Облыстың балабақшалары мен шағын орталықтарының тәрбиешілері бізде қонақта!
Бүгін "Мектепке дейінгі мекемеде тілді дамыту ортасын қалыптастыру" тақырыбында қазақ тілінде оқытатын балабақшалар мен шағын орталықтардың тәрбиешілеріне арналған облыстық семинар өтті. Семинар аясында шебер кластар берілді және ізденіс алаңындағы балалармен жұмыстардың үзінділері көрсетілді. Балалардың тілін дамытуға бағытталған технологиялардың тұсаукесері өтті.