122 мектепке дейінгі гиназиямыздың қабырғасында "Қамшы ілу" салт-дәстүрі турал көрніс қойылды.
Қамшы – қазақтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінде өзіндік алар орны бар қасиетті құралдың бірі. Қарапайым тұрмыста қамшыға байланысты жиі қолданылатын сөз тіркестері де соның дәлелі іспеттес. Мәселен, қамшы тастау (яғни, сөз сұрау), қамшы болды (жақсы мағынасында, әсер етті, себеп болды) деген сөздер жиі кездеседі. Сонымен қатар, өмірдің өзін «қамшының сабындай қысқа» деген тіркеспен дөп басып теңей білген. Мұның барлығы халқымыздың қамшыға деген құрметін білдірсе керек.
Қамшы ілу дәстүрі – құдалық, құда түсу жолында жасалатын таза қазақи ұғымды көрсететін жоралғылардың бірі.
Қамшы ілу дәстүрінің түп-төркініне назар аударар болсақ, қазақ халқы қашан да құдаларының текті, ауқатты әулеттен болғанын қалаған. Сол үшін қамшы ілуге бармас бұрын ағайын-туыс пен ауылдастарының кеңесіне құлақ асқанды дұрыс көрген. Ал әрбір істің астарынан мән-мағына іздейтін халқымыз үшін осынау тілектің төркіні бір ғана қамшыда жасырылғандығы асқан көрегендіктің белгісі емес пе?!
Қамшы ілу