Тәуелсіз елдің тәлімгерлері мен заманауи жас маман
Қараша айының 17 жұлдызында, #8 балабақшада Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай “Тәуелсіз елдің тәлімгерлері мен заманауи жас маман” байқауы өтті. Байқау 5 кезеңнен тұрды. Әр кезең өзіндік ерекше, тәуелсіздігіміздің тұғырын асқақтатып, тәрбиешілердің біліктілігін көрсететін сайыс болды. Байқауға қаламыздан 6 балабақша қатысты, соның ішінен біздің #122 мектекпке дейінгі гимназиямыз “Бас жүлдеге” ие болды. Тәлімгер Асаинова Аяужан және жас маман Касенова Лаураны, және де белсене қатысқан ұжымымызды жеңістерімен құттықтаймыз!