыту. Байқауға қатысушылар қазақ тілінде сөйледі, балалар өлең оқып, қазақ тілінде ән шырқады. Олар «Бауырсақ» ертегісін көрсетті, сұрақтарға жауап берді. Байқау барысында балалар мен олардың ата-аналары қазақ тілін күнделікті қолданыста қолданатындықтарын көрсетті.
